Эпидемиологиясы.Эпид.процесстің 1 звеносы - аурудың көзі – шөппен қоректенетін жануарлар, топырақ.. Clostridium tetani табиғатта кең таралған. Ол шөппен қоректенетін жануарлардың және 5-40% адамдардың ішегінде тұрақты мекендеуші болады. Нәжіс арқылы топыраққа түсіп, онда споралық түріне аусады.Ауру адам ауру көзі болып саналмайды.Эпид.процесстің 2 звеносы – жұқтыру жолдары – контакілі - жарақаттанған тері, шырышты қабат арқылы.Сіреспе таяқшаларының көбеюі жоғары ылғалды жерлерде, ауылшаруашылығы жақсы дамыған оңтүстік аудандарда жүреді. Ауру жарақат алумен байланысты болады. Споралар топырақтан адамның киіміне түсіп, одан теріге еніп аздаған жарақат болғанда ауру дамиды. Әсіресе, ауру басталуының негізгі себебі, аяқтардағы микротравмалар -62-65% жағдайда болып табылады, яғни жалаң аяқ жүргенде. Сондықтан сіреспені «жалаң аяқ ауруы» деп атайды. Сонымен қатар күйікте, үсікте, босану кезінде, асептика ережелерін сақтамағанда, үйде босанғанда (босанатын әйелдердің сіреспесі), қылмыстық жасанды түсік жүргізгенде, нәрестенің кіндік бауын кескенде (нәрестерелрдің сіреспесі) ауру даму қауіпті жоғары болады.
Бір қатар кездейсоқ жағдайларда жұғу жолы белгісіз қалады (криптогенді сіреспе).
Достарыңызбен бөлісу: |