1 БӨлім. Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы



Дата07.02.2022
өлшемі29,69 Kb.
#97231
Байланысты:
Есмаганбетов Абзал Әскери қылмыстардың түсінігі


ЖОСПАР

Кіріспе……………………………………………………………………….


1 БӨЛІМ. Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы.


2. БӨЛІМ. Әскери қылмыстардың түрлері.


4.Арнайы қызметтерді атқару тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстар.


5.Қаруды, оқ-дәрілерді, басқа әскери мүлікті ұстау тәртібін және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктерін бұзатын қылмыстар.


6.Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстар………………………………….........………………..


Қорытынды……………………………………………………………….

К і р і с п е

Еліміздің Қарулы Күштері – оқшауланған әлеуметтік тетік емес, ол қоғамның негізгі ажырамас бөлігі болып танылады. Әлеуметтік қайшылықтар қатты шиеленістен ыдырау процестері ұдайы асқынып жаатқан жағдайда әскерилер еңбегінің беделі мен қадірі шұғыл төмендеп әскерилер еңбегінің беділі мен қадірі шұғыл төмендеп әскери қызметшілердің құқық бұзушылық жасауы арта түседі


Қылмыстық заңнама Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құрудағы жаңа үрдістерді және қазіргі жағдайда әскери құқық тәртібін нығайту қажеттілігін көрсетеді. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының әскери құрылысты реттейтін ережелеріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғыларына, мысалы ҚР 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы заңына; Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы ІІ-1897 Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы заңына және ҚР 1993 жылғы 20 қаңтардағы Әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы заңына және 2001 жылғы 20 наурыздағы Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы заңына сәйкес келтірілген.
Қылмыстық құқық пен әскери заңнаманы бөліп қарастыруға болмайды. Бұл ерекшелік әскери қылмыстық заңнамаға қылмыстық құқықтың міндеттері мен принциптері туралы ережелердің, қылмыстық жауапкершлік негіздерінің толық таралатынымен түсіндіруге болады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде көзделген барлық қылмыс құрамдары бар іс әрекет қана қылмыстық жауапкершілікті тудырады. Қылмыстық заңда берілген қылмыс, кінә және оның нысандары түсінігі, іс әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар, аяқталмаған қылмыс, қылмысқа қатысуы үшінжауапкершілік жағдайлары бүкіл қылмыстық заңнама үшін біртұтас болып келеді.
Қылмыстық және әскери қылмыстық заңнаманың біртұтастығы әскери қылмыс ұғымынан көрінеді.
Қазақстан Республикасы ҚК 366-бабында қылмыстың жалпы белгілері қайталанбай, тек қана әскри қылмыс объектісі мен субьектісінің ерекшеліктері көрсетіледі.
Арнайы орныдалған диплом жұмысында әскери қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы беріліп олардың мазмұнын ашуға бағытталған.

1 БӨЛІМ. Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы


Қазақстан Республикасын қарулы агрессиядан қор­ғау мемлекеттің ең маңызды функцияларына жатады және бүкілхалықтық іс болып келеді. Конституцияның 36-ба­бының 1-бөлігіне сай Қазақстан Республикасын қорғау, ұл­­тына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, мүліктік жә­­не лауазымды жағдайына, нәсіліне, тіліне, біліміне, ді­н­­ге қатынасына, кәсібінің тегіне және мінезіне, саяси жә­не өзге сенімдеріне, қоғамдық ұйымдар мен бір­лес­тік­тер­ге жатуына қарамастан, оның әр азаматының ардақты бо­ры­шы және міндеті болып келеді [1].


Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қыз­­метті заңмен белгіленген тәртіпте және түрлерде ат­қа­ра­ды (Конституцияның 36-бабының 2-бөлігі).
Қарулы Күштердің әскери жарғылары әскери бө­лім­­дері, басқармалары, мекемелері және ұйымдарының әс­ке­ри қызметшілері әскери қызметті атқаруының қатаң тәр­ті­бін тұралап анықтаған. Әскери тәртіпті бұзу, құқық бұ­зу­шылықтар жасау үшін әскери қызметшілері тәртіптік, ма­те­риалдық, әкімшілік және қылмыс жауапкершілігін кө­тереді.
Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының ҚК 16-тарауында (әскери қылмыстар) анықталған.
ҚК 336-бабына сай: "Әскерге шақыру бойынша не келі­сім шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қа­рулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа да әс­кер­лері мен әскери құрамаларында әскери қызмет ат­қа­ру­шы әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы аза-мат­тардың жиындардан өту кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қыл­мыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады".
Заңның мазмұнынан әскери қылмыстар болып, әс­ке­ри қызметті атқару тәртібін реттейтін қатынастарға (әс­кери қылмыстардың тектік объектісі) қиянат ететін қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер болып табылады.
Әскери қызметшілерінің әскери қызметті атқарудың белгілі тәртібіне озбырлық жасамайтын құқыққа қайшы іс-қимылды жасауы, мысалы: қарақшылық, зорлау, бұза­қы­лық және с.с. әскери қылмыстарға жатпайды және жа­уап­кершілікті ҚК басқа тиісті тарауларының баптары бо­йын­ша тудырады.
Бөлек әскери қылмыстарының нақты объектісі бо­лып – әскери қызметті өтудің бір немесе өзге жақтарын ор­на­татын қатынастар келеді. Нақты объектісі бойынша әске­ри қылмыстарды алты топқа бөлуге болады:
Әскери қызметкерлерінің арасындағы бағыну­шы­лық тәртібіне және жарғылық қарым-қатынастарға қия­нат жасайтын қылмыстар: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 367-бап); бастыққа қар­сы­лық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәж­бүр ету (ҚК 368-бап); бастыққа қарсы күш қолдану әре­кеттері (ҚК 369-бап); бір-бірінің бағыныштық қаты­нас­тары болмаған кезде әскери қызметшілердің ара­сын­да­ғы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұ­зу (ҚК 370-бап); әскери қызметшіге тіл тигізу (ҚК 371-бап);
Әскери қызметті өту тәртібіне қиянат жасайтын қыл­мыстар: бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тас-тап кету (ҚК 372-бап); қашқындық (ҚК 373-бап); дене мү­шесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әс­кери қызметтен жалтару (ҚК 374-бап);

2 БӨЛІМ. ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ


2.Әскери қызметшілері арасында бағынушылық тәртібіне және жарғылық қарым-қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар


Қазақстан Республикасының "Қорғаныс және Қа­зақ­стан Республикасының Қарулы Күштері туралы" За­ңы­ның 5-бабына сай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылуының ең маңызды қағидасы болып ор­та­лық­тандырылған басқару және бірбастылық келеді. Соң­ғы­сы командирді (бастықты) бағыныштыларына қара­ған­да өкімді биліктің толықтығына бөлеуден және олардың әс­кери қызметті атқаруының барлық жақтары үшін оған же­ке жауапкершілікті жүктеуден құралады. Қарулы Күш­тердің Уставына сай бір бастылық қағидасы коман­дирге (бастыққа) бағынышындағыларға бұйрықтар­ды беру және соңғыларды осы бұйрықтарды сөзсіз орын­дау­ға міндеттеу құқығын береді [4].
Командир (бастық) – бұл бір немесе армия, флот, әс­кери құрылым, әскери бөлімше, әскери кеменің немесе олардың бөлімшелерінің оған тұрақты болмаса уақытша басқа әскери қызметшілері бағынатын әскери қызметші.
Командирлер (бастықтар) бір-бірімен қызмет жағ­да­­йына немесе әскери атақтарына қарай айырылады. Мы­­­салы: әскери бөлімнің немесе оның құрамындағы бө­лім­шенің командирі өзінің қызмет жағдайына сай сол бө­лім немесе бөлімшенің жеке құрамы үшін бастық болып ке­леді, ал әскери атақтарына сай генералдар мен офи­цер­лер сержанттар, старшиналар, прапорщиктер, мичмандар үшін бастық болып танылады. Соңғылары өз кезегінде қатардағы сарбаздар мен матростар үшін бастық (ко­ман­дир) ретінде танылады.Бұйрық қызмет мүдделерінде заңдар мен әскери жарғылардың талаптарына сай беріледі. Ол жазбаша немесе ауызша нысанда, телефон, радио немесе телеграф не­­месе біреуді жіберу арқылы және басқаша да берілуі мүм­кін.
Бұйрық, басым көпшілік жағдайларда, бағынышты адамның әскери қызметі саласына жатады, бірақ та оның қыз­меттен тыс, көпшілік орындардағы және с.с. жер­лер­де­гі жүріс-тұрысына да қатысты болуы мүмкін.
Командир (бастық) бұйрығын орындамау – қауіпті әс­кери қылмыстардың бірі болып келеді және заң бұл үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырған. 367-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
ҚК 367-бабы бұл қылмысты: "Бағынбау, яғни бас­тықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқ­ты бастықтың белгіленген тәртіпте берілген бұйрығын ба­ғы­ныштының, қызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп өз­ге­дей әдейі орындамау" деп анықтайды.
Осы қылмыстың нақты объектісі болып – армия мен флотта бағыну тәртібін қатаң сақталуын қамтамасыз ете­тін әскери қарым-қатынастар келеді.
Объективтік жақ командир (бастықпен) бекітілген тәртіпте берілген бұйрықты орындамау, елеулі зиян бо­луын­да және іс-әрекет және салдары араларындағы се­беп­ті байланыста болып келеді. Бөлім, бөлімше жарғыға, жо­ға­ры тұратын бұйыруына сай өткізілген маңызды әскери ша­ралар сәтсіздікке ұшыраған жағдайларда зиян елеулі бо­лып танылады.
Бұйрықты орындамау нысаны бағыныштының ко­ман­дирдың бұйрығын үзілді-кесілді орындамауында, әлде оның бұйрығын өзгеше орындамауында, яғни, бұйрықты алған бағынышты адам оны орындаудан бас тартатыны туралы тікелей айтпаса да, іс жүзінде оны орындаудан бас тартқаны көрініс табуы мүмкін.

Арнайы қызметті атқару тәртібіне қарсы бағыт­тал­ған қылмыстар:


жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ере­жесін бұзу (ҚК 375-бап); шекаралық қызмет ат­қа­ру-дың ережесін бұзу (ҚК 376-бап); қарауыл (вахта) қыз­ме­тін атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 377-бап); ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ере­желерін бұзу (ҚК 378-бап); қоғамдық тәртіпті қорғау жә­не қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қыз­мет атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 379-бап);


Қаруды, оқ-дәрілерін, өзге әскери мүлікті күтіп ұс­таудың тәртібіне және әскери техниканы пайдалану ерек­шеліктеріне қиянат жасайтын қылмыстар: құрып ба­ра жатқан әскери кемені тастап кету (ҚК 382-бап); әс­кери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (ҚК 387-бап); әскери мүлікті абайсыздықта құрту немесе бүлдіру (ҚК 388-бап); әскери мүлікті жоғалту (ҚК 389-бап); ай­на­ла­дағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ зат­тар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (ҚК 390-бап); ма­шиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (ҚК 391-бап); ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу (ҚК 392-бап); кеме жүргізу ережелерін бұзу (ҚК 393-бап);
Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қа­рулы Күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын қыл­мыстар: билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қол­да­ны­луы немесе әрекетсіздігі (ҚК 380-бап); қызметке сел­қос қарау (ҚК 381-бап); жауға соғыс жүргізу құралдарын бе­ру немесе тастап кету (ҚК 383-бап); әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жа­рия ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғал­ту (ҚК 386-бап);
Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстар: тұтқынға өз еркімен берілу (ҚК 384-бап); тонаушылық (ҚК 385-бап);
Әскери қылмыстардың объективтік жағы әрекет­тер­ден, мысалы бастыққа қарсы күш қолдану іс-әрекетінде (ҚК 369-бап), әскери қызметшіге тіл тигізуде (ҚК 371-бап) немесе әрекетсіздіктен, мысалы: қызметке селқос қарағанда (ҚК 381-бап) тұруы мүмкін.
Өзінің құрылысы бойынша әскери қылмыстардың құ­рамдары – формальды (ҚК 373-бап), материалды (ҚК 390-бап) немесе формальды-материалды болуы мүмкін (ҚК 376-бап).
Көптеген әскери қылмыстардың субъективтік жағы қасақана кінәмен сипатталады, мысалы: бөлімді немесе қыз­мет орнын өз бетімен тастап кету (ҚК 372-бап), қаш­қындық (ҚК 373-бап), әскери мүлікті қасақана құрту не­ме­се бүлдіру (ҚК 387-бап) және басқалары. Кейбір әс­ке­ри қылмыстар абайсыздықтан да жасалынуы мүмкін, мы­салы: әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру (ҚК 388-бап). Бөлек қылмыстар қасақана да, абайсыз да жа­са­лынуы мүмкін, мысалы: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 367-бап), жауынгершілік кезек­шілікті атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 375-бап).
Бөлек жағдайларда субъективтік жақтың қосымша сипаттары болып қылмысты жасау мақсаты мен себебі келеді, мысалы: дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (ҚК 374-бап), жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (ҚК 383-бап) және с.с.
Әскери қылмыстардың субъектісі арнайы, яғни әс­кер­ге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қа­зақ-стан Республикасының Қарулы Күштер»інде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрама­ла­рын­да әскери қызмет атқарушы адам, осымен қатар жиындарды өтіп жатқан азаматтар.
1992 жылғы 22 желтоқсаннан Қазақстан Респуб­ли­ка­сының "Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы" Заңының 4-бабына сай Қарулы Күштер өзіне: әскери басқару органдарын, Қарулы Күш­тердің түрлерін – құрлық әскерлерін, ауаға қарсы қорға­ныс әскерлерін, әскері – ауа күштерді, тылды, әскери - құ­рылыс бөлімдерін, әскери-оқу орындарды кіргізеді [3].
Өзге әскери құрылымдары ретінде шекаралық және ішкі әскерлер, Республикалық Ұлан, Ұлттық қауіпсіздік ко­митетінің әскерлері, азаматтық қорғаныстың басқару ор­гандары мен бөлімдері.
Қазақстан Республикасының ҚК Ерекше бөлімі қа­рас­тырған құқыққа қайшы әрекеттерден әскери қыл­мыс­тар екі ерекшеліктермен – сұғынушылықтың ерекше объек­тісімен және қылмыстың арнайы субъектісімен айы­рылады.
Әскери қылмыстарды соғыс уақытында немесе жауынгершілік жағдайда жасау бағалау жағдайы болып келеді және өлім жазасына дейін көтеріңкі жауап­кершілікті тудырады.

5.Қаруды, оқ-дәрілерді, басқа әскери мүлікті ұстау тәртібін және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктерін бұзатын қылмыстар.


382-бап. Құрып бара жатқан әскери кемені тастап кету


Қылмыстың нақты объектісі – Қазақстан Республи­ка­сы Әскери-Теңіз Флотының Кемелік Жарғысымен бе­кі­тіл­ген, әскери кемені оның құруының қаупін тудыратын жағдайда ұйымдасқан түрде қалдыру қамтамасыз ететін, кемеде әскери қызметті атқару тәртібі.
Қылмыстың объективтік жағы – құрып бара жатқан әс­­кери кемені өзінің әскери міндеттерін ақырына дейін орындамаған кеме командирінің, сол сияқты командирдің оған тиісті үкімінсіз қызмет атқаратын кеме құра­мын­да­ғы адамның тастап кетуінен құралады.
Қылмыстың құрамы – формальды. Қылмыс көрсе­тіл­ген адамдармен құрып бара жатқан кемені құқыққа қай­шы тастап кетуі сәтінен бастап аяқталған болып есеп­те­леді.
Қылмыстың субъективтік жағы – тек тікелей қаса­қа­­налық.
Қылмыстың субъектісі арнайы – кеменің командирі не­месе кеме командасының құрамына кіретін қандай да бол­сын әскери қызметші.
ҚК 382-баптың 2-бөлігі жауапкершілікті осы бап­тың бірінші бөлігімен қарастырылған, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайда жасалынған іс-әрекеттер үшін бел­гі­лейді.
387-бап. Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру
ҚК-де қару-жарақты, оқ-дәріні, қозғалыс құрал­да­рын, әскери техниканы немесе өзге де мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру үшін жауапкершілік белгіленген.
Қылмыстың нақты объектісі – әскери мүлікті сақ­тау­дың белгіленген тәртібі. Қылмыстың заты - қару-жа­рақ, оқ-дәрілер, қозғалыс құралдары, әскери техника не­ме­се өзге де әскери мүлік.
Қылмыстың объективтік жағы – әскери мүлікті құрту немесе бүлдіру де болып келеді. Қылмыстың құра­мы ма­те­риалды. Қылмыс әскери мүлік құртылған, яғни толы­ғы­нан жарамсыз болған және қалпына келтіруі және тү­зе­тілуі мүмкін болмаған кезде аяқталған болып есеп­те­ле­ді. Мүлікті бүлдіру – оны тек жөндегеннен және қасиет­те­рін қалпына келтіруден кейін мақсатына сай пайдалануды мүмкін ететін жағдайға жеткізуде көрініс табады. Кінәнің әрекеттері мен зардап (мүліктің құруы немесе бүлінуінің) араларында себепті байланыс анықталуы тиіс.
Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей немесе жа­нама қасақаналық. Кінәлі әскери мүлікті құртатынын немесе бүлдіретінін сезінеді, барлық салдарды алдын ала болжайды, олардың болуын тілейді немесе осының болу мүмкіндігін алдын ала біле тұра осыны тілемегенмен бол-уына саналы түрде жол береді не бұған немқұрайды қарайды. Себептері әр түрлі болуы мүмкін: бұзақылық ниет­тері, мүліктің сақтығы үшін жауапкершілікті көте­ре­тін адамнан есесін алу және с.с..
Қылмыстың субъектісі арнайы – қандай да болсын әс­кери қызметші.
ҚК 387-бабының 2-бөлігі осы қылмыстың дәре­же­лен­ген түрін қарастырады: ауыр зардаптарға әкеліп соқ­тыр­ған дәл сол әрекеттерді. Осындай зардап ретінде әс­ке­ри мүлікті ірі немесе аса ірі мөлшерде құрту немесе бүл­ді­ру – бөлім, бөлімшенің өткізіліп жатқан немесе өткізуге жоспарланып жатқан әскери шараның сәтсіздікке ұшы­рауы және с.с..
388-бап. Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру
Қылмыстың нақты объектісі – ҚК 387-бабымен қа­рас­тырылған қылмыстың құрамындағыдай.
Бұл қылмыстың объективтік жағы – ҚК 387-бабы­ның 2-бөлігінде берілгенге тепе-тең болып келеді.
ҚК 388-бабымен және ҚК 387-бабының 2-бөлігімен қарастырылған қылмыстар тек кінә нысанымен ғана ерек­шеленеді. Бірінші – тек абайсыздықтан менмен­дікпен немесе қылмысты немқұрайлықпен жасалады.
389-бап. Әскери мүлікті жоғалту
Нақты объект – әскери мүлікті сақтаудың бел­гі­лен­ген тәртібі. Қылмыстың заты – әскери қызметшіге қыз­мет­­те пайдалануына сеніп берілген қару-жарақ, оқ-дәрі­лер немесе әскери техника заттары.
Қылмыстың объективтік жағы – олардың жоғалуы­на әкеліп соқтырған сеніп берілген қару-жарақ, оқ-дәрілер немесе әскери техника заттарын сақтау тәртібін бұзу. Қару-жарақ, оқ-дәрілер немесе әскери техника зат­та­рын сақтау, күту, ұстаудың ережелері мен тәртібі Жар­ғы­лармен, нұсқаулармен, уағыздармен, бұйрықтармен анық­талады [3].
Қылмыс әрекет және әрекетсіздік жолымен де жаса­лы­нуы мүмкін.
Қылмыстың құрамы – материалды. Қылмыс әскери қызметшіге сеніп берілген қару-жарақ немесе өзге әскери мү­лікті ұстау тәртіптерін бұзу салдарынан қоғамдық қа­уіпті салдар туындаған, мүлік жоғалған жоғалтылып алын­ған, жанып кеткен, толығынан жарамсыз болған жә­не с.с. сәттен бастап аяқталған болып есептеледі. Әскери мү­ліктің жоғалуы мен және оны күтіп ұстау ережелерін бұ­зу араларындағы себепті байланыс анықталуы тиіс.
Субъективтік жақ – менмендік немесе қылмысты немқұрайлық түріндегі абайсыз кінәмен сипатталады.
Қылмыстың субъектісі арнайы – оған қызметке пай­далануы үшін қару немесе өзге әскери мүлік тап­сы­рыл­ған қандай да болсын әскери қызметші.
390-бап. Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу
ҚК сай бұл қылмыстың мәнісі – айналасындағы­лар­ға үлкен қауіп туғызатын қару-жарақты, оқ-дәрілерді, радиоактивті материалдарды, жарылғыш және өзге де зат­тар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу болады, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр­лықтағы залал келтірсе, әскери мүліктің жойылуына не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса.
Қылмыстың нақты объектісі – Қазақстан Республи­ка­сы Қарулы Күштеріндегі қару-жарақты, оқ-дәрілерді, ай­наласындағыларға үлкен қауіп туғызатын жарылғыш жә­не өзге де заттар мен нәрселерді ұстау ережелері. Қосымша объект – жәбірленушінің денсаулығы немесе әс­кери техниканың сақтығы.
ҚК 390-бабының диспозициясында айнала­сын­да­ғы­ларға үлкен қауіп туғызатын заттардың нақты тізімі кел­тірілмейді. Оларға тағы да неше түрлі уландыратын зат­тарды, жарылуға қауіпті газдар мен парларды, көте­рің­кі күші бар электр аккумуляторларды, жоғарғы қуат электр-өткізгіш линияларды және с.с.қосу керек.
Объективтік жақ – айналасындағыларға үлкен қауіп ту­ғы­затын қару-жарақты және заттарды ұстау ережелерін бұ­зуда болып келеді. Аталған ережелерді бұзу – ай­на­ла­сын­да­ғыларға үлкен қауіп туғызатын қару-жарақты, заттар мен нәрселерді қолдану, пайдалану, сақтау, тасы­мал­дау­дың белгіленген әдістерін, тәсілдерін, амалдарын орын­да­мау немесе тиісті жолмен орындамауда болып келеді.
Құрамның қажетті шарты болып адам денсау­лы­ғы­на ауыр немесе орташа ауырлықтағы залал келтіру әлде әс­­кери мүліктің жойылуына не өзге ауыр зардаптар тү­рін­дегі салдар келеді. Өзге ауыр зардаптар ретінде қатардан жа­уынгершілік техниканы шығаруды, маңызды әскери не­месе азаматтық объектілерді құрту немесе едәуір бұзу­ды, улы заттармен жердің үлкен бөлшектерін су қой­мала­рын және ауаны уландыруды және с.с. түсіну қажет.
Субъективтік жақ – пайда болған нәтижелерге қа­рай кінә­нің абайсыз нысанымен сипатталады, белгіленген ережелерді бұзуға байланысты ол қасақана да болып келуі мүмкін.
Қылмыстың субъектісі – оған айналасындағыларға үл­кен қауіп туғызатын қару-жарақ, оқ-дәрілер немесе өз­ге де заттар мен нәрселер сеніп тапсырылған қандай да бол­сын әскери қызметші.
ҚК 390-баптың 2-бөлігінде дәрежеленген сипаты қарастырылған: көрсетілген бұзушылық салдарынан абай­сыз­дан адамның өліміне әкеліп соқтыру.
ҚК 390-баптың 3-бөлігі қару-жарақ пен айна­ла­сын­дарға үлкен қауіп туғызатын нәрселерді ұстау ережелерін бұзу нәтижесінде абайсыздан өмірден екі және одан көп адамды айыру үшін жауапкершілікті белгілейді.
391-бап. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу
ҚК сай бұл қылмыстың мәнісі – абайсызда адам­ның ден­саулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян кел­тірген әскери, арнаулы немесе көлікті машинаны жүр­­гізу немесе пайдалану ережелерін бұзуда болып келеді.
Қылмыстың нақты объектісі – Қазақстан Республи­ка­сының Қарулы Күштерінде белгіленген, оның жауын­гер­шілік дайындығын және пайдалану қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ететін, әскери жылжымалы техниканы тұтынудың ере­жесі.
Қылмыстың заты болып – жауынгершілік, арнайы не­ме­се көлік машиналары келеді: өз бетімен жүретін, же­ке­леп алғанда артиллериялық қондырғылар, транспортер­лар жә­не бронетранспортерлар, тартқыш машиналар және с.с. Ар­найы машиналар – бұл арнайы (инженерлік ме­ди­ци­на­лық жөндеу және с.с.) функцияларға арналған бульдо­зер­лер, скреперлар және басқа машиналар, сол сияқты жеке құрамды, қару-жарақты, оқ-дәрілерді, өзге әскери мүлікті та­сымалдауға арналған көлік машиналары.
Қылмыстың объективтік жағы – жауынгершілік, арна­йы немесе көлік машиналарын жүргізу ережелерін бұзуда не­­месе оларды пайдалану ережелерін бұзуда болып келеді. Жүргізу ережелерін бұзу жүргізушінің жүріп келе жатқан тех­никалық құралды жүргізу бойынша дұрыс емес әре­кет­терінен құралады: светофор немесе реттеушінің тыйым са­латын белгісіне қарамастан өтіп кету, озып кету, бұ­ры­лу және с.с. тәртібін сақтамау. Пайдалану ережелерін сақ­тамау – рейске техникалық бұзушылығы бар маши­на­лар­ды жіберуде, машинаны жүргізуге тиісті дайындығы жоқ немесе мас күйіндегі адамды жіберуде, машиналарды мақсатынан тыс пайдалануда және с.с.
Бұл іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік тек заңда көрсетілген зиян туындағанда ғана пайда бо­ла­ды. Қылмыстың құрамы – материалды, кінәлінің әре­кет­те­рі және туындаған зиянды зардап араларындағы себепті бай­ланыс анықталуы тиіс.
Субъективтік жақ туындаған зардапқа байланысты анық­талатын абайсыз кінәмен сипатталады.
6. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қарулы Күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын қылмыстар.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін рефор­ма­лау кезінде бірталай маңызды роль әскери басқару ор­гандарында да болып келеді. Оның қызмет етуінің үз­дік­сіз­дігіне, оның жұмысшыларының адалдығы мен жа­уап­ты­лығына байланысты республика қорғаныс қа­бі­лет­ті­лі­гін нығайту бойынша ірі масштабтық міндеттері ше­ші­леді. Осыған орай әскери басқару органдарының өз қыз­мет­керлері арасындағы қылмысты көріністер кө­те­рің­кі қа­уіпті болып келеді.


Не десек те, қылмыстық – біздің елдің Қарулы Күш­те­рінің басқару қатарларына да еніп кетті. Бұл ор­ган­­дар­дың жұмысшылары өздерінің құқыққа қайшы әре­кет­тер­менен соңғылардың қалыпты қызметін бұзады, олардың беделін, мәртебесін қоғам көзінде төмендетеді. Сондықтан әскери басқару өкілдерінің қылмыстық әрекеттеріне жол беруге болмайды және олар қылмыстық жауап­кер­ші­лік­ке әкеліп соқтыруы тиіс.
380-бап. Билікті теріс пайдалану, билікті асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі
ҚК осы бабында жауапкершілік үш бөлек қылмыс үшін қарастырылады:
1) билікті немесе қызмет жағдайын теріс пайдалану үшін;
2) билікті немесе қызмет өкілеттіктерін асыра қол­дану;
3) биліктің әрекетсіздігі.
Бұл қылмыстың нақты объектісі болып – әскери бас­қа­ру органдарының әдеттегі қызметі және Қарулы Күш­тер­дің мәртебесі келеді. Қосымша объект ретінде– жеке, қо­ғам­дық немесе мемлекеттік мүдделер болады.
Қылмыстың объективтік жағы келесілерде көрінуі мүмкін:
1. Бастық немесе лауазымды адамның билігін неме­се қызмет жағдайын теріс пайдалануында. Теріс пайда­ла­ну ре­тінде аталған адамдармен олардың иемденетін қыз­мет жағдайының арқасында және қызмет мүдделеріне қайшы жасалатын құқыққа қайшы әрекеттерін түсіну ке­рек.
2. Билікті немесе қызмет өкілеттерін асыра қол­дануда. Ол ретінде бастықпен немесе лауазымды адаммен оларға заң бойынша, жарғылармен, бұйрықтармен бе­ріл­ген құқықтармен өкілеттіктерден айқын асатын әре­кет­тер­ді жасау танылады.
3. Биліктің әрекетсіздігі. Бастық немесе лауазымды адамның әрекетсіздігі болып оның өзінің қызмет бо­йын­ша міндеттерін орындамауы танылады. Мысалы, 1994 жы­лы 10.08. Ішкі істер министрінің № 238 Бұйрығымен бе­кі­тілген Ішкі істер органдарының ішкі қызмет Жар­ғы­сы­ның 4-бабына сай (аталмыш жарғы ішкі әскерлерінің әс­ке­ри қызметшілеріне тарайды), бастық Қазақстан Рес­пуб­ли­касы заңдарын, Қазақстан Республикасы Пре­зи­ден­ті­нің шешімдерін берік және бір ізді жүзеге асыруы мін­дет­ті, бағыныштылары арасындағы жоғары тәртіпті ұстап оты­руы, бағыныштыларынан олардың міндеттерін, бұй­рық­ты және нұсқаулықтарды тура және дер уақытылы орын­дауды талап етуі, бағыныштының бір де бір теріс әре­­кетін әсерсіз қалдырмауы тиіс. Тәртіпті қалпына кел­ті­ру үшін әсер ету шараларын қолданбаған бастық – бұл үшін жауаптылыққа тартылады.
Құрамының құрылымы бойынша қаралатын қыл­мыс – материалды болып келеді. Сондықтан көрсетілген құ­қыққа қайшы әрекеттерден басқа елеулі зиян келтіру тү­рін­дегі қоғамға қауіпті салдардың туындауы және туын­даған салдар мен іс-әрекет араларындағы себепті байла­ныс­тың болуы қажет.
Елеулі зиян келтіру болып – бөлім немесе мекеме мүд­делеріне, сол сияқты әскери қызметті атқаратын аза­мат­тардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдде­ле­рі­не елеулі зиян тигізу болып танылады. Зиян бөлім, бө­лім­шеден жарғы, жоғары туратын басшылықтың уағыздары­на сай жүргізілетін маңызды әскери шаралар сәтсіздікке ұшы­рағанда елеулі болып танылады.
Қылмыстың субъективтік жағы – қасақана кінәмен си­патталады. Қасақаналық – тікелей немесе жанама да бо­луы мүмкін. Адам өз жүріс-тұрысын қоғамдық қауіптігін се­зінеді, осының нәтижесінде құқықпен қорғалатын мүд­де­лерге елеулі зиян келтірілуі мүмкін екенін алдын ала бі­леді және оның келтірілуін қалайды (тікелей қа­са­қа­на­лық­та) немесе оның келтірілуіне сезіне тұра жол береді (жа­нама қасақаналықта).
Қаралатын қылмыстың міндетті субъективті сипат­тары ретінде заң пайда табуға бағытталған немесе өзге же­ке мүдделікті таниды.
Билікті немесе қызмет жағдайын теріс пайдалану, би­­лікті немесе қызмет өкілеттіктерді асыра қолдану, би­ліктің әрекетсіздігіне қатысты арам мүдделілікті кінәліні өзі немесе басқа адамдар үшін материалдық пайданы мем­л­екеттік немесе өзге бөтен мүлікті заңсыз алып қоюсыз және өзінің немесе өзге адамдардың меншігіне те­гін аударусыз (мысалы, әскери көлікті заңсыз қолдану, құ­рылыс материалдарын алу және с.с.) алуға бағытталу ре­тінде бағалауға болады. Егер бастық немесе лауазымды адамның қиянат жасаушылықтары бөтен біреудің мүлкін ұрлаудың тәсілі болып келсе, онда жасалынған ҚК 176-бабымен қарастырылған қылмыс құрамын құрайды.

Қорытынды.


Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорыта келе мынадай қысқаша тұжырымдарға келеміз.


Қарулы Күштердің әскери жарғылары әскери бө­лім­­дері, басқармалары, мекемелері және ұйымдарының әс­ке­ри қызметшілері әскери қызметті атқаруының қатаң тәр­ті­бін тұралап анықтаған. Әскери тәртіпті бұзу, құқық бұ­зу­шылықтар жасау үшін әскери қызметшілері тәртіптік, ма­те­риалдық, әкімшілік және қылмыс жауапкершілігін кө­тереді.
Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының ҚК 16-тарауында (әскери қылмыстар) анықталған.

ҚК 336-бабына сай: "Әскерге шақыру бойынша не келі­сім шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қа­рулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа да әс­кер­лері мен әскери құрамаларында әскери қызмет ат­қа­ру­шы әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы аза-мат­тардың жиындардан өту кезінде әскери қызмет атқа-рудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қыл­мыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады".


Заңның мазмұнынан әскери қылмыстар болып, әс­ке­ри қызметті атқару тәртібін реттейтін қатынастарға (әс­кери қылмыстардың тектік объектісі) қиянат ететін қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер болып табылады.
Әскери қызметшілерінің әскери қызметті атқарудың белгілі тәртібіне озбырлық жасамайтын құқыққа қайшы іс-қимылды жасауы, мысалы: қарақшылық, зорлау, бұза­қы­лық және с.с. әскери қылмыстарға жатпайды және жа­уап­кершілікті Қылмыстық Кодекс басқа тиісті тарауларының баптары бо­йын­ша тудырады.
Әскери қылмыс ұғымы сонымен қатар әскери қылмыстылық заңнаманы жалпы қылмыстық заңнамаға кіргізілуіне де қарамастан салыстырмалы түрде дербес екенін көрсетеді. Сонымен бірге әскери қылмыстылықтар заңнама әскери қылмыстардың нақты құрамымен қатар өзінің ерекше жалпы бөлімі - әскери қылмыс түсінігін де қамтиды.
Өзіндік әскери қылмыстар қызмет жағдайына тән мысалы, қарауыл қызметін атқарудың жаорғылық ережелерін бұзу, өз бетімен бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету, апатқа ұшыраған әскери кемені тастап кету және т.б.
Салыстырмалы әскери қылмыстар жалпы қылмыстық заңнамада көзделген қылмыстарға ұқсас қылмыстар, бірақ бұлар әскери құқық тәртібіне қол сұғушылық болатынымен сипатталады сол себепті еліміздің қарулы күштеріне ерекше қауіп төнеді. Егер арнаулы әскери қылмыстарды жіктеу аса қиын болмаса қылмыстар мен салыстырмалы ара жігін ажырату қажет болғанда бұл мәселе айтарлықтай күрделене түседі.
Әскери қылмыстарға тағайындалатын жаза түрлері олардың қоғамдық қаупінің сипаты мен дәрежесіне, сондай-ақ жазаның тәрбиелееу мақсатына қарай белгіленген. Ал әскери қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі қол сұғу объектісіне қарай келтірілген зардаптарға жасалған әрекеттердің сипаты мен басқа да мән жайларға байланысты болып танылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі әскери қылмыстарға арналған 16 тараудың әрекеті қоғамдық қауіптілігіне қарай ғана емес кінәлі адамның жеке басы ерекшеліктеріне, сондай-ақ жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды барлық ескертуіне мүмкіндік беретін қылмыстық жазалау шаралары көзделгендігін атап өтуіміз қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет