Эпифора (кезекті қайталау) - өлеңдегі әр жол немесе әр тармақтың ылғи бір сөзбен аяқталып, қайталана беруі.
Күншілдер өледі,
Көңілін от қарып.
Батырлар өледі,
Міндетін атқарып (Қ.Мырза Әли)
Шумақтың әсерлілігін кушейту мақсатындағы соңғы сөздің қайталану түрі:
(Алты құлаш ақ найза,
Ұсынып шаншар күн қайда?
Садақ толған сайгез оқ
Созып тартар күн қайда?» (Эпифора)
Антитеза (шендестіру) – кереғар екі затты не құбылысты қатар қоя отырып, келесі бір заттың, ұғымның, құбылыстың сипатын аңғартатын айшықтаудын бір түрі.
«Біреу тойып секіреді,біреу тоңып секіреді.» - деген мақалдағы қолданылған тәсіл : (Шендестіру)
«Қар-аппақ, бүркіт-қара, түлкі-қызыл.
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» тармақтарында құбылтудың қолданылған түрі: (Шендестіру)
Ақжүністің бет-ажарын, тән сұлулығын:
«Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр,
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де,бетім көр,» - деп суреттеуду қоданылған тәсіл: (Антитеза)
...Сен жер болдыі, нөсер болып төгілсем,
Шұғыласың, қара бұлт боп көрінсе.
Мен-түн болсам,Сен таң болдың жаңа атқан,
Мені-қола,сені-шойын жаратқан.Өлең үзіндісіндегі фигураның түрі: (Антитеза)
«Көзі жұмыртқа-арзан,
Көзі ашыққа-маржан».Қолданылған көркемдік бейнелеудің түрі: (Антитеза)
Достарыңызбен бөлісу: |