3. Экономикалық талдау мазмұны, пәні, міндеттері
3)Экономикалық Талдаудың негізгі мазмұны:
1. бизнес-жоспарларды ғылыми негіздеу, оларды орындауының
объективті бағалау;
2. қызметі туралы сандық өлшемін, теріс және оңтайлы факторлардыайқындау;
3. алдыңғы тәжірибені жалпылау, оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау;
4. шаруашылық дамудың тенденциялары мен пропорцияларын ашу, ішкірезервтерді анықтау. Экономикалық Талдау пәні- шарушылық қызметтің нәтижелерінің өзгерісі және қалыптасу себептері болып табылады. Бұл себептерді біліп тану экономикалық құбылыстардың мәнін ашуға мүмкіндік береді және осының негізінде қол жеткізген нәтижелерге дұрыс баға берілеуді бағалауға, өндіріс тиімділігінің жоғарлату резервтерін анықтауға, жоспарларды және басқарушылық шешімдерін негіздеуге мүмкіндік береді.
Экономикалық талдаудың басты міндеттеріне келесілер жатады:
1. Резервтерді анықтау және кәсіпорынның тиімділігін жоғарлату үшін оларды пайдалану жолдарын бекіту.
2. Бизнес-жоспарды орындау үшін барлық мүмкіндіктерді тексеру.
3. Еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау.
4. Кәсіпорынның жұмыс қортындысын, оның соңғы нәтижесін бағалау.