1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар



бет27/260
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#98649
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   260
Байланысты:
Көк кітап.Гүлнұр

Алпамыс батыр

«Алпамыс батыр»Жырдың 11-12 нұсқасы бар. Батырлар жырының ішіндегі ең көне жыр. Жырда ауыз әдебиетінің басқа түрлері де көп кездеседі. 1899жылы Жүсіпбек ШайқыисламұлыҚазанда «Қисса Алпамыс» деп аталатын жырды басып шығарған. 1896 жылы Ә. Диваев жырдың толығырақ бір нұсқасынжазып алып, жариялаған.


Алпамыстың әкесі-Байбөрі (Жиделі Байсын жеріндегі Қоңырат елінің байы), анасы-Аналық, қарындасы-Қарлығаш, сүйген жары-Гүлбаршын(Сарыбайдың қызы), тұлпары – Шұбар ат, Алпамысқа ғашық болған Тайшық ханның қызы-Қаракөзайым, Алпамыстың баласы-Жәдігер. Байбөрінің туысқаны –Құлтай, оның баласы-Тортай, тезекші қара күңінен туғанұл-Ұлтан, Ұлтанның сақау әйелі-Бадамша. Сарыбай-Шекті елінің байы(Гүлбаршынның әкесі), Гүлбаршынның шешесі-Алтыншаш, Гүлбаршынды зорлықпен алмақ болған қалмақ батыры –Қараман. Алпамысты алдап қолға түсірген- Мыстан кемпір, Алпамысты құтқарушы өнерлі, қойшы жігіт-Кейқуат, Байбөрінің жылқысын алып кеткен хан-Тайшық хан.

  • Өте ертеде пайда болған көне жыр: («Алпамыс батыр»).

  • Қазақ халқының батырлар жыры ішіндегі ең көнесі: («Алпамыс батыр»).

  • Алпамыс батырдың әкесінің аты: (Байбөрі)

  • Байбөрі байға ұл мен қыз сүйетіндігін айтқан:(Шашты Әзіз)

  • Қарындасы: (Қарлығаш).

  • Алпамыстың баласы: (Жәдігер).

  • Алпамыс неше жасқа толғанда Жиделі Байсын жерінде,Қалың Қоңырат еліне бек болып, басқара бастайтынын табыңыз: (10)

  • «Далада мен отырмын құрып өрмек,

Жалғызды қасымдағы қылыпи ермек.
Баламда жалғыз менің өлтіргенше,
Алсайшы Гүлбаршынды, қу жүгермек...» Үзінді алынған жыр(«Алпамыс батыр»).

  • «Бекерге жұрт баласын қырып жүрсің,

Ойыңа келгеніңді қылып жүрсің.
Сарыбай қызын бермей кетіп қалды,
Несіне ойын ойнап, күліп жүрсің?!»- деген жолдарды кімнің, не себептіАлпамысқа айтқаны: (Баласын өлтіріп қойғаны үшін кемпірдіңАлпамысқа ызаланып айтқаны)

  • Алпамыс батырдың жарының аты: (Гүлбаршын)

  • «Алпмыс батыр» жырындағы әйел образы: (Гүлбаршын)

  • Гүлбаршын сұлудың Алпамысты жар етіп таңдаған себебі: (Бір жағы батыр,екінші жағы қазақ жігіті болғаны үшін)

  • Гүлбаршынныңәке-шешесі: (Сарыбай-Алтыншаш)

  • «Алпамыс батыр» жырындағыБайбөрімен құда болуды армандайтын, Шекті елінен шыққан батырдың есімі:(Сарыбай)

  • «Біреумізден ұл, біреуімізден қыз туса, екеуіміз құда болсақ, қыз бен баланы кемеліне келтіріп, екеуін қосып, бұл дүниеден өтсек, арманымыз қалмас еді-ау!»-деп армандайтын» «Алпамыс батыр» жырының кейіпкерлері: (Сарыбай, Байбөрі)

  • Алпамыстың тұлпарының аты: (Байшұбар)

  • Алпамыс батыр Байшұбар атты қалай таңдады: (Өзі таңдап, құйрығынан тартып тұрғызады)

  • «Адамнан есті жануар» деп ардақталатын, мыстанның арам пиғылын батырдан бұрын сезетін тұлпар: (Шұбар ат)

  • «Алпамыс батыр»жырындағы кейіпкер: (Құлтай)

  • Тортай, Құлтай, Байбөрі қай батырлар жырында кездеседі: («Алпамыс батыр»)

  • Мыстан кемпір қатысатын эпостық жыр: («Алпамыс батыр»)

  • Алпамыстың жау қолына түсуіне себеп болған жағдай: (Мыстан кемпірдің айласы)

  • Тайшық хан, Қаракөзайым, Кейқуат, Қараман атты кейіпкерлер кездесетін жыр: («Алпамыс батыр»)

  • «Алпамыс батыр» жырындағы көрген түсін айтып жоруын сұраған ханның есімі: (Тайшық)

  • «Алпамыс батыр» жырындағы қалмақ ханы: (Тайшық хан)

  • Тайшық хан алдап, қолға түсіретін батыр: (Алпамыс)

  • «Алпамыс батыр» жырындағы қалмақ батыры Қараманның мінген аты: (Қара ат)

  • Алпамыстың батырлығының бірінші айқындалатын жері: (Қараманмен кездесуі)

  • «Алпамыс батыр» жырындағы қалмақ батыры: (Қараман)

  • Алпамыс батырға көмек беріп, дос болатын қалмақ батыры: (Қараман)

  • «Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршынды зорлық етіп алмақшы болған: (Қараман)

  • «Сансыз тұрған қалмаққа

Қылышын суырып алады.
Жолбарыстай ышқынып,
Шұбарға қамшы салады,
Тура келген қалмақты
Қақ маңдайдан шабады»,- деген үзінді: («Алпамыс батыр»)

  • Ұлтан құл қай жырдың кейіпкері: («Алпамыс батыр»)

  • «Алпамыс батыр» жырындағы «күрек тісі кетпендей», «аузы ошақтай», «азу тісі пышақтай» деп суреттелетін кейіпкер: (Ұлтан құл)

  • «Алпамыс батыр» жырында әкім болып жұртты жеп жүрген «азамат»: (Ұлтан құл)

  • «Алпамыс батыр» жырындағы Ұлтан көкпарға кімді тарттырмақшы: (Жәдігерді)

  • «Алпамыс батыр» жырындағы:

«Аш бүгіліп жарағыр,
Жетім қалып жасыңнан
Мендей болып жылағыр,
Тарта бер, жұртым, тарта бер!»деген жолдардың иесі: (Жәдігер)

  • «Алпамыс батыр» жырындағы сақау әйелдер: (Бадамша, Мапия)

  • «Алпамыс батыр» жырында «Ұлтан бегіме лайық өлеңді өзім айтамын» деген: (Бадамша)

  • Алпамыс еліне қайтқанда жылқыны бағып жүрген: (Тортай)

  • Алпамыс батыр өз елінеұзақ жылдан соң қандай бейнеде келеді: (Диуана)

  • ...Атса мылтық өтпеді,

Шапса қылыш кеспеді,
Суға салса батпады... Үзіндіде айтылып отырған батыр: (Алпамыс батыр)

  • Алпамыс батырды зынданнан Қаракөзайымның шығаруы себеп болған жағдай: (Қаракөзайымның ғашық болуы)

  • Алпамыс батырдың зынданнан шығуына көмектескен кейіпкер: (Қаракөзайым)

  • «Көрінеді осы адам,

От жалын боп көзіме.
Айналайын, құдай-ау,
Осы тұрған диуана
Жалғызымның өзі ме?!»- деген жолдарды кімнің кіммен тілдескенде айтқаны: (Гүлбаршынның Алпамыспен тілдескенде айтқаны)

  • «Алпамыс батыр» жырында Байшұбарды босатып алып шыққан: (Қаракөзайым)

  • «Алпамыс батыр» жырындағы эпизодтық кейіпкер: (Кейқуат)

  • «Алпамыс батыр» жырындағы сиқырлы сыбызғышы, өнерлі бала: (Кейқуат)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет