1,1. Толық жұмысбастылық ұғымы .
Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес . Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды , осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100 % - нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең .
Басқа сөзбен айтқанда , толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі цикілдік жұмыссыздық нөльге тең болған жағдайда ғана жетеді . Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықты “ жұмыссыздықтың табиғи ( шынайы ) деңгейі ” деп те аталады Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі “ экономиканың өндірістік әлуеті ” деп аталады . Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты ( шынайы ) көлемі . Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе – теңдік жағдайында болғанда , яғни жұмыс іздеушілер мен бос орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнады . Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз - өң өлшем , өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек . Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін уақыт керек . Егер жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса , онда еңбек күші нарықтары сәйкес келмейді деген сөз ; мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдік жұмыссыздық пайда болады . Басқа жағынан қарағанда , жиынтық сұранысы артық болған жағдайда , жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады , яғни бос жұмыс орындардың саны жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан артық болады . Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен төмен болады . Еңбек күші нарақтарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады .
“ Табиғи ” термині экономика жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде жұмыс істеп , өзінің өндірістік мүмкіндігін қолданып жатыр деген ұғым бермейді . Біздің іскерлік циклдары қысқаша шолуымызды экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен жоғары болады деп айтып кеттік . Бірақ кейде экономикадағы жұмыссыздық деңгейінен төмен де болуы мүмкін .
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі де өз алдына тұрақсыз көрсеткіш . Ол кезеңді түрде еңбек күші мен институционалдық өзгерістерімен байланысты демографиялық қозғалыстар әсеріне түседі .
Күн сайын кейбір жұмысшылар жұмыстан шығады немесе оларды жұмыстан шығарады , ал кейбір жұмыссыз жаңа жұмыс табады . Бұл үздіксіз жұмыссыздар қатарына кіру және шығу жұмыссыздық жағдайдағы жұмыс күшінің үлесімен анықталатын факторды көрсететін жұмыс күші динамикасының үлгісін құрамыз .
L – жұмыс күші , E – жұмысшы саны , ал U – жұмыссыздар саны . Әрбір жұмысқа жарамды адам не жұмысшы , не жұмыссыз болатындықтан, онда :