Физикалық тексеру:
1. Тартылудың оң симптомы, Тиннель симптомы.
2. Қозғалыстық жəне сезімталдылық бұзулулар.
Лабораторлық зерттеулер: тəн емес.
Инструменталдық зерттеулер: КТ жəне/немесе МРТ.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Рентгенография.
4. Қанның биохимиялық анализі.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Компьютерлік томография жəне/немесе магниттік-резонанстық томография.
2. Терапевт консультациясы.
3. Офтальмолог консультацияы.
4. Травматолог консультациясы.
5. Инфекционист консультациясы.
6. Эндокринолог консультациясы.
7. Нейрохирург консультациясы
Дəрі-дəрмексіз ем: ем спецификалы, ауруды туындатқан себептерге байланысты, жəне зиянды факторлардың əсерін тоқтатудан басталады. Бірақ барлық жағдайда витаминотерапия жүргізіледі, қажет болса, спецификалық емес емді құрайтын массаж, емдік дене шынықтыру мен физиоем.
Дəрі-дəрмектік ем:
Көп жағдайда радикулопатия кезінде, əсіресе омыртқааралық диск жарықтарында, консервативті ем тиіміді: төсек режимі, транквилизаторлар (түнге), тарту. Түбіршектің ауыру кезінде, консервативті терапиямен қатар, стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП) тағайындалады, лорноксикам 8 ден 16 мг/тəулігіне дейін, диклофенак 25 тен 75 мг/тəулігіне дейін.
Жергілікті əсердегі препараттар: диклофенак, хондроксид жəне басқа мазьдер.
Физиотерапиялық емшаралар тиімді, иглорефлексотерапия. Емдік дəрі дəрмектік бөгеттерді кортикостероидтармен жүргізеді. Комбинациялы препараттармен, қабынуға қарсы, ыстықты түсіру жəне ауыруды басатын əсерді туындататын, Амбене (Германия) дайын шприцтері. Əрекет ететін заттар: дексаметозан (глюкокортикостероид) жергілікті қабынуға қарсы, дегидратациялы, анальгетикалық əсер етеді; фенилбутазон (СЕҚҚП); натрий салициламиді (анальгетикалық тиімділік); цианкобаламид (витамин В) нерв функциясына қолайлы əсер көрсетеді: лидокаин жергілікті ауыруды басатын əсерге ие.
Достарыңызбен бөлісу: |