2)2)Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.
418-бап. Тауардың саны
Сатып алушыға берiлуге тиiс тауар саны шартта тиiстi өлшем бiрлiктерiне сәйкес немесе ақшалай түрде көзделедi. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртiбiн шартта белгiлеу жолымен келiсiлуi мүмкiн.