Тәрбиеші: Ахметова С. К білім беру саласы



Дата05.06.2017
өлшемі145,8 Kb.
#17660
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің

технологиялық картасы

Тақырыбы: «Білім патшалығына саяхат»

Өткізген: ортаңғы тобының

тәрбиешісі Ахметова С.К.

2016-17 оқу жылы



Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Ахметова С.К

Білім беру саласы: «Таным»

Ұ.о.қ.түрі: Ойын арқылы танымдық белсенділікті арттыру.

Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық!» (Бауырсақ ертегісі желісімен)

Мақсаты:Балалардың ой-қиялын, қимыл әрекетін, есте сақтау, салыстыра ойлау, көре отырып қайталау арқылы қимыл әрекетке үйрету және кинетикалық құмды қолдана, баланың ұсақ саусақ маторикасын қалыптастыру арқылы, танымдық үрдісін дамыта, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:әңгімелесу,сұрақ-жауап арқылы «бауырсақ» ертегісін және кейпкерлерін еске түсіру.

Әдіс-тәсілдер:екі алақан арасына салып, домалақтау, жалпайту, жасау.

Қажетті көрнекті құралдар: үлгілер, кинетикалық құм, сүрткіш, санағыш таяқшалар, слайд .

Билингвальды компонент: Ойнайық-играем, ойлайық-думаем. Letc play Let.

Оқу қызметінің түрі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың

қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

Қоршаған өмір әлемі,

Не деген көркем әдемі!

Сол сұлулықты сақтайық

Мадақтайық мақтайық

Кел, балалар, ойнайық

Ойнайық та, ойлайық !

Қандай ойын болса да

Жауабын таппай қоймайық!

Сәлеметсіздерме, қонақтар!

Здравствуйте!

Good morning!


Балалар дөңгелене шеңбер құрып, шаттық шеңберін қимыл-әрекетпен айтып, көрсете біледі.

Ұйымдастыру

шылық

ізденістік

(Экраннан хабарлама дыбысы естіледі) Балалар, электрондық почтаға хат келген сияқты.

-Міне, балалар хат келген екен.Хат «Ойнайық та, ойлайық!» атты қызықты ойындар әлемінен екен. Олай болса, балалар, хатты ашайық кімнен келген екен? хаттың аузы ашылып, хатпен бірге атай мен әжейдің суреті шығады Балалар, мына ата мен әже таныс қой естеріңізге түсіріңдерші қай ертегі кейіпкерлері?

-Иә, дұрыс айтасыңдар балалар! Енді хатта не жазылғанын оқиын, мұқият тыңдаңыздар.Сәлеметсіздерме балалар! Біз сіздерден көмек сұраймыз.Біз бауырсақ пісіріп, суысын деп, терезенің алдына қойып едік бауырсағымыз жоғалып кетті. Бауырсағымызды тауып беруге көмектесіңіздерші.

Сәлеммен Ата мен Әже.

Балалар барлығымыз көмектесіп ата мен әжеге бауырсағын тауып береміз бе?(қуанышты көңіл күймен бауырсақ келеді) Сәлеметсіздерме балалар! Бауырсақ не болды? атаң мен әжең сені іздестіріп жатыр ғой.

Бауырсақ: тууу,балалар терезенің алдында жата-жата зерігіп кеттім.Ой қиялымды, зейінімді бірнеше затқа аудара білуге, қимыл-әрекетімді дамытып сендермен ойнауға келдім.Жақсы ендеше, ортамызға хош келдің!

Қоян келеді:сәлеметсіздерме, балалар жол бойымен домалап бара жатқан бауырсақты көрдіңіздер ме? О-о-о, бауырсақ, мында екенсің ғой мен сені жеймін.Атамнанда қаштым, әжемненде қаштым.Мені жемеңізші.

-Қоян:менің шартымды орындасаңдар, бауырсақ достарыңды жемеймін дейді.Қолындағы нәрсенің не екенін білмейтінін айтады.(Сдайд.шырша, жалауша, үйшіктің бейнелері. Ойын: «Бейне құрастыр»Мақсаты:Ой-қиялын, зейінін бірнеше бейнеге аудара білуге, есте сақтауға, түстерді ажыратуға жаттықтыру, үлгіні пайдалана отырып, жұмыстануға үйрету.Шарты: санағыш жасыл таяқшалармен жасыл шырша, көк таяқшалармен жалауша, қызыл-сары таяқшалармен үйшік құрастыру.Балалармен бірге үлкен түрлі түсті таяқшалармен қоянда осы бейнелерді құрастырады. Ал қоян енді түсіндіңбе? Ойлап білетін болдым рахмет деп, балалармен қоштасып кетіп қалады.Бауырсақ: рахмет достарым. Қояннан аман алып қалдыңдар деп жатқанда Қасқыр келеді:бауырсақ мен сені жеймін дегенде:

-Қасқыр ойланып, ендеше маған «Не артық» деген қандай ойын.шешуін тауып берісеңдер, бауырсақ достарыңды жемеймін дейді.

-Балалар, ойынның шешуін табуға көмектесеміз бе?

Ойын суреттері .Слайд. Мақсаты: суреттерді салыстыру арқылы көзбен көру, ойлау, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту. Шарты:әр қатардағы бейнеленген суреттердің сипатына қарай мұқият қарап, басқаларынан өзгеше біреуін таба отырып, әр қатардағы суреттердің артығын анықтау.Қасқыр енді түсіндің бе? Иә түсіндім көзіммен көрдім, ойлап, есіме сақтайтын боламын.Рахмет сау болыңдар!

-Бауырсақ:балалар сендерге рахмет қасқырданда құтқардыңдар енді өзіміз ойнайықшы дей бергенде Аю келеді:Алтын түсті бауырсақ, сары түсті бауырсақ мен сені жеймін.Бауырсақ қашып, жыламсырап аюжан мені жемеңізшідейд.

-Аюжан, сен бауырсаққа тиіспе орманда жүріп, шаршаған шығарсың? Онанда балалармен бірге бойыңды жазып, көңіліңді сергітіп қызықты дамыту ойындар әлемінен хабардар бол!(аю келіседі)

Қане , балалар ендеше аю мен бірге сергіту сәтін жасайық:

Бойыңды сергек тік ұста,

Емін еркін тыныста

Деміңді ішке тез алда

Сол қолыңды соз алға

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада

Оң қолда бос тұрмасын

Шеңбер жасап зырласын.

-Ал, аюжан қалай, бойың сергідіме?

-Иә балалар рахмет! Емін еркін тыныстап, сол қолыммен үшбұрыш сызып, оң қолыммен шеңбер жасап үйрендім.Сау болыңдар!

-Бауырсақ:Рахмет достарым!Қояннанда, қасқырданда, аюданда құтқардыңдар енді өзімііз бірге ойнайықшы деп жатқанда түлкі келеді:бауырсақтың иісі қандай, мұрынымды жарып бара жатыр ааа сен мында екенсің ғой, мен сені жеймін!-Бауырсақ жемеші мені түлкі, өзім достар іздеп, қызықты ойындар әлеміне келіп едім.

-Түлкіжан, балалар достықты қалап тұр ғой бауырсаққа тиіспе, саған балалар көп тәтті бауырсақ жасап берсін.Солай ма балалар!

Түлкі: сонда менде көп бауырсақ болама? Алақаааай деп қуанады

Түлкі риза болып, балаларға рахметін айтады.

-Балалар, түлкіжан барлығымыз осы достығымыздың белгісі ретінде бауырсақты атасы мен әжесіне жеткізіп салайық.Бауырсақ сен қалай қарайсың оған?

-Бауырсақ иә сендерге көп рахмет, достарым! Қызықты ойындар әлеміне келіп сендерден көп нәрсе үйрендім.Барлығында есіме сақтап, ойлап, жүретін болам.Ендеше сау болыңыздар!

-Балаларға ата мен әжеден сыйлық табыс етіледі.

Балалар бауырсақпен, түлкімен қоштасады




Балалар назарларын экранға аударады.

(слайд)
Бауырсақ ертегісіндегі ата мен әже


Балалар ата мен әженің хатын тыңдайды

Иә көмектесеміз.
Сәлеметсізбе бауырсақ

Сол кезде Диас тұрып:Аққоян-ау, ақ қоян.Ұзын құлақ сақ қоян бауырсақты жемеңізші деп арашалайды

Балалар: оның санағыш таяқша екенін онымен түрлі бейнелер, пішіндер құрастыруға болатынын айтып,Шырша, жалауша, үйшік құрастырып, олардың түстерін айтып, шартын орындап, қандай геометриялық пішінге ұқсайтынын айтып, атап береді

Айшабибі тұрып:қасқыр, қасқыр, сұр қасқыр бір жолға мейіріміңізді төгіп бауырсақты жемеңізші дейді.

Көмектесеміз.

Балалар ойынды орындайды, әр қатардағы суреттердің артығын анықтайды.

Балалар қасқырмен де қоштасады.

Балалар аюмен бірге сергіту сәтін, қимылдарды келтіре жасайды.

Аюмен қоштасады.

Сау болыңыз!


Балалардың бәрі тұрып:Түлкі, түлкі қу түлкі.

Сізден өтініп сұраймыз,

Достықты біз қалаймыз бауырсақ досымызды жемеңізші?дейді

Жасап береміз дейді.

Иә, көп бауырсақ болады.

Балалар түлкіге кинетикалық құмнан тәтті бауырсақ жасап сыйлайды.

Балалар бауырсақ досымен және түлкімен қоштасып,бауырсақты атасы мен әжесіне жеткізіп салады.

Сау болыңыздар!


Рефлексивтік түзетушілік

Қорытынды: Балалар, «Ойнайық та, ойлайық!» атты ашық оқу қызметі сендерге ұнады ма? Біз не білдік? Оқу қызметі қандай ертегі желісімен өтті. Кейіпкерлерін атайықшы.Бауырсақты аңдарға не үшін жегізбедіңдер?Олардың қандай тапсырмаларын орындадыңдар?

Жарайсыңдар, балалар! Осы орайда достықтың арқасында, адамгершілік қасиеттеріңді көрсеттіңдер. Рахмет!

Ендеше қонақтармен қоштасайық

Сау болыңыздар!

Досвидания!

Good bye!




Ұнады.Бауырсақ ертегісі.Ата,әже, бауырсақ, қоян, қасқыр,аю, түлкі.Бауырсақ досымызды аман алып қалу үшін,қоянға санағыш таяқшалармен құрастыруды, пішіндерді үйреттік, қасқырға «Не артық?» ойынының шарттарын түсіндіріп, көрсеттік, аюдың бойын сергітіп, сергіту сәтін жасадық, түлкіге тәтті бауырсақ жасап бердік.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Бауырсақ ертегісі кейіпкерлерін;

Игереді:Ойын арқылы танымдық белсенділікті, есте сақтау, ойлау, салыстыру, қимыл-әрекетті, ұсақ саусақ маторикасын қалыптастыруды; Меңгереді: адамгершілікті, достықты, ұқыптылықты;

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті

9 «Еркемай» бөбекжайы



II-кіші «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі: Базарбаева З.К.

«Менің есімім»

Мақсаты:Балаларға алғашқы құқық туралы білім қалыптастыруға жағдай жасау.

Міндеті:Әрбір елдің азаматы өзіне есім алуға құқылы екенін баланың санасына жеткізу.Сұрақтарға жауап бергізу арқылы балалардың қатынас тілін дамытуға көмектесу.

Алдын-ала жұмыс:жанұялық суреттер, «Менің отбасым» көрмесі.Мен және менің есімім-әңгіме.Мақал-мәтелде айтып еске түсіру.

Қолданылатын материалдар:Үлкен қуыршақ, доп, балалардың есімдері жазылған қағаздар, шағын смайлдар (қапалы, қуанышты) бала санына байланысты.Отбасылық суреттер.Мақал-мәтел суреттері.Су бояқ, қықалам, ақ бет қағаз,салфетка,су құйылған ыдыс.

Іс-әрекеттің жүруі:

I.Балалар орындарынан тұрып қатысушыларға амандасады. «Үш тілде-Қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде) Сәлеметсіздерме! Здравствуйте!

Gоod morning!

Жылулық шеңбері: Қайырлы таң! Кім ойланып тапты екен?

Кім тапсада жақсы екен.

Қайырлы таң-жарқыраған күнге де,

Қайырлы таң-жайнап тұрған гүлге де,

Қайырлы таң-бақшаға да, талға да,

Қайырлы таң-күлімдеген жанға да.

II.Тәрбиеші:Балалар, сендердің әрбіреулерің секілді менде де және барлық үлкендердеде өз құқықтары мен міндеттері бар.

Бүгінгі іс-әрекетте жеке тұлғалық пен есім алуға құқылы екеніміз туралы айтып, танысып, білетін боламыз.

Есік қағылып, ішке үлкен қуыршақ кіреді.Балалармен амандасады.

Тәрбиеші:Сүйкімді қуыршақ сенің есімің кім? (Қуышақ тәрбиешінің құлағына сыбырлағандай кейіп танытады)Білмейсіңбе?Балалар қуыршақ өз есімін білмейді екен.Бұл қалай болғаны?

Балалар, үлкендермен балалар есім алуға құқылы, есімсіз қалай өмір сүруге болады.Мүмкін біз қуыршаққа көмектесіп есім тауып берерміз?Балалар, көмектесемізбе? Иә көмектесеміз. (көптеген есімдер айтылады біреуін таңдайды.Міне, сүйкімде қуыршақ енді сенің есімің Нарғыз.

Тәрбиеші: Қара, Нарғыз қазір біздер балалармен бірге ойнап есімдерімізді атаймыз.Сен балалардың есімдерін есіңе сақтап ал.

Ойын: «Есімдер шынжыры» (шеңбер бойында доппен ойналады.балалар үш тілде есімдерін атап шығады.(Менің есімім Аяулым, Мое имя Аяулым,Му пате іs Aiaylim)

Тәрбиеші:Балалар Нарғыз айтады сіздердің есімдеріңіз жағымды жақсы естіледі дейді.Есімде сақтауға талпынамын дейді.

Тәрбиеші:Балалар, енді мына суреттерге назар аударыңдаршы.Қандай суреттерді көріп тұрсыңдар? Балалар: «отбасылық суреттер! Дұрыс-ақ кімдер атап айтайықшы-Ата, әже, әке, ана, балалар.Иә, балалар отбасы дегеніміз: үлкендер мен балалар бірге тұратын, тату, бір-біріне қамқорлық көрсететін жандар «Отбасы» деп аталады екен.Балалар, сендердің әрбіреулеріңді еркелетіп атауға болады.Сіздердің аналарың, әкелерің, ата-әжелерің сіздерді еркелете ме?

Ендеше қалай еркелетеді екен өз отбасылық суреттеріңізге қарап әңгімелеп беріңдерші.

(балалар өз отбасы суреттеріне қарап, және өздерін аналары қалай еркелететінін айтып әңгімелер береді)(құлыным, ботам, жаным, қошақаным т.б)

Ал, біздер қуыршағымызды қалай еркелетіп атаймыз? Балалар «Наргизок» деп атайды.

Балалар, енді мына суретке қараңдаршы?Қандай мақалды еске түсіреді?(әке, бәйтерек,жапырақ, ана, балалар суреті)

Балалар: Әке-бәйтерек,

Шеше -жапырақ,

Бала-жағасындағы құрақ.

Екінші суретті қарайық балалар:( әкесі балаларымен жұмыс үстінде)

Әкеге қарап ұл өсер,

Шешеге қарап қыз өсер.(анасы қыздармен)

Жарайсыңдар, балалар!

Тәрбиеші:балалар, сендердің әрбіреулеріңізде қандай құқықтарыңыз бар?(Есім алуға)иа дұрыс –ақ.Сәби туылғанда ата-анасы өмір бойы өзімен бірге болатын есім береді.Адам туылғанда тууы туралы куәлік беріледі.Оған баланың тегі, аты-жөні, ата-анасының аты жөні жазылады екен (Тууы туралы куәлікті көрсету)

Енді, балалар, сендер стол үстінде әзір тұрған ақ қағазды, яғни ол сендердің туу туралы куәліктерің болсын, соны қалай әсемдегілерің келеді су бояқ, қылқаламдарды алып жұмыстаныңдар, бояңдар.

Жарайсыңдар, өте жақсы боядыңдар қане қолдарыңды сүртіп ойын алаңына келіңдер.

Ойын: «Менің есімім» Үстелдің үстінде сендердің, әрбіреулеріңіздің әдемі есімдеріңіз жазылған қағазды тауып алып,есімдеріңіз қалай қойылған мағынасын айтып әңгімелеп беру.

(Балалар Радмир:-әлемге қуаныш әкеледі деген мағынаны білдіреді, Аяулым-әдемі аяулы қыз боп өссін т.б балалар әңгімелеп айтып береді)

Сергіту сәті: Шөп үстімен жүреміз, сытыр-сытыр- сытыр,

Тас үстімен жүреміз тырс-тырс-тырс,

Шалшық сумен жүреміз шолп-шолп-шолп,

Жолдарменен жүреміз топ-топ-топ.

III.Балалар, Нарғыз сендердің есімдерің әр түрлі, бірақ сендер бірдейсіңдер дейді.Нарғызға айтып түсіндірейік,әр бала жеке тұлға екенін.

Тәрбиеші: Нарғыз қазір біз саған көмектесеміз.Балалардың сырт келбетіне қараймыз ортаға шығарып.Барлық қыздар өте әдемі, нәзік,шаштары өрілген, әртүрлі киінген.Ал, ұлдар ұзын бойлы, батыл, күшті,жинақы.Міне, Нарғыз енді түсіндің бе, балалар дың бәрі бірдей емес, әр бала жеке тұлға екенін?

Иә енді түсіндім.Балалар сіздерге рахмет! Маған есім бердіңіздер.Мен әр бала жеке тұлға, есім алуға құқылы екенін түсіндім.Сау болыңыздар.

Балалар нарғыз бізге құр қол келмеген екен.Сіздерге сыйлық ала келген.Оқу іс-әрекеті аяқталған соң сіздерге үлестіріп беремін.

Ойын: «Мені шақыр» Жалаушамен балалардың есімін атап шақыру.

Жарайсыңдар балалар!барлығыңызда да өз есімдеріңізді жақсыбіледі екенсіздер.Сіздердің есімдеріңіздің құрметіне жалаушаларымызды жоғары, алға, жанымызға көтеріп, сермейікші.

Қорытынды:Балалар, бүгін біз не білдік? Сендердің естеріңде не қалды? Ата-аналарыңа бүгінгі іс-әрекет туралы не айтасыңдар?

Балалар:жеке тұлғалық, есім алуға құқылы екенімізді білдік.

Тәрбиеші:Балалар, сендерге бүгінгі іс-әрекет ұнады ма?Ұнаса көңілді смайылды, ұнамаған болса қапалы яғни көңілсіз смайылдарды қолдарыңа алыңдар.

(Балалар барлығы көңілді смайылды алды)

Тәрбиеші апайлар, қонақтар қараңдаршы менің балаларым қандай жақсы, әдемі, ақылды, білімді іс-әрекетте барлық сұрақтарға өте жақсы жауап беріп, қатысып отырды.

Осымен бүгінгі «Құлыншақ» тобы балаларының қатысуымен болған «Менің есімім» атты ашық оқу іс-әрекеті аяқталды. Сіздерге көп рахмет!

Балалар тәрбиешілермен, қонақтармен үш тілде қоштасты.

Сау болыңыздар!

Досвидания!

9 «Еркемай» бөбекжайы. «Ақбота» II-кіші тобы.


Тақырыбы: «Дәрумендер денсаулық кепілі»

Мақсаты:Балаларға көкөністермен жеміс жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру.Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екендігін көрсету.Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу кезінде сөзді анық айтқызу, мәнерлі айтып жаттықтыру және еңбекке баулу.
Балалар,дәрумендерді қайдан аламыз? Қане, мына суреттерге назар аударыңдаршы?

Дәрумендерді-Көкөністерден, жеміс-жидектерден аламыз.Ал жемістер қайда өседі балалар?

-жеміс-жидектер ағаштарда өседі.Аттарын атайықшы-Алма, алмұрт,жүзім,шабдалы, т.б

-Көкөністер қайда өседі?

-Бақшада өседі.Дұрыс айтасыңдар.

-Бұл жемістер мен көкөністердің бізің денсаулығымызға әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет, өйткені бұларда дәрумендер өте көп.

-Дәрумендердің А,В,С,Д,Е Оларды біздер күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз.

Мысалы. «А» дәрумені:қызыл бұрышта., сарымсақта, қызанақта бар.

«В» дәрумені:қиярда, қырыққабатта, сәбізде бар. «С» дәрумені: қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі. «Д» дәрумені:алмада,алмұртта, пиязда, жүзімде. Жеміс-жидек,көкөніс, өсімдік шырыны, міне осының бәрі дәруменге бай.

-Балалар бұл дәрумендерді пайдаланар алдында-жеміс-жидектерді, көкөністерді жақсылап жуып, содан кейін өз қолдарыңызды да сабындап жууып пайдаланған жөн.

-Балалар,ал мына суреттен не көріп тұрсыңдар, қараңдаршы?

-Сүт, айран, сүзбе иә дұрыс айтасыңдар.бұл сүт өнімдеріндеде дәрумендер өте көп.

-Табиғи ешбір қоспасы жоқ сүзбенің адам денсаулығына көп пайдасы бар!

-Сүзбе табиғи құндылығы жағынан өте тамаша-өнім.Сонымен қатар, сүзбе сүйек тінінің дамуына, тістің дұрыс қалыптасуына өте қажет кальцийдің көзі болып келеді және есте сақтау қабілетін жақсартады.Оның құрамында фосфор, кальций, калий, магний, натрий және көптеген дәрумен түрлері жеткілікті.

-Сапалы сүзбе-сіздің денсаулығыңыздың кепілі.

-Міне балалар, осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді.
Барлықтарыңызға денсаулық тілеймін!
«Ақбота» II-кіші тобы тәрбиешісі:Базарбаева З.К.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет