2)Универсал вокализмдер
Сөздің бастапқы буынында, ортаңғы буынында да, соңғы буынында да кездесетін вокализмдерді универсал вокализмдер дейміз. Оларға:а,е,ы,і,и,у жатады.
Мысалы: Ырымдарды, адамдарда, ірімшіктерді, ерекшеліктерімен,
25 билет
1. Фонетика, зерттеу ны Адамның қоғамдағы қатынасының ең маңыздысы – тілдік қатынас. Әрбір халықтың өзіндік ерекшелігімен байланысты болатын тілдік қатынас ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша тілдік қатынас сөйлеу арқылы орындалады. Сөйлеу тілдік бірліктерге сүйенеді. Тілдік бірліктердің ең кішісі және негізгісі – фонемалар.
Тіл білімінің бір саласы болып табылатын фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Тіл дыбыстары – күрделі құбылыс. Дыбыс – сөйлеу мүшелерінің белгілі бір аралысымы (комбинациясы) қарқылы жасалады. Дыбыстардың тіркеуі тілде қалыптасқан белгілі бір заңдылықтарға негізделеді.
Фонетиканың зерттеу нысандары: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуы, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері, дыбыстардың өзара іштей жіктелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуі, қатар келген дыбыстардың бір-біріне әсер етуі, буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың арақатынасы, дұрыс сөйлеу, сауатты жазудың принципте Зерттеу, сипаттау тәсілдеріне қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы болып бөлінеді.
Сипаттамалы фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін өзі өмір сүріп тұрған уақыт тұрғысынан қарастырады. Сипаттамалы фонетиканың негізгі тұжырымдары 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында баяндалған.
Тарихи фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. «Дыбыстардың даму заңдылықтарын, дыбыстық жүйедегі өзгерістер, буын, екпін, үндесу заңдылықтары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары арқылы айқындалады, - деп, М.Томанов атап көрсетті.
Салыстырмалы фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін туыстығы жоқ, құрылымы әр түрлі басқа тілдермен салыстыра зерттейді.
Қазақ тілі мен орыс тілінің, қазақ тілі араб тілінің байланыстылығын тіл дыбыстары деңгейінде зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін анықтау салғастырмалы фонетиканың міндетіне жатады.
2. Жартылай регрессивті ассимиляция
Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивті ассимиляция дейміз.
Орфоэпияда кездесетін регрессивті ассимиляция жартылай регрессивті ассимиляция дейміз.Егер сөз н үнді дыбысына аяқталса қосымша ұяңнан не қатаңнан басталса н-ң айналады Мысалы:күн+ге күңге деп естіледі.
Алдынғы морфема з ұяңнан бітіп кейінгі морфема қатаң с дыбысынан басталса онда з дыбысына алмасады.Мысалы: көзсіз -көссіз деп естіледі.
http://emirsaba.org
Достарыңызбен бөлісу: |