№ 4 билет
1.Сіреспенің этиологиясы, эпидемиологиясы.
Анықтама: Clostridium tetani қоздырғышымен тудыратын жарақаттық инфекциялар тобына жататын контагиозды емес зооантропоноз, қондырмалы мотонейрондардың нейротоксинмен зақымдалуының әсерінен қанқа бұлшық еттерінің клоникалық және тоникалық тырысуымен сипатталады.
Этиологиясы.Қоздырғышы – Clostridium tetani, Clostridium туыстығына, Bacillaceae тұқымдастығына жатады, облигатты анаэроб. Қоздырғыштың пішіні ірі, жіңішке таяқшалы және жан-жағы домалақтанған болады. Ұзындығы 4-8 мкм, ені 0,3-0,8 мкм. Микроб дөңгелек терминалді орналасқан, барабан таяқшасы сияқты. Clostridium tetani - дің 20-шақты талшықтары болады және олардың көмегімен қозғалғыш келеді. Ол барлық анилин бояуларымен жақсы боялатын Грам «оң» таяқша.Бактерияның 10 серовары бар.Микроб спора түзеді. Олар сыртқы ортаның физикалық және химиялық әсеріне төзімді болады. Топырақта, нәжісте, әр түрлі заттарда олар жылдар бойы сақталуы мүмкін. Темпретатура 37°, ылғал анэробты жағдайда, споралар вегетатитвті түріне айналып экзотоксин түзеді.
Сіреспе қоздырғышының экзотоксиндері :тетаноспазмин – нейротоксин
-тетаногемолизин – эритроциттердің ыдырауна қатысады
-протеин – ацетилхолиннің түзілуін күшейтетін
Токсиннің үлы қасиеті өте жоғары, тек қана ботулотоксиннен төмен.
Токсиннің сілтілі ортада, күн сәулесінде, қыздырғанда, белсенділігі тез төмендейді, жойылады. Асқорыту жолдарының ферменттері токсинді жоя алмайды, бірақ токсин ішектің шырышты қабырғасы арқылы өте алмайды. Сондықтан, токсин ауыз арқылы түскенде қауіпсіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |