99-99,5 % су, 0,5-1% органикалық және бейорганикалық заттар. 466. Сілекей сөлінің орта көрсеткіші әлсіз сілтілік орта 467. Сілекей құрамындағы көмірсуды ыдырататын фермент амилаза 468. Сілекей құрамындағы микробтарды өлтіретін зат лизоцим 469. Шықшыт сілекей бездері қабынғанда пайда болатын жұқпалы ауру паротит (свинка) 470. Қарынның ішкі сілемейлі қабығындағы ұсақ бездерден бөлінетін сөл қарын сөлі 471. Тәулігіне бөлінетін қарын сөлінің мөлшері 2 литр 472. Қарын сөлінің құрамы: 97-98% су, 1% ағзалык заттар (ферменттер), 0,5% минералдық тұздар, 0,7% тұз қышқылы. 473. Қарын сөлімен араласқан тағам химус (жентек) 474. Қарын сөлі құрамындағы фермент пепсин, нәруызды ыдыратады 475. Қарын сөлі құрамындағы тұз қышқылы қызметі ферменттердің белсенділігін арттырып, бактерияларды өлтіреді 476. Қарын сөліндегі муциннің қызметі қарынның шырышты қабығын жауып,тұз қышқылын бейтараптайды. 477. Бала қарны сөліндегі сүтті ірітетін фермент