Тобы: Бк-315 Күні



Дата07.02.2022
өлшемі16,61 Kb.
#97294
түріСабақ
Байланысты:
jjj, jjj, jjj, jjj, jjj, jjj, jjj, jjj, Бәрін білгім келеді, 50122890, 50122890

Сабақтың тақырыбы: Азаматтыққұқығының ұғымы
Тобы:Бк-315
Күні: 25.11.2020ж
Орындаған: Ибраева Алина


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

  1. ҚР Азаматтық құқықтың қайнар көздерін атаңыз?

  2. Азаматтық құқықтың негізгі қайнар көзін атаңыз?

  3. ҚР Азаматтық құқық неше бөлімнен тұрады, және оны атаңыз?

  4. Жеке тұлға дегеніміз не?

  5. Заңда тұлға дегеніміз не?

  6. Сіз қандай құқықтарға ие бола аласыз?

  7. Сіздің азамат ретінде, студент ретінде және болашақ педагог ретінде қандай міндеттерге ие бола аласыз?

  8. Азаматтық құқықтық қатынастар қандай нормативтік құқықтық актімен реттеледі?



Жауабы:



  1. Азаматтық құқық — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.
6-бапта:

  1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,

  2. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

  3. Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.

  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет