Қонақтарды қарсы алу этикеті. Қонақтарды отырғызу Батықова Әлия, МО-41К
Қонақ күту жауапкершілігі мол шара, ал оның бастамасы қонақты шақыру.
Қонақтарды бірнеше күн бұрын шақырасыз. Себебі қонақ дайындалып үлгеруі қажет.
Егер қандай да бір себептермен қонақтың бірі келе алмаса, ол бұл туралы алдын-ала шақырушыларға хабарлауға міндетті. Бірақ келе алмау себебін егжей-тегжей түсіндіріп, ақталуға міндетті емес,.
Таңғы асқа шақыру уақыты саған 10-нан 12-ге дейін, түскі ас түскі 3-тен кешкі 7-ге дейін, ал кешкі ас – түңгі 10-ға дейін. Шайға кешкі сағат 5-7 аралығында.
Құрбыңызды серігінсіз шақыру әдепсіздік. Ер адамды да серігімен қоса шақырған дұрыс.
Үйде қонақ күту – ғанибет саналғанымен, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Келген қонағыңыз өзін жайлы сезініп, риза болып кету үшін не істеу керек? Мұндайда күтіп алатын үй иесі мен оның әрекеттеріне көп нәрсе байланысты.
Қонақтарды қарсы алмас бұрын, олар келгенге дейін жарты сағат бұрын барлық дайындықты аяқтау қажет.
Үйді, қонақ күтетін ғимаратты тазалап, безендіру жұмыстары аяқалуы қажет;
- Қонақпен амандасқан кезде, үй иелерлері әрбірінің көздеріне тіке қарап, күлімсіреп, құшақ жая қарсы алады.
Киім ілгіштер мен ілгектерді алдын-ала барлық қонаққа жететіндей етіп дайындау керек;
Этикет бойынша(Батыс) қонақтар аяқ киімдерін шешуге міндетті емес. Қажет болса, қонақтар өздерімен бірге алып келген қосымша аяқ киімдерін киюі мүмкін. Ал шығыс мәдениетінде аяқ киімді шешу міндетті;
Қонақтар шешінгеннен кейін, иесі бас бөлменің есігін ашып, оларды алға жібереді. Үйдің ханымы қонақтардың алдында жүреді.
Егер сіздің үйіңізде бір-бірін танымайтын адамдар жиналса, сіз оларды бір-біріңізбен таныстыруыңыз керек.
Үй иелері жаңадан келген қонақты бұрын келген қонаққа таныстырады;
Кішіні үлкенге, ер адамды әйелге таныстырады;
Ер қонақтың фамилиясын, атын және әкесінің атын атайды. Әйел қонақтың тегі айтылмайды.
Қарсы алу кезіндегі эмоциялар! Қонақ күткенде үй иелері көңілді шырай танытып, мерекелік көңіл-күйде, нұр шашып жүруі тиіс. Барлық қонақтарға көңіл бөліп, әңгіме құру қажет.
Қонақтарды таныстыра отырып, олардың хоббиі, қызығушылықтары туралы бірнеше сөз айтқан жөн, бейтаныс адамдарға ортақ тіл табу оңайырақ болады.
Көңіл күйіңіз нашар болса, қонақтарға білдірмеу қажет. Үй иелелері өздерін ұялмай, қысылмай табиғи ұстауы тиіс.
Егер қонақ қожайындарға сыйлық алып келсе, олар оны қуанышпен қабыл алып, ризашылығын білдіруі тиіс.
Қонақ күтушілер түрлі конфликттердің, ұнамсыз қылықтардың алдын алуы қажет. Және бұндай жағдай орын алса екі тарапты татуластырып, шараның барынша позитивті өтуін қадағалау қажет.
Келесі кезең – қонақтарды дастарханға жайғастыру.
Кішігірм үйде болатын жиындарда қонақтар отыратын орынды өздері таңдай алады. Ал үлкен іс-шара, той барысында шақырылған қонақтың аты-жөні көрсетілген мұқаба карталары қолданылады. Олар табаққа, стакан судың жанына немесе арнайы стендке қойылады.