1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар


-Қобыланды батырдың әкесі: (Тоқтарбай)



бет26/260
Дата06.02.2022
өлшемі436,3 Kb.
#80406
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   260
Байланысты:
тест әдебиет

-Қобыланды батырдың әкесі: (Тоқтарбай)
-Қобыландының анасы: (Аналық)
-Аналық пен Тоқтарбай – қай батырдың ата-анасы: (Қобыланды)
-«Қобыланды батыр» жырының кейіпкерлер тізбегі: (Тоқтарбай, Естеміс, Аймақ хан)
-Арыстан туған Қобыландының неше жаста қазынадан қамқа кигендігі: (6 жасында)
-«Ай астына аспанға
Құрды бақан қақтырып,
Алтын теңге аттырып,
Теңгені атып түсірген...» - батыр қай сұлуды алады: (Құртқаны сұлу сөз алар)
-Қобыланды батырдың тұлпары: (Тайбурыл)
-Сөздердің бірігуінен жасалған, Құртқа баптаған тұлпар: (Тайбурыл)
-Қобыланды батырға лайық тұлпардың келген жолы(Естеміс)'>(Құртқа)'>: (Құртқаның көрегендігімен қалап алды)
- «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылды ерекше күтімге алған ару қыз, батырдың жары (Құртқа)
«Қобыланды батыр» жырындағы Бурылдың тұяғын жерге тигізбей, алтын тонға орап баптаған адам: (Құртқа)
-Тоқтарбайдың жылқыда,
Тоқсан құлы бар еді.
Тоқсанының бастығы...» кім: (Естеміс)
-Қобыландыны Қызылбастың еліне, Құртқа қызға жібергісі келмей, тоқтау салған адам: (Естеміс)
-Тоқсан құлдың бастығы,Қобыланды батырды баулыған ер: (Естеміс)
-«Қобыланды батыр» жырындағы айтылатын Қызылбас елі: (Иран елі)
- Қызылбасты елінен шыққан Қазан ер қай батырлар жырының кейіпкері: («Қобыланды батыр» жыры)
-Қақырғаны қан татып,
Түкіргені жын татып,
Қақырғанда қан ішті,
Түкіргенде жын ішті...»-деген үзінді қай жырдан: («Қобыланды батыр»)
Қазақтың ері келді», - деп, Қобыландының айбатынан сескеніп, кезек берген хан: (Көктім Аймақ)

-«Қобыланды батыр» жырынан алынған:


«Ерлер жаннан түңілді,
Аш күзендей бүгілді.
Екеуінің ақ сауыт
Шығыршықтан сөгілді.
Сол уақыттар болғанда
Артық туған Қобыланды,
Найзасын ырғап ендірді...»- деген үзіндідегі шайқасып жатқан екі батыр: (Қобыланды мен Қазан)
-Қазаннан Сырлы қаланы Қобыланды неше күнде алған? (12 күнде)
-«Қобыланды батыр» жырында Қазан деген ердің Ноғайлы жерінен басып алған екі қаласы: (Қырлы , Сырлы қала), (Қырлы қала-онда бектер орналасқан, Сырлы қала – онда жендеттер орналасқан)
-«Қобыланды батыр» жырындағы Ноғайлының жерін,Сырлы,Қырлы қалаларын тартып алған батыр: (Қазан)
-Қобыландыны алғаш жекпе-жекке шақырған батыр: (Қызыл ер)
-Бір аяқпен күреске түспекші болған батырсымақ: (Қызыл ер)
-Ай, Қобыланды, құрдасжан,
Қайратыңды көп көрдім»,- деп сөз арнаған кейіпкер: (Қараман)
-Тайбурылдың қырық үш күндік кемдігі байқалатын жер: (Қырлы қала мен Сырлы қалаға жетерде)
-«Тайбурыл атты құтыртып,
Оған келді сыдыртып...»-деген жолдар алынған жыр: («Қобыланды батыр» жыры)
-«...Қобыланды гулеп жөнелді,
Көп қиятқа қарамай.
Қалың қият – көп қосын,
Бәрі қалды артында,
Бірі еруге жарамай»,- деген жыр жолдарындағы «көп қият, қалың қияттың» кімдер екені: (Қараман мен оның қосыны)
-«Қобыланды батыр» жырында Қобыландының:
Сейілдің ұлы Қараман
Көмек берер демеймін.
Әйел де болсаң, қатар ең,
Мұңымды саған саламын.
Қош,Қарлыға, аман бол,
Қалмақ алған халқыма
Көмегім жоқ артымда
Жалғыз кетіп барамын,- деуінің себебі: (Қараманның еліне қашып кетуі)
-«Қобыланды батыр» жырындағы Қараман бейнесіне төмендегі мақалдардың қайсысы сәйкес келетіні: (Ер сасқанда белгілі)
-Қобыландыны қапыда, қулықпен ұсатап алатын кейіпкер: (Көбікті)
-«Қобыланды батыр» жырында Қараман мен Қобыландыны қолға түсіріп, аяқ-қолына кісен салған батырдың аты: (Көбікті)
--«Қобыланды батыр» жырында Көбікті киген сауыттың осал жерін айтып,Қобыландыға көмектескен адам: (Қарлыға)
-«Қобыланды батыр» жырында:
Қобыландыдай батырға
Ғашық болып сұлуың,
Жата алмайды үйінде»,-деген үзіндіде Қобыландыға ғашық болған қыз: (Қарлыға)
Өшті болған әкеңнен өшімді алмай мен қашпан», - деген сөз айтылды: (Қарлыға)
-Байлаулы жатқан қос батыр,
Есермісің,сермісің?
Бекер жатқан ермісің?!»- деп -«Қобыланды батыр» жырында Қарлыға кімдерге қаратып айтқан: (Қараман мен Қобыландыға)
--«Қобыланды батыр» жырында Қобыландыға қалмақ ханы Алшағырдың қорлығынан құтылуға көмектескен батырлар: (Қараман, Қарлыға, Орақ)
-«Сонда Бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді,
Көлденең жатқан көк тасты,
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі...» Үзіндідегі көркемдік тәсіл: (Әсірелеу ( гипербола ))
-«Кешке таман Тайбурыл
Жын қаққанға ұқсады,
Құлан менен құлжаның
Ұзатпай алдын тосады» - деген өлең тармақтарындағы буын саны: (7-8 буынды)
-Құбылып Бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді,
Тау мен тасты өрледі,
Төрт аяқты сермеді,
Құлақтың түбі терледі»,- деген жыр жолдарының буын,бунақ,шумақ түрлері: (7-8 буынды, 2 бунақты жыр түріндегі шұбырпалы ұйқас)
-«Қарақыпшақ Қобыланды» драмасын жазған: (М.Әуезов)
-Тарихта болған адам екені дәлелденіп, Ақтөбе облысында ескерткіш қойылған батыр: (Қобыланды батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет