1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар



бет26/177
Дата14.09.2024
өлшемі0,55 Mb.
#204335
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   177
Байланысты:
К К КІТАП ДЕБИЕТ (3)

«Айман-Шолпан» жыры
«Айман-Шолпан» жырын ең алғаш жазып алып, баспаға ұсынған – Жүсіпбек Шайқыисламұлы. Поэманың тууына негіз болған – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы оқиғалар. Эпостық элементтермен қатар тарихи поэмаларға тән элементтер де анағұрлым басым.
Маман- Тама елінің байы, Айман, Шолпан-Маманның қыздары, Көтібар-Шекті елінің батыры, қара күштің иесі, Теңге - Көтібардың ерке де долы тоқалы, Есет- Көтібардың ұлы, тарихи тұлға, Арыстан- Көтібардың інісі, Шолпанның сүйген жігіті, Әлібек – Айманның сүйген жігіті.
Жыр негізінде М.Әуезов «Айман-Шолпан» (1934ж.) комедиясын жазды.
Таным дерек
Көтібар Бәсендеұлы (т.ж.б.-1823)-батыр. Кіші жүз құрамындағы шекті руынан шыққан. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы кезінде сарбаз жинап, Ресей үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен. Жайық бойындағы бекіністерге бірнеше рет шабуыл жасаған. Көтібардың жеті баласы болған, үлкені-атақты Есет батыр тарихи тұлға(«Қазақстан» ұлттық энциклопедия, бес том, елу төрт бет)

  • Ел тұтқасын ұстау әйелдердің де қолынан к елетіндігін дәлелдеген жыр: («Айман-Шолпан» жыры)

  • «Айман-Шолпан» жырының негізгі тақырыбы : (Ескі мен жаңаның арасындағы күрес)

  • Айман мен Шолпанның әкесінің аты : (Маман)

  • Маманның шыққан тегі, руы : (Шекті)

  • Арыстан, Есет, Әлібек атты кейіпкерлер кездесетін жыр : («Айман - Шолпан»)

  • Қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа әйел , саналы қыз образы : (Айман)

  • «Айман-Шолпан» жырындағы Айманның өзге жырлардағы қыздардан айырмашылығы : (Әлеуметтікіске араласуында)

  • «Айман-Шолпан» жырындағы Айманның ақылы байқалады : ( Баланы баурап алуынан)

  • «...Мен ажалым жетпей өлмеспін, ешкімнің қырсығына көнбеспін»-деген сөз иесі : (Айман)

  • Айманның Шолпанды елге қайтаруының себебі : (От жағып, күң болып кетеді деп ойлағандықтан)

  • «Айман-Шолпан» жырындағы Айманның есік алдындағы Қызылқұмға жасырған байлығының саны : (500 ат, 80 інген, 40 алтын, 15 күміс табақ)

  • «Қараңыз, мына сөздің сарасына,

Көз жетті елді шаппақ расына.
«Шайтан сөз топ ішінде не керек ? » деп ... – деген жолдың жалғасы :Арыстан)'> (Арыстан түсе берді арасына)

  • «Айман-Шолпан» жырындағы «Шайтан сөз топ ішінде неге керек?» - деп, бітімге шақырған сөздердің иесі : (Арыстан)

  • «Айман-Шолпан» жырында Айманның атты сұрап алуына да , Шолпанды еліне қайтаруына да , Есеттің Айманға 60 күнге дейін неке қимауын қалап алуына да себепкер болған адам : ( Арыстан)

  • Әлібек бейнесіне тән сипат : (Жау іздеуге , пәле іздеуге құмар емес)

  • Маман байдың ауылын кім шабады ? : (Көтібар)

  • «Айман-Шолпан» жыры аяқталар тұста Көтібар : (Өкіл әке болады)

  • Маман мен Көтібарды бейнелеудегі ерекшелік : (Сарказм мен ирония)

  • «Айман-Шолпан» жырындағы қазақ феодалдарының тән сипаттары : (Тоғышар , Топас , ұсақ тіршілік адамдары)

  • «Айман-Шолпан» жырындағы Көтібардың баласы: (Есет)

  • «Айман-Шолпан» жырындағы кейіпкер : (Теңге-Көтібардың бәйбішесі)

  • Берілген үзінді қай жырдан алынған?

«Базарда теңге болсаң, пұл боларсың,
Қолыңа құрық алсаң, құл боларсың.
Батырдың айтқан сөзі рас болса,
Қолыма су құятын күң боларсың» : («Айман-Шолпан»,Теңгеге айтқан)

  • «Айманның ақ мамықтай білегі бар, майысқан жез қармақтай сүйегі бар,»-деген жолдардағы көркемегіш құрал : (Теңеу)

  • «Айман-Шолпан» жыры : ( Лиро-эпостық жыр, Тарихи жыр)

  • «Айман-Шолпан» жырындағы тарихи тұлғалар : ( Есет , Көтібар)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет