2.Ойлау туралы ұғым, түрлері, тәсілдері, формалары
Ойлау – заттар мен құбылстардың байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Түрлері: теориялық, көрнекі-бейнелік, логикалық ойлау, т.б.
Көрнекі–бейнелік (бейнелік) ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. Психологияда сонымен қатар дербес түр ретінде бейнелік (немесе көрнекі-бейнелік) ойлау бөліктеніп тұрады. Н.Н. Поддъяков пен оның қызметкерлерінің зерттеулерінде мектепке дейінгі жастағы балаға белгілі бір формалы жайпақ фигураны ұсынған, мысалы фанерден кесіліп жасалған қазды. Одан кейін фигура фанерлік дискімен жабылады, сөйтіп оның тек басы мен мойыны ғана көрініп тұрады. Содан кейін фигураны бастапқы жағдайынан басқа бір бұрышқа бұрады да, балаға қаздың басы мен мойынының орналасуы бойынша оның құйрығы қай жерде екендігін анықтауды тапсырады
Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдарды пайдалану негізінде заңдар мен ережелерді танып–білуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |