* «Жарлысымен байы тең, Жабысы мен тайы тең, Жары менен сайы тең...»-деген үзіндіде айтылған өзен немесе өлеңнің аты: (Қазтуған жырау)(«Салп-салпыншақ анау үш өзен») * «Жабағылы жас тайлақ Жардай атан болған жер. Жатып қалып бір тоқты Жайылып мың қой болған жер...» деген өлен : («Қазтуғанның «Салп-салпыншақ» толғауы) *Қазтуған туралы толғауда: «Жауды көрсе жайнаған, Жай тасындай қайнаған. Еділде тұрып оқ атса, Жайыққа түсіп жоғалған» - деп қозғаған мәселесі:(«Ерлік») Шалкиіз жырау Тленшіұлы (1465-1560) Туған жері: Жайықтың шығыс беті.
Толғаулары: «Би Темірге бірінші толғау» , «Жел, жел есер, жел есер»«Ағынды сулар, аймақ көл» , «Жауынды күні көп жүрме»,«Қоғалы көлдер, қом сулар», «Алаштан байтақ озбаса»,«Шығармақ бұлт жай тастар» , «Балпаң, балпаң басқан күн», «Асқар ,асқар, асқар тау» , «Жебелей жебе жүгірген», «Жалп-жалп ұшқан жапалақ» , «Ер шобан» т.б «Ор,ор қоян, ор қоян...» Осы толғаулар енген жинақ:(«Алдаспан», «Жазушы баспасы») *Шалкиіздің өмір сүрген уақыты: (1465-1560 ж.ж) * Шалкиіз жыраудың өмір сүрген ғасыры (ХҮ – ХҮІ ғ) * Жиһангез атанған жырау: (Шалкиіз)_*_Шалкиіз_жырларының_басты_тақырыбы_(Ел_бірлігі)'>(Шалкиіз) * Шалкиіз жырларының басты тақырыбы (Ел бірлігі) * «Ғабіл төре ел бастар
Батыр жігіт жау бастар
Аға жігіт қол бастар
Шешен адам сөз бастар» - деген өлең шумақтың иесі: (Шалкиіз) * «Батыр жігіт қол бастар» - деп ерлікті, батырлықты жырына ту еткен жырау: (Шалкиіз) *Би Темірге жыр арналған жырау : (Шалкиіз) *Шалкиіз арнап толғау шығарған батыр: (Ер Шобан), * «Есендікте малыңды бер де, батыр жи Басыңа қыстау іс түссе Дұспанның қолы жете алмас!» - деп Шалкиіз жырау көтеріп отырған мәселе : (Бірлік - ынтымақ) *«Жағаға дұспан қолы тимеске, Артында туысқанның көбі игі, «Асау тулап жықпасқа, Арты айылдың беркі игі» - деген үзінді алынған шығарма: («Жауынды күні көп жүрме») *«Жаманға жақыным деп сөз айтпа, Күндердің күні болғанда Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!» - қай шығармадан алынған : ( «Жауынды күні көп жүрме») *«Ағайынның ішінде Бір жақсысы бар болса, Қолқалаған көп жаман Сол жақсыны көре алмас» - деген шумақ авторы: (Шалкиіз) «Жалп – жалп еткен жапалақ Жазы да кімге жолдас болмаған?» «Саздауға біткен қара ағаш, Кімдерге сайғақ болмаған?- деген үзінділер алынған шығарма : («Қоғалы көлдер, қом сулар») *Шалкиіз жыраудың «қоғалы көлдер, қом сулар» толғауының не жайында: (Өмірдің өткінші екендігі) *Шалкиіз жыраудың: «Бір жақсымен дос болсаң, Азбас-тозбас мүлкі етер Бір жаманмен дос болсаң, Күндердің күні болғанда Жімле ғаламға күлкі етер» - деп көтерген мәселесі: (Достық, жолдастық жайлы) *«Жел астына қарасам, Қоға менен тал өсер Ораздының ұлы өсер» «Кенелемін деген жігіттің Сүбеде алтау-жетеу ағайыны тез өсер» «Сүйейін деген жігіттің Жылқы ішінде екі арғымағы тең өсер» - деген үзінділер алынған: ( «Жел, жел есер, жел есер» шығармасынан)
*«Толарсақтан саз келсе Қажымай оған жүретін. Қабырғадан қан келсе Қажымай оған күлетін » Осы үзіндіде айтылады: (Батырлық жайында) *«Дулығаның төбесі туған айдай болмаса, батыршылық сүрмен-ді» - деп батырлықты жоғары бағалаған жырау: (Шалкиіз) *Шалкиіз шығармашылығына жатпайтын қатар: («Еңсегей бойлы Ер Есім», Жиембетттікі)