6. Сыртқы экономикалық қызметтегі салық салу
6)Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әртүрлі нысандар мен әдістерді кіріктіреді. реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:
сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
салық салу;
инвестициялау;
сыртқы қарыз алу;
сыртқы берешек;
экспортты қаржыландыру.
Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кіріктіреді.
Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке ( сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және басқаларға ) мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.
Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға салықтар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, дүниежүзілік баға, сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, басқа бағалы қағаздар мен төлем қаражаттарының бағамы жатады.