Тәжірибенің мақсаты мен міндеті



Дата25.01.2022
өлшемі17,16 Kb.
#114338
Байланысты:
тәжірибе міндеттері
тәжірибе міндеттері, өндіріс функциялары, реферат, 5 Лекция

ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

Тәжірибенің басты міндеті оқу үрдісінде студенттердің алған теориялық білімдерін бекіту және теория мен тәжірибенің тығыз байланысы арқылы болашақ мамандықтары бойынша іс – тәжірибелік білік болып табылады.



Тәжірибенің өту мақсаты:теориялық білімді бекіту және тереңдету, оқу үдерісінде студенттермен алынған, ұйымдастыруға икемділіктері бар және эмпирикалық зерттеу бөлімін өткізуге, деректерді өндеуге, қорытындыларды талқылау және анализдеу; мемлекеттік емтихандық комиссия алдында дипломдық жұмысты қорғауға студенттерді дайындау.

Тәжірибенің міндеттері:

· теориялық білімді жетілдіру және бекіту, зерттеу жұмысының нәтижелерін тәжірибеде қолдану;

· дипломдық жұмысты орындауға қажетті инструктивтік-әдістемелік материалдарды оқу;

· оқу жылында қарастырылған ғылыми зерттеу материалдарын зерделеу.

· диплом жұмысының аяқталу кезіндегі істерді жүзеге асыру.

 

Тәжірибе жетекшісі мыналарды жүзеге асырады:

- тәжірибеге дейін студент практиканттарға қажетті дайындықты ұйымдастырады;

- тәжірибенің оқу жоспары мен бағдарламасы негізінде кеңес беруді өткізеді;

- практикадан өтуші студенттерге мектеп (ұйым) тарапынан тәжірибеден өтуге қалыпты жағдай жасауын қадағалауды, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқаулықпен және практиканттарды ішкі еңбек тәртібі ержелерімен таныстыруды;

- студенттердің тәжірибе бойынша берген есебін қарап, олардың жасаған жұмысы бойынша сын пікір беруге және кафедра меңгерушісіне тәжірибе қорытындысы бойынша жазбаша есеп бере отырып, кемшілігі мен тәжірибе барысын жетілдіруге орай ұсынысын білдіруге;

- тәжірибе түріне байланысты өтетін қорытынды конференцияға қатысуды.

· Тәжірибе кезінде студенттерге мынандай мүмкіндіктер ұсынылады:

- мектеп ережелерін қатаң сақтауды үйрену;

- орындалатын жұмыс үшін жауапкершілікті өз міндетіне алуға;

- сыныптармен өз бетімен педагогикалық жұмыс жүргізуді үйренуге;

- жұмыс жүргізудің күнтізбелік жоспарын құруды үйренуге.



  • Тәжірибе кезінде студенттер міндетті:Студент орта мектепте тәжірибеден өту кезінде мынадай жұмыс ережелерімен танысуы керек:

- тәжірибе бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толық орындауға, тәжірибе бойынша күнделік жүргізуге;

- тәжірибе өтетін орта мектептің ішкі ережелерін сақтауға;

- өз бетімен жұмыс жасауға үйренуге;

-орындалатын жұмыс үшін жауапкершілік алуға;



- университеттен тәжірибеге жетекшілік еткен оқытушыға жазбаша түрде есеп беруге және орындалған тапсырмаларға мектеп тарапынан басшылық еткен мұғалімнің қолы қойылған тәжірибе күнделігін тапсыруға.

Орта мектепте тәжірибе бағдарламасын орындамаған және теріс пікір алған немесе есеп беру барысында «қанағаттандырылмайды» деген баға алған студент университет ректорының шешімі бойынша университет студенттері қатарынан шығарылады. Орнатылған тәртіп негізінде студенттер қатарына қайтадан қабылдану құқына ие болу сақталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет