Аллегория (пернелеу) – жан-жануарларға адам мінез- құлқының сипаттарын беру.Түлкі-қу,қой – момын,қоян-қорқан т.б.
Астарлы меңзеу арқылы берілетін көркемдегіш құрал атауы: (Аллегория)
Аллегорияның мағынасы: (Астарлы меңзеу)
Символ (астарлау)- әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне.Мысалы:көгершін-бейбітшілік символы.
Бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге немесе құбылысқа құпия келіп,жасыра жарастырып,бүкпелей бейнелеу,тартымды тұспалмен түсіндіру қандай көркемдегіш тәсіл болып табылады?(Символ)
Екі ұғымның жақындығына қарай, ұқсастығына қарай бір сөздің орнына екінші сөзді ауыстырып қолдану тәсілі: (Символ)
Символдың мағынасы: (Ойды ашық айтпай, астарлап,тартымды тұспалмен мүсіндіру)
Символ термині алынған тіл : (Грек)
«Отырмын теңіз бойында ,
Ойнайды дауыл ойымда,»- деген тармақтарда кездесетін құбылтудың түрі: (Символ)
Бөрі тартар қоңынан,»- деген «Қыз Жібек»жырынан алынған жолдардағы көркемдік құрал: (Астарлау)
Синекдоха (мегзеу) – бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолдану.Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жайылады.(Мақал)
Бүтіннің орнына бөлшекті немесе бөлшектің орнына бүтінді қолдану қалай аталады? (Мегзеу)
Сорлы қазақ сол үшін,Алты бақан ала ауыз…Троптың түрі : (Синекдоха)
Сарказм (шенеу,мысқыл) – ащы мысқыл,кекесін, келеке; гректің «шымшып тарту» деген сөзінен шыққан.Сөзбен түйреу, етке тіс батырут.б. мағына береді.
Кісі емес ел намысын ұққандай-ақ,
Ербиіп елсіз тауға шыққандай…
Жиенқұл күжірейіп келер ме екен,
Он мата арқасына тыққандай-ақ.
«Біржан-Сара» айтысындағы Жиенқұл сипаттамасындағы көркемдік тәсіл: (Сарказм)
Достарыңызбен бөлісу: |