Сабақ жоспары «Пайыздар» тарауы



Дата25.08.2017
өлшемі74,13 Kb.
#26798
түріСабақ
Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Сүттіқұдық ауылы

№52 Б Аралбаев атындағы орта мектебінің

математика пәні мұғалімі: Өмірбек Н


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

«Пайыздар» тарауы

«Пайыздар» бөлімі

Сабақ 1


Сабақтың тақырыбы:

Пайыздар


Мектеп:№52 Б.Аралбаев атындағы орта мектеп


күні

Мұғалімнің аты жөні Нағима Өмірбек Медетбекқызы

Сынып 5

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың оқыту мақсаттары

5.1.1.16 пайыз ұғымын меңгеру;

5.1.2.33 бөлшекті пайызға және пайзды бөлшекке айналдыру



Ойлау деңгейлері

Білу,түсіну, қолдану

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың бәрі: Оқушылар ондық бөлшекті жәй бөлшекке , жәй бөлшекті ондық бөлшекке айналдырады, пайыз белгісін біледі, өндірісте межеленген жоспардың орындалуы, заттың бағасының (өсуі) кемуі, оқушылардың үлгерімі т.б. шамалардың өзгеруі пайыз түрінде берілетінін біледі

Оқушылардың басым бөлігі : «пайыз» сөзінің орнына % белгіні жазатынын,сандарды пайыз түрінде жазу және оқуды , берілген санның 1% ын табуды,санның  бөлігін біледі,есептеулерде пайыздың бөлшекпен немесе натурал санмен жазылуын қолданады.


Кейбір оқушылар: пайыз табуга берілен тапсырмаларды орындайды және берілген тақырып бойынша логикалық есептерді шығара алады

Бағалау критерийі

-пайызды жәй немесе ондық бөлшекпен жазады.

-бөлшекті пайызға айналдырады.

-берілген санның пайызын, пайыз бойынша санды табады.


Тілдік мақсаттар

Пайыз ұғымының өндірістік қолданысын біледі, бөлік, ондық бөлшек, жәй бөлшекті біледі, өнімдік көрсеткіш ретінде қолданылысы жайлы түсінігі кеңейеді




Құндылықтарды бағалау

Экономикалық өсу,өңірлік және бәсекеге қабілеттіліке баулу, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, бейнелеу өнері пәндерімен мазмұны арқылы байланысады. 2 –тарау. Жердің пішіні өлшемі мен қозғалысы. Гидросфера .

Алдыңғы білім

Пропорция құруда алған білімдерін қолданады

Сабақтың жоспарланған негізі

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


2 мин

3 мин


1. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.



«Гүл» деп аталатын релаксациялық жаттығуын орындайды. (орта дауыспен оқимын)

-Ыңғайланып отырып алыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, басыңыз бен қолыңызды төмен түсіріңіз. Өзіңізді гүлдің дәні деп есептеңіз. Міне, күннің жылы шуағы жер бетіне түсіп, қыздыра бастады. Гүлдің тұқымынан өскін пайда болды. Өскіннен әдемі гүл өсіп шықты. Басыңызды ақырындап жоғары көтеріңіз, орныңыздан жайлап тұрыңыз, екі қолыңызды тербелісте жоғары көтеріңіз де жайлап күнге қарай қозғалыңыз, иегіңізді көтеріп күнге қарап күлімдеңіз, басыңызды оңға-солға бұрыңыз. Кеуде кере еркін дем алыңыз, қолдарыңызды жайлап төмен түсіріңіз де көзіңізді ашып, орныңызға отырыңыз.

Бір-екі оқушыға сұрақ қойылады


Жайлы әуен



Сабақтың ортасы

35 мин


7 мин

10 мин


3 мин

5 мин

7 мин


2. Жаңа тақырыппен танысу

Пайыз- толық санның жүзден бір бөлігі. Пайызды пайдаланып шама мәнінің өсуін анықтауға және тұтас шаманың бөліктерін өзара салыстыруға болады. Пайыз латын тілінің « pro centum» сөзінен шыққан. «cento» жүз дегенді білдіреді, яғни жүзден бір бөлік деген сөз. Бөлшекті немесе натурал санды пайызбен жазу үшін, оны 100-ге көбейтіп, пайыз белгісін (%) тіркеп жазамыз.



3. Тірек білімді өзектендіру

1. Берілген санның пайызын, пайыз бойынша санды қалай табуға болады?

2. Бір санды берілген санның пайыздық мөлшері бойынша қалай өрнектеуге болады?

3. Ауызша есептеу №1085. №1086



4. Жеке жұмыс

№1087 (2), №1088 (3-4)

Қалыптастырушы бағалау

4. Топпен жұмыс №1097, №1101, №1103

« Математикалық үйірме» әдісі.

Топ мүшелері рөлдерді (баяндаушы, сұрақ құрастырушы, сілтеме табушы, түсіндіруші, дәнекер) өзара анықтап алады.

Әр топтың баяндамашысы өз бақылау нәтижелерімен таныстырады
Кері байланыс орнату.


  • 1) ) Бұл -жақсы жауап

  • 2) Нақтылық жетпейді.Сен мұны бұдан да жақсы жасай аласың


Бғдаршам арқылы бағалау.

5. Жұптық жұмыс №1092, №1094, №1095

Есептердің дайы жауаптарымен өзін-өэі тексеру



6. Жеке жұмыс

№1087 (2), №1088 (3-4)

Қалыптастырушы бағалау


Оқулық

Ғаламтор


Бақылау парағы





5 мин

3 мин


Ширату жаттығулары

Шылым шегетін балалар өз өм ірлерін 15% ға қысқартады. Егер Қазақстанда адамдардың орташа өмір сүру ұзақтылығы 66 жас болса онда шылым шегетін балалардың өмір ұзақтылығы қаншаға қысқарады.



Жауабы: 10 жылға

Əріптестер. Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріңіз. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді

Қол шапалақтау арқылы бағалау.




Сабақтың соңы

5 мин


3+2 мин


Рефлексия

Алтын сандықтың суретін сал. Оқушылар сандықтың суретін дəптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.

Үй тапсырмасы

Дәптерге жазбаша орындау №1090, №1091, №1093, №1096 (оқуылқты қара)



Шығармашылық тапсырма: №1104


Стикерлер, плакаттар

Қосымша мағлұматтар

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушыларды қадағалауды қалай жоспарлаймыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

1..« Математикалық үйірме» әдісі арқылы тапсырма орындай отырып, сынып оқушылары арасында диалог орнайды.
2. «Әріптестер» әдісі арқылы өтілген тақырып қорытындыланады, жаңа сабақ жадыларында бекиді.

3.Сынып оқушыларының басым бөлігіне тақырыпқа сай есеп құрастыру ұсынылса, қабілеті жоғары оқушыларға алған білімдерін кеңейту ұсынылады



1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, бағдаршам бойынша жетістіктерін айқындау.

3. Кері байланыс (ауызша)

4. Дайын үлгі жауап

5. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану





Гүл» релаксациялық жаттығуында қимылмен көрсету.

Денсаулық сақтау технологиясы



Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



« Математикалық үйірме» әдісі арқылы тапсырма орындай отырып, сынып оқушылары арасында диалог орнайды.

2 «Әріптестер» әдісі арқылы арқылы өтілген тақырып қорытындыланады, жаңа сабақ жадыларында бекиді.



Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет