3.Ұйымның банкротқа ұшырауын ықтималдғын талдаукәсіпкерлік тәуекелділікті талдау.
3)Банкроттық нарык шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімімен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының «Банкроттык туралы» 23.02.06. Заңына сәйкес, карызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын және еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялык кызметгі каржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз кұрылымына байланысты ұғымдар кіреді.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылык механизімінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатынын тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
- экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
- инфляцияның аса жоғары деңгейі;
- фирманың құнды кағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
- бәсекелестің жоғары деңгейі және сонын нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.
2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
- жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс төлемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
- өндіріс көлемінің төмендеуі;
- ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
- аяқталмаған жоғары шығындар;
Достарыңызбен бөлісу: |