№1 бөбекжай бақшасының ортаңғы «Айгөлек» тобының 2018-2019 жылғы оқу қызметінің жылдық қортынды есебі



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі19,71 Kb.
#85592
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
«Айгөлек» тобының


№ 1 бөбекжай бақшасының ортаңғы «Айгөлек» тобының
2018-2019 жылғы оқу қызметінің жылдық қортынды есебі.

2018 -2019 жылының тәрбие жүмысы туралы талдамалық есеп.


Ортаңғы топ, «Балдаурен»
Тәрбишілері - Тажикулова. А.Ж. Нартбаева М.С.
Топ құрамы- балалардың жалпы саны- 25.
Ұлдар – 13, қыздар – 12. Жас ерекшілігі – 4-5 жас.
Жыл бойы балаларға жасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдырламасы бойынша бес саламен жұмыс жасалып келеді.Әр саланың өзіндік ерекшеліктері бар.
Барлық балалар балабақшаға жақсы бейімделген.
Сапалы тәрбие жұмыс өткізу үшін әртүрлі әдістер қолдандым:
Мен өзімнің тобымдағы балалардың жас шамасы мен психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, іс -тәжірибесінің шеберлігіне байланысты интегралды оқу іс- әрекеттер өткізуі өте тиімді әдістерді қолданамын. Олай дейтінім, оның ерекшелігі сабақтардың бір-бірімен байланыстылығында. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, өзімнің алдында отырған балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат -мүддесіне, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап аламын. Жаңа технологияны жүзеге асыруда тәрбиешінің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім - балаға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез- келген бала тәрбиешінің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Егер бала бойындағы қабілетті тәрбиеші байқамаса, ол бала басқа балалармен бірдей болып қалады, сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білуі керек.Ұйымдастырылған оқу қызықты өткізу үшін, тәрбиешінің өзі даярлануы керек. Сахналау, үстел үсті театры, атрибуттар дайындауы қажет. Оқу іс- әрекетінде баланың ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу керек.
Биылғы оқу жылында тобымызда көптеген ашық сабақтар,тәрбие сағаттары, мерекелік іс шаралар өтті.
Атап өтетін болсақ 1 қыркүйек білім күніне арнап «Сыңғырла күміс қоңырау» атты топта ашық тәрбие сағаты өтті.
Қазан айында «Ұстаздық еткен жалықпас» атты тақырыпта ұстаздар күніне арнап тәрбие сағатын өткіздік. Сонымен қатар, таным саласы бойынша қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру оқу қызметі бойынша «Математика еліне саяхат» атты ашық оқу қызметін өткіздім.
1 желтоқсан Президент күніне арнап топтар арасында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге балалармен қатар ата- аналарда атсалып көрме өз денгейінде өтті.
16 – шы Желтоқсан Тәуелсіздік күніне арнап «Тұғырын сенің биікте» атты мерекелік іс-шара өткіздік. Балалар әрбір іс-шарадан өзіне керекті дүниені жадына сақтап, өздері білетін тақпақтарын,әндерін айтып,би билеп сахнаны жандандыра біледі. Сонымен қатар Жаңа жылдық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жаңа жылдық іс-шараға балалар карнавалдық киіммен келіп,аяз аталарына өлеңдерін,тақпақтарын айтып,билерін билеп сыйлық алып үйлеріне қайытты. Балалар Республикалық интернет байқауына қашықтықтан қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Наурыз айында 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнап мерекелік тәрбие сағаты өтті.Балалар аналарына ,әжелеріне арнап өлең шумақтарын айтып,би билеп,өз қолдарымен аналарына арнап ашық хаттар жасады.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына барлық топ бірігіп ,ата-аналарды шақырып, мерекелік іс – шара өткіздік. Балалар қазақтың ұлттық ойыны «Қазақша күрес» , «Арқан тартыс» , «Асық ату» сияқты ойындарды насихаттап көрсетсе, тәрбиешілеріміз қазақтың салт дәстүрін дәріптеді.
Тобымызда 1 наурыз алғыс айту күніне арнап ашық сабақ өткіздік.Бұнда балалар ата-аналарына, бауырларына, достарына ашық хатпен алғыс айтып ,өз ойларын ортаға салды.
Мамыр айыныда «Қазақстан ортақ үйіміз» атты концерттік іс-шара өткізілді.Балаларға видео ролик көрсетіп,қандай елдермен шектесініміз туралы мәлімет берілді.Балалар әр ұлттың киімімен би билеп,өнерлерін көрсетті. Бұл іс-шара .Жеңіс күніне арнап ересек топтары «Жеңісің туы желбіре» атты іс-шара өткіздік. Бұл іс-шарада балаларға қазақ батырлары мен батыр апаларымыз туралы мәлімет берілді. Мамыр айында жаратылыс тану оқу қызметі бойынша қорытынды ашық оқу қызметін көрсеттім. Тақырыбы: «Су-тіршілік көзі».



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет