2.Тауар қорларының түсінігі және оның классификациясы
Тауар қорлары бұл өндіріс сферасынан тұтыну сферасына өту процесіндегі тауар массасының жиынтығы.Тауармен қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі.
Тауар қорлары тауар қозғалысының барлықсатыларында қатысады:өндірістіккәсіпорындарының қоймасында,тасымалдау кезінде,көтерме және бөлшек тауар кәсіпорындар қоймасында.
Сауда кәсіпорындарының тауар қорларының классификациясы:
• орналасу жеріне байланысты(сауда кәсіпорындарында,өндірісте);
• мерзіміне байланысты(кезеңнің бастапқы және соңыңдағы тауар қорлары);
• өлшем бірліктеріне байланысты:абсолютті(құндық және натуралды түрде)және салыстырмалы(тауар айналымының күндері);
• пайдалану мақсатына қарай;
• ағымдық сақтау(сауда кәсіпорындарының күнделікті қажеттілігін қамтамасыз ету үшін);
• маусымдық сақтау(ұсыныс пен сұраныстың маусымдық өзгерістері кезінде сауданың үзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін);
• алдын ала жеткізу(алыс жатқансауда орындарында тауарды жеткізу уақыттары арасында сауданың үзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін);
• мақсатты тауар қорлары(белгілі бір мақсатты шаралар жүзеге асыру үшін);
Достарыңызбен бөлісу: |