Ата-аналармен жұмыс. Ата-аналармен бірлесе отырып мынадай жұмыс түрлері атқарылады: ата-аналар жиналыстары; тәрбиеші-педагогтың жеке кеңесі; отбасы жөнінде мәліметтер толтыру; ата-аналарға арналған ақпараттар бұрышы; әр түрлі тәрбиелік шараларға,мерекелік ойын-сауық ертегілерге қатысу;сауалнама жүргізу,әңгімелесу.
Бірінші ата-аналар жиналысында ата-аналар комитетін сайлады. «Балдырғандардың компьютер әлеміне алғашқы қадам», деген тақырыпрта тәрбиешінің баяндамасын тыңдады».Балаңызға қаншалықты жауапкершілікпен қарайсыз? деген тақырыпта тренинг өткізілді . Өз баласына үлгілі ата-ана болуға балабақша және тәрбиешімен тығыз байланыста болуға шешті.
Екінші ата-аналар жиналысы Пікір талас: «Бала және жанұядағы келіспеушілік» деп аталады.«Балалар не себепті жан-жалдасады? »деген тақырыпта кеңес жүргізілді.
Осындай жұмыс түрлері арқасында ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі артты,балабақша ұжымына деген сенімдік,құрметтеу белгілері жоғарылады.
Үшінші ата-аналар жиналысы әртүрлі мәселер қаралды.