1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар



бет51/260
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#98649
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   260
Байланысты:
Көк кітап.Гүлнұр

Доспамбет жырау (ХVІ ғ.)

  1. Доспамбет жыраудың туған жері: (Азау)

  2. Доспамбет жырау өмір сүрген ғасыр: (XV-XVI ғ.ғ.)

  3. Доспамбеттің жерленген жері: (Астрахань)

  4. Доспамбеттің ақындық шығармашылығын зерттеуші: (М.Мағауин)

  5. Доспамбет өз толғауларында өзін қалай таныстырып отыратындығы: (Ер Доспамбет)

  6. Доспамбеттің өміріне қатысты сипат: (Мамай бидің тұсында қол бастаған жырау)

  7. «Айналайын, Ақ Жайық» деген өлеңінде туған Жайығын, бетегелі Сарыарқасын жырға қосқан жырау: (Доспамбет)

  8. «Азаулының Ыстамбұлдан несі кем?» - деп жырлаған жырау: (Доспамбет)

  9. Азау, Азау дегенің

Әл-Ғұсман – патша жұрты екен.
Азаудың ер Доспамбет ағасы
Дін ісләмнің кірті екен.
Азаудың ер Доспамбет ағасы
Азаудың бір бұрышындай жарты екен! – деген үзінді қай жыраудың өлеңінен алынған: (Доспамбет)

  1. «...Аймадетке оқ тиді,

Отыз екі омыртқаның буынынан.
Зырлап аққан қара нан,
Тыйылмайтын жанның уақ тамырынан...» - деген үзінді: (Доспамбеттікі)

  1. «Арғымаққа оқ тиді,

Қыл майқанның ...,
Аймадетке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынынан», - өлеңнің тармағының жалғасы: (түбінен)

  1. «Қарағайлы кәдік бойында,

Қамшым қалды ойында:
Бүлдіргесі бұлан терісі,
Өрімі құнан білдің терісі,
Өрімі құнан білдің қайысы,
Шырмауығы – алтын, сабағы – жез...» - депқамшыны сипаттағанжырау: (Доспамбет жырау)

  1. «Алғаным Әли ағаның қызы еді,

Қас арудыңөзі еді.
Маңдайы күнге тимеген,
Желге шашын үрмеген», - деген жолдардың авторы: (Доспамбет)__«Арыстандай_екі_бұтын_алшайтып,__Арғымақ_мінген_өкінбес...»_Осы_үзіндінің_авторы:_(Доспамбет)'>(Доспамбет)

  1. «Арыстандай екі бұтын алшайтып,

Арғымақ мінген өкінбес...» Осы үзіндінің авторы: (Доспамбет)

  1. «Екі арыстан жау шапса,

Оң қылқандай шаншылса,
Бетегелі Сарыарқаның бойында,
Соғысып өлген өкінбес!» - деген шумақ кімнің өлеңінен алынған? (Доспамбет жырау)

  1. «Бетегелі Сарыарқаның бойында,

Соғысып өлген өкінбес!» - деп, туған жеріне деген сүйіспеншілігін жырға қосқан жырау: (Доспамбет)

  1. «Алаштан байтақ озбаса», «Күн қайда толғауларының авторы кім? (Доспамбет)

  2. «Доспамбет жыраудың өлеңі: («Айналайын, Ақ Жайық»)

  3. Доспамбет жыраудың толғауы: («Күн қайда?»)

  4. «Айналайын, Ақ Жайық» өлеңінің авторы: (Доспамбет)

  5. «Айналайын, Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда,
Еңкейе кірер күн қайда?
Толғамалы ақ балта
Толғап ұстар күн қайда?» - деген шумақтың авторы: (Доспамбет)

  1. Зерттеушілердің пікірінше, Доспамбет жырау «Айнала бұлақ басы тең» толғауын шығарған мезгілі: (Өмірінен қоштасар сәтте)

  2. «Тәңірінің өзі берген күнінде

Хан ұлынан артық еді менің несібем!
Азаулыда аға болған ерлер көп еді,
Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді!» - деген шумақ қай жыраудың шығармасынан алынған? (Доспамбет)

  1. Доспамбет жырау мен Шалкиіз жыраудың аттас шығармасы: («Қоғалы көлдер, қом сулар»)

  2. «Еділдің бойынан ен жайлап, шалғынға бие біз байлап...» деп, еліне тыныштық, бейбіт күн іздеген жырау: (Доспамбет)

  3. «Озушылар, озбаңыз,

Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз.
Бізім бетке барсаңыз,
Есақай, Қосай екі ұл,
Алдыңызға жыр құнақтай,
Жылай шықса не айтарсыз?» Қай жыраудың өлең жолдарынан алынған? (Доспамбет жыраудың соңғы сөзі)

  1. *** Талай жорықтарға қатысқан жауынгер жыраулар: (Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді)

  2. *** Доспамбеттің толғаулары: («Айналайын, Ақ Жайық», «Айнала басы бұлақ тең», «Қоғалы көлдер, қом сулар»)

  3. *** Доспамбет жырау толғауынан алынған үзіндідегі көркемдік тәсіл(дер):

«Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен...» (Аллитерация, Қайталау)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет