3.Іш сүзегінің лабораторлық диагностикасы, емдеуі.
Салыстырмалы диагнозды қызбамен сипатталатын барлық жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен жүргізу қажет: жедел респираторлы аурулармен, өкпе қабынуымен, милиарлы туберкулезбен, туберкулезды менингитпен, бруцеллезбен, безгекпен, мононуклеозбен, лептоспирозбен, сепсиспен және т.б1. Эпидемиологиялық анамнез аурудың басталу кезеңіне дейінгі 3 апта уақытында 3 түрлі жұғу жолын анықтау.2. Гемограмманың өзгеруі аурудың 5-ші күнінен кейін лейкопения мен тромбоцитопения, салыстырмалы лимфоцитоз, анэозинофилия.Шешуші диагностикалық белгілер:1. Қаннан ауру қоздырғышын табу (қанды өт сорпасына немесе Раппопорт ортасына себу)Сүзек -парасүзек аураларының диагностикасы үшін ең үлкен маңызды алғашқы 5-6 күнде келесігідей клиникалық мәліметтер алады: жоғары тұрақты қызба, айқын интоксикация "сүзек тіл",гепатолиеналды синдром, метиоризм, Падалка "оң" нышаны.Гемограммада іш сүзегіне тән өзгерістер: лейкопения, анэозинофилия, таяқша ядролы нейтрофильдердің жоғарлауы.Диагнозды растау үшін бактериологиялық және серологиылық әдістерді қолданады. Өт қосылған қоректік орталарға науқастың қанын (гемокультура), зәрін (уринокультура), нәжісін(копрокультура) міндетті түрде себеміз. Өтті (биликультура) бактерия тасымалдаушылардан ғана алып себеміз. Серологиялық әдістерден іш сүзегінің анықтауында агглютинация реакциясы -Видаль реакциясы, тікелей емес гемагглютинация реакциясы (ТГАР) қолданылады. Емдеуі: Іш сүзегінің ағымы мен нәтижесі дұрыс күтімге, диетаға, этиотропты және патогенетикалық ем жүргізу тәртібіне байланысты. Іш сүзегінің емдеуі комплексті болуы керек.Науқасты тыныштықта, жайлы төсекте күту керек. Маңызды мәнді ауыз қуысы мен теріні күту жағдайы алады. Төсекте жату режимін 6-7 күнге дейін сақтаған дұрыс. Ал 7-8-ші күндері науқастың отыруына рұқсат етіледі, 10-11 күндері дене қысымы тұрақтанса, жүріп-тұруға рұқсат беріледі. Науқастарға №4-4б-4в-2 диета тағайындалады. Іш сүзек-парасүзек аурулары кезінде антибиотиктердің ішінде ең тиімдісі -Левомицетин болып табылады. СОңғы жылдары Фторхинолондар тиімді препараттар болып табылады.Ішектен қан кеткенде қатаң төсек режимі керек, шалқасынан 12-54 сағат бойы жатқызу. Қарынға суық басып, 10-12 сағат аралығында тамақ ішуге тиым салынып, ішетін сұйықтық мөлшері 500мл дейін шектеледі.Науқастарды ауруханадан дәрігер-инфекционистің бақылауы және рұқсаты брйынша шығарады. Қосымша ауруларды емдеу мақсатқа сәйкес жүргізіледі.
№ 6 билет
Достарыңызбен бөлісу: |