Мазмұны
I.Кіріспе
II « Әдебиет тарихын дәуірлеуге жаңа көзқарас» пәнінен студенттің өзіндік жұмысын
ұйымдастыру
III.Сабақтың мазмұны
V. « Әдебиет тарихын дәуірлеуге жаңа көзқарас» пәні бойынша өтілген материалдарды
қортындылауға арналған сұрақтар
VI.
Ұсынылған әдебиеттер
1. Пәннің академиялық сипаттамасы
Әдебиет тарихын дәуірлеу
төңірегіндегі дискуссия, қазақ әдебиеті тарихының
кезеңдерін, ежелгі дәуір әдебиеті мен қазақ хандығы
дәуіріндегі әдебиеттің
ерекшеліктері мен кезеңдерін анықтап, сипаттайды. Қазақ әдебиетінің бастауы –
жыраулар
поэзиясын, оның әлеуметтік сипатын,
басты тақырыптары мен идеясын,
мазмұнын әңгімелеу, түсіндіру
арқылы салыстыра отырып, талдайды. Қазақ әдебиеті
тарихының көркемдік сипатын, ерекшеліктерінің кезеңінің бағыттарын меңгертеді.
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты
– Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі
кезең болып табылатын әдебиет тарихын дәуірлеу туралы әдебиеттану ғылымындағы
ғылыми бағалаулардың жүйесін саралап таныту. Хронологиялық
ұстанымды сақтай
отырып, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде
магистранттарға барынша толық, тиянақты білім беру.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері
-
Магистранттарды әдістеме саласындағы соңғы өзгерістермен таныстырып, оны тиімді
қолданудың жолдарын үйрету;
-
магистранттарға ежелгі дәуірден бері қарайғы әдебиеттің даму өрісін меңгерту;
-
оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау,
баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді
таңдай білу;
-
әдебиет тарихын дәуірлеу туралы әдебиеттану ғылымындағы
ғылыми бағалаулардың
жүйесін саралап тануды дамыту.
.
Достарыңызбен бөлісу: