кәсіпкерлік аймағына айналдыру, бағдарламалық өнімді әзірлеу және т. б. ЭЕМ-ді, блок-
сызбаларды және т.б. қолдану ұсынылады.
Жеке жоба
– дайындығы мейлінше жақсыбілім алушы өз қалауы бойынша жасайды.
Жұмыс тақырыптың бірегейлігімен және зерттеу сипатына ие болуымен ерекшеленуі тиіс.
Материалдарды ауызша баяндау (presentation)
– білім алушы берілген тақырып
бойынша өзі дайындаған өзекті материалдарды баяндайды. Презентация уақыты – 10-15
минут. Презентация тақырыптың қаншалықты ашылғанына және қаншалықты
қызығушылық тудырғанына (талқылау), әдебиеттің әсіресе қосымша әдебиеттің
қаншалықты қолданылғанына қарай бағаланады.
Жазбаша жұмыстар (рефераттар, эсселер) -
әртүрлі дереккөздерді қамтуы тиіс.
Жазба жұмысы қысқаша 1-2 бет, эссе көп дегенде 2 бетте баяндалуы тиіс.
Тест
– әр модуль соңында өткізілуі тиіс,сондай-ақ
қаралған сұрақты толық
қамтитын болуы керек, білім алушы кез-келген тақырып бойынша студенттергеескертпей
тест жүргізе алады. Әр түрлі тесттерді қолдануға болады.
Кейс құрастыру –
жағдаятты талқылау негізінде құрастырылады. Студентке
мәселелер сипатталған жағдаят туралы ойлану ұсынылады. Сонымен бірге мәселе
біржақты қаралмауы керек. Кейс мәселе сипаттау немесе мәселені шешу жолы
көрсетіледі.
Пікір - Білім алушылар бір-бірінің рефераттарына және презентацияларына
пікір
білдіреді
. Пікірлер баяндаманың күшті немесе әлсіз жақтарын алынған ақпарат бойынша
қысқаша талдаудан тұрады .
Тапсырма орындау
. Әр білім алушы оқытушыдан жазба түрде орындалуы тиіс жеке
тапсырма алады.
Тапсырма құрастыру
. Білім алушылар дәрісте өткен тақырыптары бойынша
тапсырма шартын құрады. Шартпен қоса тапсырма шешімі де болуы керек.
Барлық тапсырмалар уақытында өткізілуі керек. Ағымдағы аптада тапсырмалар
уақтылы орындалмаған жағдайда бағалау 20% - ға төмендетілуі мүмкін.
МӨЖ ұйымдастыру үшін қажет:
- МӨЖ тапсырмасын академиялық кезеңнің басында беру (семестр);
- бақылаудың ағымдық және аралық түрлерін дайындау;
- МӨЖ кеңесінің уақытын белгілеу.
Сонымен қатар, талаптар мен жалпы нәтижелерді белгілеу маңызды, яғни
силлабуста оқытушы білім алушыларді: а) үй тапсырмаларын орындау қажеттілігіне; б)
орындау мерзімдерін сақтауға; в) дайындық пен жауапкершілікке бағыттауы керек.
Интерактивтік әдістер білім алушылардың бойында қалыптастырады:
- тыңдау және қарым-қатынас дағдылары;
- өзге адамға жанашырлық
таныта білу;
- дүниетанымды дамыту;
- мәселелерді шешу мен шешім қабылдау қабілетінінің артуы;
- аналитикалық ойлау мен талдау;
-экономикалық тұтас мәселелерге деген көзқарасын қалыптастыру қабілеттіліктерін
бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: