2.Тауартанудың принциптері
2) Тауартанудың принциптері болып:
• қауіпсіздік;
• тиімділік;
• үйлесімділік;
• өзараауыстырушылық;
• жүйелеу.
Қауіпсіздік – негізгі принцип. Бұл адам өміріне, денсаулығына, дүниемүлкіне тауар арқылы нұқсан келтірмеуді көздейді.Сонымен бірге қауіпсіздік тауардың тұтыну қасиеттері бойынша міндеттілердің бірі болып табылады.
Тиімділік – тауарды өндіру, буып – түю, сақтау, өткізу және тұтыну кезінде мейлінше оңтайлы қорытындыға жетуді көздейтін принцип.Бұл принцип ассортиментті қалыптастыру барысында және тауар қозғалысынаның әртүрлі сатыларында тауарлық сапасы мен санын қамтамасыз етуде маңызды орынға ие.
Үйлесімділік – тауарларды топтастырып, біріктіріп қолдануға, ассоритменттерді қалыптастыруға, бір қоймада сақтауда сәйкестілігін(үйлесімділігін) анықтайтын принцип.Тауарлардың үйлесімділігін ассортиментті қалыптастыру барысында,сақтау үшін оларды орналастыру,ораманы таңдау кезінде орын алады.
Өзараауыстырушылық – адам қажеттілігіндегі бір тауардың орнына басқаларын қолдануға мүмкіндігінше сипаттайтын принцип.Тауарлардың өзараауыстырушылығы бәсекені күшейтеді және сол мезетте қажеттілікті әртүрлі тауарлармен қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Жүйелеу-біртікті,өзара байланысты,тауар,процесс немесе қызметтердің тізбектілігін анықтайтын принцип.Обьектілердің көптігіне байланысты жүйелеу тауартануды ерекше орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |