1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар


Берілген жыр қай қатарға тән?



бет18/260
Дата06.02.2022
өлшемі436,3 Kb.
#80406
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   260
Байланысты:
тест әдебиет

Берілген жыр қай қатарға тән?

Ата-анам еді дәулетім,
Мен жұртыма жау ма едім?
Жат жұртық болып кеткен соң,
Кетер –ау бастан сәулетім / Сыңсу/
Мақал-мәтелдер, жұмбақтар
Мақал-өмірлік тәжірибеден туындаған түйінді пікір, тұжырымды сөз өрнегі немесе тоқсан ауыз сөздің тобықтыай түйіні.
Мәтел-белгілі бір ойға, ұғымғы ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.


Мақал мен мәтелдің айырмашылығы:
1)Мақал құрылысы екі, үш бөлімді болып, көбінесе құрмалас сөйлем түрінде келеді, ал мәтел бір бөлімді болып, жай сөйлем түрінде қолданылады.
2)Мақалда себебі мен салдары қатар айтылады, ал мәтелде салдары айтылады да, себебі айтылмайды.
3)Мақалда ой нақты айтылады, ал мәтелде ишара, тұспал түрінде айтылады.
4)Мақал ақыл-кеңес, өнеге түрінде айтылады, ал мәтелде эмоциялық мағына басым болады.
Мақал-мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделеді. Көп қолданылатын көркем өрнек-снтаксистік параллелизм, әсірелеу, теңеу, т.б.

Мәтелдер: Көппен көрген ұлы той. Қызым саған айтам, келінім, сен тыңда. Байтал түгіл бас қайғы. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен. Сиырдың сүті тілінде. Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады. Әлін білмеген әлек. Баяғы жартас, бір жартас. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма? Қалауын тапса қар жанар. Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар. Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. Сыныққа сылтау. Сұлуынан жылуы. Тазы ашуын тырнадан алады. Кемедегінің жаны бір.





  • Мақалдың ең басты ерекшелігі: (Аз сөзбен көп мағына беруі)

  • Өмір құбылыстарын аз сөзбен шебер кестелеуі жағынан шешендік сөздерге төркіндес келетін ауыз әдебиетінің түрі: (Мақал-мәтел)

  • Мақал-мәтелдің авторы: (Халық)

  • Мақал-мәтелде көп қолданылатын көркемдік өрнекті табыңыз. Мысалы: «Су кірді тазартса, Ақыл миды тазартады.» (Синтаксистік параллелизм)

  • Мақал-мәтелдегі көркемдік өрнек:

«Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді.
Елін сүйген еріне, ел тілеуін береді.» (Синтаксистік параллелизм)

  • Мақал-мәтелдегі көркемдік әдіс: «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.» (Шендестіру)

  • Мақалдағы көркем сөз айшығы: «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.» (Теңеу)

  • Астарлы, ауыспалалы мағынада қолданылған мақал-мәтел: (Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі)

  • Ойы тұспалсыз, ашық айтылған мақал-мәтел: (Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ)

  • Кең болсаң, кем болмайсың. Ақыл-жастан, асыл-тастан. Тәуекел кемесі суға батпайды. Жігітті жолдасынан таны. Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл болады. Атаның баласы болма, адамның баласы бол. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Өнер алды-қызыл тіл. (Мақалдар)

  • Мақалды белгілеңіз: (Бірлік болмай, тірлік болмас)

  • «Өжет адам...» нені жеңеді? (Өлімді жеңеді)

  • «Жіігітке жетпіс өнер де аз» деген мақал-мәтелдің тақырыбы: (Үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы)

  • «Ақ жүрген азбас» мақалының тақырыбы: (Адамгершілік, жақсы-жаман мінез туралы)

  • Адамгершілікке байланысты мақал: (Жақсының ашуы шәйі орамал кекенше, Жаманның ашуы басы жерге жеткенше)

  • «Асырауын тапса, адам болар» мақалының тақырыбы: (Тәлім-тәрбие туралы)

  • «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» мақалының тақырыбы: (Ынтымақ, бірлік тақрыбы)

  • «Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырар» мақалының тақырыбы: (Еңбек туралы)

  • Мақалдың тақырыбы: «Қасықтап жинағанды, Шөміштеп төкпе» (Үнемшілік туралы)

  • «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» мақалының тақырыбы: (Батырлық, ерлік тақырыбы)

  • Туған жер, Отан тақырыбына жазылған мақал: («Отан оттан да ыстық»)

  • Еңбек тақырыбындағы мақал: («Жан қиналмай жұмыс бітпес»);



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет