Дискі қозғағыштар
CD – ROM
1994 – 1995 жылдардан бастап 5.25 дюймдік дискілердің орнына CD – ROM (Compact Disc Read Only Memory) компакт – дискідегі тұрақты еске сақтау құралы қолданыла бастады. ДЭЕМ көптеген көлемді бағдарламалар CD – ROM компакт дискілеріне жазылады.
CD-ROM дискілерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әр түрлі болады, мысалы жәй жылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенген т.с.с жылдамдықта бола береді. Соңғы кездегі шыққан компакт дискілер қатты магниті дискімен бірдей жылдамдықта жұмыс атқарады.
Қарапайым компакт дискінің көлемі 650 Мб, бұдан тек мәлімет оқуға болады, ал жазуға болмайды.
Қазіргі кезде компакт дискілерде өте сапалы фотосуреттер, фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады. Әр түрлі дыбыстық эффектілер, музыкамен безендірілген ойындар, компьютердің энциклопедиясын үйренуге арналған әртүрлі бағдарламалардың барлығы CD – дискілерінде болады. Бұл құралдың жұмыс істеу принципі – диск бетінен лазерлік сәулелер көмегімен сан түрлі деректерді оқуға негізделген. Компакт – дискіге сандық деректерді жазу, магниттік дискіге жазудан жоғары жиілігі мен сыйымдылығының үлкендігі арқылы ерекшеленеді. Стандартты CD – ROM дискісінде 650 Мб ақпарат сақталады. Мультимедиялық деректердің (графика, музыка, бейне) көлемдері өте үлкен болатындықтан CD–ROM мультимедиялық аппараттар қатарына жатады. Лазерлік дискідегі бағдарламалық жабдықтар – мультимедиялық шығарылымдар деп аталады. Қазіргі кезде CD – ROM-да кітаптар, альбомдар энциклопедиялар және электрондық журналдар шығарылады. CD–ROM-ның жазу мүмкіндігі жоқ. Ол үшін жазу құралы CD – R (Compact Disk Recorder) және көп қайталап жазу құралы CD–RW қолданылады.
CD–ROM дискіқозғағышының негізгі параметрі деректерді оқу жылдамдығы болып табылады. Ол алғашқыларында 150 Кб/с, екі еселенген 300 Кб/с төрт еселенген – 600 Кб/с. Қазіргі кезде өнімділігі 32 х – 50 х CD–ROM-дар шығарылуда. Жазу құралдарына бір реткі жазу үшін 4х–8х көп қайталап жазу үшін 4 х өнімділіктегі CD қолданылады.
Контроллер мен диск арасындағы мәліметтер алмасуды диск контроллерінің интерфейсі немесе диск интерфейсі деп атайды.
Қазіргі кезде IDE, SCSI интерфейстері қолданылады. IDE интерфейсінің көптеген түрлері: кәдімгі IDE, EIDE, ATA –3, UetraDMA –33 UetraDMA- 66 IDE интерфейсін АТА деп те атайды. Онда диск тікелей жүйелік тақшадағы ұяшыққа жалғастырылады.
Қазіргі винчестерлердің жұмысы жүйелік чипсеттердегі интерфейстерге және артқы шиналардың өткізгіштік қабілетіне байланысты.
50-жылдамдықтағы CD-ROM дискінің айналу жылдамдығы 104000 айналым /мин-ге, ал деректерді беру 1200 Кб/с жетеді. Жоғары жылдамдықта оқу қажеттілігі пайда болғандықтан CD- ROM дискіқозғағыштарында автоматты түрде жылдамдықты азайту мүмкіндігі қолданылады.
CD-R дискіқозғағыштары. Қазіргі кезде компакт дискілерге жазуға арналған арнайы дискіқозғағыштары шығарылады. Оны компьютерге қосу CD-ROM дискіқозғағышына сәйкес орындалады. Ақпарат жазу үшін арнайы таза компакт – диск қолданылады, оны СD- R деп атайды. Дискіге жазу арнайы бағдарламалар көмегімен орындалады. CD–R дискісіне деректер жазу лазер сәулесінің көмегімен орындалады. CD-R диск қозғағыштарындағы компакт дискіде ақпарат жазуда үш режимді ескеру керек: бір сеанысты, көпсеансты және инкреметтік бір сеансты режимде бір-ақ рет орындалады; ал көпсеанстыда жазу бірнеше сеанста орындалып, ақпарат жеке томдар түрінде жазылады. Инкреметтік режимде деректердің бір бөлігін жазып тоқтатуға, онан соң оны жалғастыруға болады. CD- R дискілерін кез–келген CD-ROM-дарда оқуға болады. CD- R дискісінде ақпаратты бір-ақ рет жазып сақтауға болады, оны қайтадан өшіруге және жазуға болмайды.
CD-RW дискіқозғағыштары. CD-RW дискіқозғағыштары CD-RW компакт дискілеріне ақпараттарды жазуға мүмкіндік береді. Олар CD – E ( CD –Erasable - өшірілетін CD ) және CD- RW( CD – Rewritable қайта жазуға болатын CD) болып бөлінеді де, көп рет жазуға және қайтадан өшіруге мүмкіндік береді. CD-RW дискінің сыйымдылығы 650 Мбайт. Дискіқозғағыштары IDE/ATAPI және SCCI интерфейстеріне арналып жасалынады. Олар деректерді 2Х жылдамдықпен жазып, 4Х- 6Х жылдамдықтарда оқи алады. CD-RW дискілері жаңа әмбебап CD- ROM-дарда ғана қолданылады.
CD- R дискі қозғағыштары.
Қазіргі кезде компакті дискілерге жазуға арналған арнайы диск қозғағыштары шығарылады. Оны компьютерге қосу CD - ROM диск қозғағышына сәйкес орындалады. Информация жазу үшін арнайы таза компакт – диск қолданылады, оны СD- R деп айтады. Дискіге жазу арнайы бағдарламалар көмегімен орындалады. CD –R дискісіне деректер жазу лазер сәулесінің көмегімен іске асады. CD- R диск қозғағыштарындағы компакт дискіге информация жазуда үш режимді ескеру керек: бір сеансты, көпсеансты және инкреметтік. Бір сеансты режимде бүкіл дискіге бірақ рет орындалады; ал көпсеанста жазу бірнеше сеанста орындалып информация жеке томдар түрінде жазылады. Инкреметтік режимде деректердің бір бөлігін жазып тоқтауға, онан соң оны жалғастыруға болады. CD- R дискілерін кез –келген CD- ROM – дарда оқуға болады. CD- R дискісіне информацияны бірақ рет жазып сақтауға, ал оған қайтадан өшіруге және қайта жазуға болмайды.
CD- RW диск қозғағыштары.
CD-RW дискіқозғағыштары CD- RW компакті дискілеріне информацияларды жазуға мүмкіндік береді. Олар CD – E ( CD –Erasable - өшірілетін CD ) және CD- RW( CD – Rewritable қайта жазуға болатын CD) болып бөлінеді де онда көптеген рет жазуға және қайтадан өшіруге болады. CD- RW дискісінің сыйымдылығы 650 Мбайт. Диск қозғағыштары IDE / ATAPI және SCCI интерфейстеріне арналып жасалынады. Олар деректерді 2Х жылдамдықпен жазып, 4Х- 6Х жылдамдықтарда оқи алады. CD- RW дискілері жаңа әмбебап CD- ROM – дарда ғана қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |