1 бөлім. Жұмыссыздықтың теориялық негіздері



бет1/13
Дата05.12.2022
өлшемі0,97 Mb.
#161322
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Дип.-Жұмыссыздық-және-жұмысбастылық


Мазмұны .


Кіріспе..................................................................................................... 3


1 бөлім. Жұмыссыздықтың теориялық негіздері.


1,1. Жұмыссыздық және жұмысбастылық ......................................... 5
1,2. Жұмыссыздық түрлері және олардың себептері ...................... 11

11 бөлім. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықты талдау .


2,1.Жұмыссыздық көрсеткіштері .Жұмыссыздық ұзақтығы ..............15
2,2. ЖҰӨ және Оукен заңы ................................................................ 19
2,3. Еңбек нарығы ................................................................................. 21

111 бөлім. Халықты жұмыспен қамту саясаты .


3,1. Жұмыспен қамтудың қазіргі және бұрынғы теориясы .............25
3,2 Халықты жұмыспен қамту туралы............................................... 29

Қортынды...................................................................................................32


Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................34


Кіріспе
Қашанда өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық – еңбек нарығының бөлінбес элементі . Дегенмен , экономиканың тұрақтылығы еңбек нарығында жұмысқа деген сұранысты тудырады . Жылдан – жылға жұмыссыздық деңгейі әр қилы болып келеді .Бір жылы жұмыссыздық деңгейі жоғары болса , келесі жылы төмен болады . Бұған себеп не ? Бұл мәселеде көптеген себептерді алға тартуға болады . Ол :мемлекеттің экономикалық деңгейі , халқымыздың әлеуметтік жағдайы , білім деңгейі , инфляция , жұмыс орындарының аздығы немесе жұмысшыларға қойылатын талаптардың жоғарылығы , қатаңдығы , тіптен еңдек шартының өзі де жұмыссыздықтың туындауына әсер етпек .
Қазіргі таңда жоғары білімі бар немесе жоғары оқу орнын тамамдап , өз мамандығы бойынща қызметтерге орналаса алмай жүрген азаматтар қаншщама . Бәрінен де күрделі жағдайға келіп тірелетін оқу орнын жаңа бітірген жас мамандар . Өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан болса , бұрын соңды жұмыс істеген өтілі қажет етіледі . Осыдан барып адамдардың ағайын – туыс , жора – жолдас арқылы пара беру көмегімен жұмысқа орналасу жолдары пайда болады .
Басқа қаладан немесе ауылды жерлерден келгендері жұмыс таба алмаса өз жерлеріне қайтып , бірнеше жыл бойы оқып , ауыр еңбекпен алған дипломдары жарамсыз болып қалады . Ал енді біреулері өз мамандықтары болмаса басқа жұмыстарға орналсып , өлместің күнін көреді . Осыдан барып жоғары арнайы мамандығы бар жастардың мейрамханаларда ,
автокөлік жуу , тағы сол сияқты жерлерде жұмыс істеп жатқандары жиі кездесті .
Нарық жағдайындағы күрделі мәселелердің бірі жастардың еңбек нарығына тез қалыптаса алмауы . Жалпы жұмыссыздық деңгейінің азаюына қарамастан , кейбір мәселелер шешімін таба алмай отыр .
Жұмыссыздық әр мемлекетте бар және нарықта белгілі бір көлемде болып табады . Жұмыссыздықтың шамадан тыс болуы халықтың әл – ауқатына кері әсерін тигізері хақ . Ал бұл жағдай мемлекеттің араласуын талап етеді .
Жұмыссыздықтың мынадай саналуан түрлері болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық , құрылымдық , техналогиялық және т. б .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет