1. Білім беру бағдарламасының құрылымындағы оқу пәнінің мақсаты, міндеті мен орны



Pdf көрінісі
бет57/72
Дата21.11.2023
өлшемі3,62 Mb.
#192699
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72
Байланысты:
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

1.3
 
ОБМӨЖ-дің функциялары 
 
Орталық Азия Инновациялық Университетінде оқытушының жетекшілігімен білім 
алушының өзіндік жұмысы аудиторияда жүргізіледі. ОБМӨЖ-дің аудиториялық формасы 
студенттердің оқулықпен және электронды материалдармен жұмысын, топтық 
тапсырманы орындауды, тапсырма шеңберіндегі жеке аналитикалық қызметті қамтиды. 
ОБМӨЖ келесі функцияларды орындайды: кеңес беру және бақылау. 
Кеңес беру функциясы: 

білім алушыға әр пән бойынша өзіндік жұмыста көмек көрсету; 



білім алушыға бағдарламалық материалды игеру үшін қажетті жұмыс әдістерін 
таңдауға көмектесу; 

күрделі тақырыптың түсіндірмесін қайта тыңдауға, оқу материалын бекіту үшін 
практикалық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік жасау; 

білім алушының ғылыми саладағы өзіндік жұмысына көмек. 
ОБМӨЖ-дің бақылау функциясы білім алушылардың оқуға деген ынтасын арттыру 
үшін олардың білімін ағымдағы, межелік және қорытынды бақылау барысында жүзеге 
асырылады. ОБМӨЖ барысында білім алушы бақылау, семестрлік және курстық 
жұмыстарды орындауға тапсырма алады, оқытушымен кеңеседі. 
ОБМӨЖ әр пән бойынша күні, уақыты, аудиториясы және оқытушылары 
көрсетілген кестеге сәйкес барлық академиялық кезең бойында өткізіледі. ОБМӨЖ 
шеңберіндегі сабақтардың кеңес беруші және интерактивті нысандары болуы мүмкін, 
олардың арақатынасы оқытылатын пәннің күрделілігімен, оны оқуға бөлінген 
аудиториялық сағаттардың көлемімен, білім алушылардың дайындық деңгейімен 
анықталады. 
ОБМӨЖ шеңберіндегі сабақтар ағымдағы рейтингісі төмен, қосымша кеңес алғысы 
келетін, пән бойынша алынған тапсырмаларды орындау кезінде қиындық туындайтын 
білім алушыларға арналған. 
Оқытушы білім алушылардың ағымдағы рейтингісін басшылыққа ала отырып, 
ОБМӨЖ шеңберінде сабаққа қатысушылардың құрамын үйлестіруі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет