Жасырын жұмыссыздық - Өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады . Шын мәнінде , олардыңжұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады .
Фрикциондық жұмыссыздық –еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жорқтығының нәтижесінде болады .
Маусымдық жұмыссыздық – ауыл шаруашылығының кейбір салалағында ,
әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдері қолданылғанда болады .
Құрылымдық жұмыссыздық - өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде ,
сондай – ақ жынысының , жасының , ұлтының , мамандығының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін .
Техналогиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен ауыстру нәтижесінде болады , ол жұмыскерден кәсібін өзгертуді немесе мамандықта игеруді қажет етеді .
Жұмыс істейтіндер өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады , ал жұмыссыздар атқармайды , осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмеңдеуіне әсерін тигізеді .Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арсындағы жағымсыз тәуелділік , бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші , экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деп аталады .
Енбек нарығы бұл нарықтың ерекше түрі , онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады .Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады . Еңбек нарығы – экономикаға жағдай көрсетудің айнасы , тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын ,
жұмыссыздықтың сала бойынша , кәсіби біліктілік , демографиялық және басқада көрсеткіштерінің құрылымын байқатады . Осы құбылыстар АҚШ тағы еңбек рыногында айқын көрінеді . Осындағы салалық құрылымда екі тенденция байқалады : ауыл шаруашылығымен айналысатындар санының тез қысқаруы және олардың қызмет көрсету саясатында артуы . Себебі бұл сала бойынша ұлғая түсті және ол қоғамдық еңбекті қолданатын басты салаға айналды .
Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары ( тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы ) алады . Еңбек биржасы – бұл тұрақты негізде қызмет жасайтын мекеме , мұнда еңбекті жалдау кезінде жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы делдалдық іс - әрекет жүзеге асады
Қазақстан Республикасы ˝ Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы ˝ жұмыссыздығы үшін олардың , негізгі жалақысының 50 % - нан төмен емес мөлшерде кепілдікпен ақы белгіленді . Ол төлем республикадағы қалыптасқан жағдайға , күн көру деңгейімен төмен болмауы қажет . Салыстыру үшін жұмыссыздық бойынша ақы мөлшерін келтірейік : АҚШ – да жалақының 50 % - ын құрайды , Жапонияда жұмыссыздардың жас ерекшелігі мен басқада көрсеткіштеріне байланысты 3 – 12 айдың жалақысының - 60 – 80 % құрады , Францияда – 1 – 2,5 жылдағы жалақының 42 % - ын құрап , қосымша күніне 40 франк төленеді , ал 3 жыл бойы ерекше ақы төленеді . Ұлыбританияда 52 апта бойы 28,5 фунт стерлинг төлейді . Жұмыс істейтіндердің жалақысынан шегеріліп , сол жиналған соммалардан арнайы қор пар құрылады .
Қалай десек те , жұмыссыздық дерті – ауыр дерт . Осыншама жастарымыздың жұмыссыз болып , олардың арасында нашақорлық , түрлі қылмыс көбейе түскендігіне түк тандануға болмайды .
1. Жұмыссыздықтың теориялық негіздері .
Достарыңызбен бөлісу: |