1-блок: Қазақ тілінде оқыту сыныптарында Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі208,87 Kb.
#90013
1   2   3   4   5
Байланысты:
029 var 0 aza -t l - aza -t l nde-o ytu-synyptarynda

Мәнмәтіндік тапсырмалар
 
1-мәнмәтін
 
Бір дұрыс жауабы бар 5 тапсырма
 
Қыс еді. Ымырт жабылған кез. Жуырда жаудан азат етілген Курсаково 
селосына келдік. Жӛңкіп қашқан жау әскерінің қанды жасыл ізі сайрап 
жатыр. Күн шағырмақ аяз. Түнеп шығатын баспана іздедік. Аязды күнгі 
бұлтсыз аспанда қалың жұлдыздар жымыңдайды. Әлдеқайда алыстан бірте-
бірте атылған ауыр зеңбіректің ӛзімізге үйреншікті дауысы естіледі. Кӛшеде 
қыбыр еткен жан жоқ. Бір балаға кездестік. Баланың ұсқыны тым жүдеу. 
Үстіне киген жалбыр тоны мұз болып қатып қалыпты. Белін кендір арқанның 
үзігімен буып алыпты. Түнеп шығатын үй іздеп жүргенімізді айттық. 
Баланың аты Володя екен. Ол бізді ӛз үйіне алып барды.
61. Күн шағырмақ аяз.
 
Жай сӛйлемнің түрі 
A) толымды сӛйлем 
B) атаулы сӛйлем 
C) жақты сӛйлем 
D) жалаң сӛйлем 
E) жайылма сӛйлем 
62. Берілген мәтіннің тақырыбы 
A) Ауылдағы оқиға 
B) Қайырымды бала 
C) Жадыраған жаз 
D) Қысқы демалыс 
E) Күрең күз 
63.
Әлдеқайда алыстан бірте-бірте атылған ауыр зеңбіректің өзімізге 
үйреншікті дауысы естіледі. 
Берілген сӛйлемдегі үстеудің мағыналық түрі 
A) мақсат үстеуі 
B) сын-қимыл үстеуі 
C) мӛлшер үстеуі 
D) мезгіл үстеуі 
E) себеп-салдар үстеуі 


64. Атаулы сӛйлем 
A) Ымырт жабылған кез. 
B) Ол бізді ӛз үйіне алып барды. 
C) Бір балаға кездестік. 
D) Баланың аты Володя екен. 
E) Түнеп шығатын баспана іздедік. 
65. Баланың ұсқыны тым жүдеу.
 
Сӛйлемдегі үстеудің мағыналық түрі 
A) сын-қимыл үстеуі 
B) мезгіл үстеуі 
C) мақсат үстеуі 
D) мекен үстеуі 
E) күшейткіш үстеу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет