* «Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең...»-деген үзіндіде айтылған өзен немесе өлеңнің аты:
(Қазтуған жырау)(«Салп-салпыншақ анау үш өзен»)
* «Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер...» деген өлен : («Қазтуғанның «Салп-салпыншақ» толғауы)
*Қазтуған туралы толғауда: «Жауды көрсе жайнаған,
Жай тасындай қайнаған.
Еділде тұрып оқ атса,
Жайыққа түсіп жоғалған» - деп қозғаған мәселесі:(«Ерлік»)
Шалкиіз жырау Тленшіұлы (1465-1560)
Туған жері: Жайықтың шығыс беті.
Толғаулары: «Би Темірге бірінші толғау» , «Жел, жел есер, жел есер»«Ағынды сулар, аймақ көл» , «Жауынды күні көп жүрме»,«Қоғалы көлдер, қом сулар», «Алаштан байтақ озбаса»,«Шығармақ бұлт жай тастар» , «Балпаң, балпаң басқан күн», «Асқар ,асқар, асқар тау» , «Жебелей жебе жүгірген», «Жалп-жалп ұшқан жапалақ» , «Ер шобан» т.б
«Ор,ор қоян, ор қоян...» Осы толғаулар енген жинақ:(«Алдаспан», «Жазушы баспасы»)
*Шалкиіздің өмір сүрген уақыты: (1465-1560 ж.ж)
* Шалкиіз жыраудың өмір сүрген ғасыры (ХҮ – ХҮІ ғ)
* Жиһангез атанған жырау: (Шалкиіз)_*_Шалкиіз_жырларының_басты_тақырыбы_(Ел_бірлігі)'>(Шалкиіз)
* Шалкиіз жырларының басты тақырыбы (Ел бірлігі)
* «Ғабіл төре ел бастар
Батыр жігіт жау бастар
Аға жігіт қол бастар
Шешен адам сөз бастар» - деген өлең шумақтың иесі: (Шалкиіз)
* «Батыр жігіт қол бастар» - деп ерлікті, батырлықты жырына ту еткен жырау: (Шалкиіз)
*Би Темірге жыр арналған жырау : (Шалкиіз)
*Шалкиіз арнап толғау шығарған батыр: (Ер Шобан),
* «Есендікте малыңды бер де, батыр жи
Басыңа қыстау іс түссе
Дұспанның қолы жете алмас!» - деп Шалкиіз жырау көтеріп отырған мәселе : (Бірлік - ынтымақ)
*«Жағаға дұспан қолы тимеске,
Артында туысқанның көбі игі,
«Асау тулап жықпасқа,
Арты айылдың беркі игі» - деген үзінді алынған шығарма: («Жауынды күні көп жүрме»)
*«Жаманға жақыным деп сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда
Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!» - қай шығармадан алынған : ( «Жауынды күні көп жүрме»)
*«Ағайынның ішінде
Бір жақсысы бар болса,
Қолқалаған көп жаман
Сол жақсыны көре алмас» - деген шумақ авторы: (Шалкиіз)
«Жалп – жалп еткен жапалақ
Жазы да кімге жолдас болмаған?»
«Саздауға біткен қара ағаш,
Кімдерге сайғақ болмаған?- деген үзінділер алынған шығарма : («Қоғалы көлдер, қом сулар»)
*Шалкиіз жыраудың «қоғалы көлдер, қом сулар» толғауының не жайында: (Өмірдің өткінші екендігі)
*Шалкиіз жыраудың:
«Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас-тозбас мүлкі етер
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда
Жімле ғаламға күлкі етер» - деп көтерген мәселесі: (Достық, жолдастық жайлы)
*«Жел астына қарасам,
Қоға менен тал өсер
Ораздының ұлы өсер»
«Кенелемін деген жігіттің
Сүбеде алтау-жетеу ағайыны тез өсер»
«Сүйейін деген жігіттің
Жылқы ішінде екі арғымағы тең өсер» - деген үзінділер алынған: ( «Жел, жел есер, жел есер» шығармасынан)
*«Толарсақтан саз келсе
Қажымай оған жүретін.
Қабырғадан қан келсе
Қажымай оған күлетін » Осы үзіндіде айтылады: (Батырлық жайында)
*«Дулығаның төбесі туған айдай болмаса, батыршылық сүрмен-ді» - деп батырлықты жоғары бағалаған жырау: (Шалкиіз)
*Шалкиіз шығармашылығына жатпайтын қатар: («Еңсегей бойлы Ер Есім», Жиембетттікі)
Достарыңызбен бөлісу: |