1. Біртіндеп кесу



Дата21.12.2021
өлшемі17,83 Kb.
#104501
Байланысты:
3 апта


1іртіндеп кесу – белгiлi бір ауданда (кесілетін орманда) орманшылыққа негiзделген уақыт аралығында бiрнеше амал қолдану арқылы сүрекдiңдер алып тасталатын орман ағаштарын кесуді ұйымдастыру мен кесу техникасын атайды. Мұнда барлық сүрекдiң бiр жас сыныбы (класы) уақытынан аспаған кезеңде кесіледі, ал ұзақ мерзiмдi бiртiндеп немесе топтық-таңдау кесулерінде, екi жас сыныбының (класының) уақытынан асырмай жүргiзiледi.

2.Бiртiндеп кесу жүйесi екi түрлi болады: тұқымдық-кеспеағаштық немесе бiрқалыпты, қысқа мерзiмдi кесулер мен топтық-таңдаулы немесе бiрқалыпсыз, ұзақ мерзiмді кесулер.

Тұқымдық-кеспеағаштық бiртiндеп кесулердiң негiзгi ұйымдастыру-техникалық элементтеріне мыналар жатады: 1) кесу амалдарының саны және қайталанылуы; 2) әр амалдың кесу пайызы (бастапқы қордың салмағы бойынша); 3) кесуге ағаш таңдау ретi.

Ормандар тобына, орман типiне, басты ағаш түрлерінің биологиялық ерекшелiктерiне, құрамына, пішініне, толымдылығына, бонитетiне, санитарлық және қайта жаңару жағдайларына байланысты бiртiндеп тұқымдық-кеспеағаштық кесулер жүргiзгенде, амалдар саны төртеу, үшеу немесе екеу болуы мүмкiн.

Жоғары өнiмдi, аралас, күрделi, жоғары толымдылықты алқа ағаштарда және басты ағаш түрі өскiндерi болмағанда, барлық төрт кесу амалдарын (дайындық, тұқымдану, жарықтандыру және соңғы) жобалау орынды.

Жоғары қабатының толымдылығы 0,6-0,7, басты ағаш түрлері мол жемiс салу үшiн оңтайлы жарық жағдайындағы сүрекдіңдерде дайындық кесу амалы орындалмайды, мұнда үш қарапайым амалды кесу жүргізіледі.

Бiртiндеп кесудiң амалдарын жүргiзу кезеңi қайта жаңару жағдайларымен, жетiлген сүрекдiң кесудiң жалпы мерзiмiмен (20 жылдан көп емес) анықталады және олар әдетте, екi тұқымдық жылды құрайды.

Топтық таңдап кесу – бұл бiртiндеп кесудiң бiр түрi, сүрекдiңдер тобымен және

бiрнеше амалмен, өскiндері бар жерлерде екi жас сыныбы (класы) уақытында кесіледі.


3.Тұқымдық-кеспеағаштық бiртiндеп кесулердiң басты артықшылықтары:

  1. орманның су мен топырақ қорғау, рекреациялық және басқа пайдалы функцияларын сақтау және арттыру мүмкiндiгi;

  2. жақсы тұқым беру және орманның басты ағаш түрлерінің жаңаруы үшiн қолайлы жағдай жасау мүмкiндiгi;

  3. күтiп-баптау кесулерiн тиiмдi пайдалану

және оның негiзiнде, басты кесулердi қарапайымдау мүмкiндiгi;

  1. топырақты сақтау және өнiмдiлiгiн арттыру;

әр кесу амалынан кейiн қалдырылған ағаштардан қосымша өсiм алу.

4. Ұйымдастыру-техникалық элементтеріне мыналар жатады:

  1. кесу амалдарының саны және қайталанылуы;

  2. әр кесу амалында таңдаудың пайызы;

  3. ағаштарды кесуге таңдап алудың ретi;

  4. 1 га-дағы «терезелер» (қайта жаңаратын ұялар) саны;

  5. «терезелер» мөлшерi.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет