1 билет Туляремияның этиологиясы, эпидемиологиясы. Fracicella tulerensis


Туляремияның клиникалық көріністері



бет15/79
Дата22.06.2020
өлшемі117,33 Kb.
#74257
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   79
Байланысты:
zhukpa bilet

2.Туляремияның клиникалық көріністері.4 кезең.

1.жасырын 3-5 күн (2-3 аптаға созылуы мүмкін)2.бастапқы 3.өршу 4.айығу.Ауырлығы бойынша:жеңіл, орташа, ауыр түрі. Ағымы бойыша - жедел, баяу, рецедивті түрлері. Жалпы клиника белгілері: қызба, жалпы улану белгілері.Туляремияның клиникалық түрлері жұғу жолдарына байланысты. П.П.Руднев жіктелуі бойынша:1. бубонды түрі-тері шырышты қабат арқылы.2. жаралы бубонды-тері және көздің шырышты қабықша арқылы3. көз бубонды-көздің шырышты қабықшалар арқылы4. ангинозды бубонды-ауыз арқылы

5. абдоминалды-ауыз арқылы6. өкпелік (бронхит, пневмония)-тыныс жолдары арқылы7. жайылмалы немесе біріншілік сепсистик-кез келген жұғу жолдары арқылы.Бубонды түрі жиілігі 10-25% . Біріншіден ауру сезімі байқалады, сосын регионалды лимфаденит пайда болады. Олар жалғыз және көп, көлемі майда жаңғақтардан ірі жұмыртқаға дейін болады Бубон ұлғайғаннан соң ауру сезімі байқалмайды, шеттері анық болып аздап периаденит дамиды. Нәтижесінде қайта сіңірілу, іріңдеу, жараланып тыртықтану (склероздану процесі дамиды). Жаралы бубонды түрі: типті түрі, жиілігі 45-80%. Трансмиссивті түрмен жұқтырғанда жиі кездеседі. Қоздырғыш енген жерде бір-бірін алмастырып дақ, папула көпіршік, пустула, жара дамиды. Жараның ниеттері көтеріліп түбі қара қабыршақтанып тұрады. 2-3 күннен кейін лимфаденит қалыптасады. Ангинозды -бубонды түрі: тамақта ауру сезімі байқалады, көмей бездері ұлғайып, қызарып, ісіп, айналасындағы клетчаткаға жабысып жұтынуы қиындайды. Сирек жағдайда стоматит болуы мүмкін.Абдоминалды түрі: Аурудың ауыр түрі.Мезентериалды лимфа түйіндерінің зақымдалуының әсерінен іштің, оң жақ мықын аймағында айқын ауру сезімі сияқты байқалады. Бауыр, көкбауыр ұлғаяды. Жоғары қызба, қалтырау, іші өту т.б болады.Өкпелік түрі: Жиілігі 5%. Ауру жедел қызбамен басталады, зақ ағыммен сипатталады. Бронхиалды, медиастиналды, праттрахейда лимфа түйіндері ұлғаяды. Құрғақ жөтел, кеуде аймағанда ауру сезімі, құрғақ сырыл естіледі. Салыстырмалы брадикардия. Жайылмалы түрі: Ауру сепсис тәрізді өтеді. Ес бұзылуы мүмкін. Бөртпе пайда болады, симетриялық түрде аяқ-қолда, мойында, кеудеге шығып оны туляремиялық "қолғап", "шұлық", "жаға", "маска" д.а.Бөртпе қызғылт, сосын қоңыр, қызыл, соңында көкшіл түсті болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет