1,1. Жұмыссыздық.
Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысына , әл ауқатының деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының артып , барлық жағынан дер қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын көрсетеді . Осыған байланысты қазіргі таңда нарықтық экономикамен әлеуметтік әділеттік негізіндегі жоғарғы өркениетті демократиялық қоғам құру жолында әртүрлі оқиғаларды басынан кешіріп отырған республикамыздың бүгінгі тіршілігіміздің негізгі мақсаты мемлекеттегі әрбір азаматтың бақытты өмірін және мұң мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету . Жұмыссыздық – Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебінің бірі болып отыр . Кедейлік себептерінің қатарына жұмыссыздықпен қатар халықтың шағын бизнеске қатысуының шектеулі қол жеткізуінің , жұмыс істейтін кедейлер жалақысының төмен деңгейін , комуналдық және білім саласындағы қызметтерге қол жеткізудің төмендігін, әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесінің жеткіліксіз тиімділігін адамзаттардың жекелеген санаттарының масылдық , көңіл – күйін , сондай – ақ кедей халықтың төмен хабардарлығын және қоғам өміріне қатысу дәрежесінің төмендігін жатқызған жөн .
Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық белсенді халық санындығы жұмыссыздар үлесі .
Еңбек өндіріс факторы, ерекше тауар болып табылады. Оның тауарлық формасының ерекшелігі мыналардан тұрады :
Бұл ресурс, әдетте, өзінің толық көлемде сатылу объектісі болып
шықпайды.
Жалдау формасындағы сату.
Шамалы жинақылық (аймақтық, өндірістік және т.б.)
Тұтас еңбектің бөлігі (әлеуметтік формада) тұрақты өтімді
таппайды. Қорытындысында тұрақты құбылыс - жұмыссыздық туады.
Жұмыссыздықтың бөлінуінде бірнеше формалар бар.
Экономикалық теорияда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген ұғымды ” пайдалану қалыптасқан. Оның мөлшері тапжылмастай емес. Әр елдерде ол мөлшер 2-ден 7 пайызға дейін әртүрлі деңгейге жетеді.
Мемлекеттің міндеті – жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейінің табиғи деңгейден асып кетпеуін бақылау болып табылады.
Америкалық экономист А.Оукен (Оукен заңы ) көрсеткен заңдылық бар.
Жұмыссыздық іс жүзіндегі деңгейі оның табиғи деңгейінен 1% -ға жуық артуы , іс жүзіндегі ЖҰӨ көлемін әлуеттік көлемін салыстырғанда 2.5%-ға
кейіндеуге жаткізеді .
Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипатына бірнеше факторлар әсер етеді :
- ғылыми – техникалық процес;
- экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылық;
- сыртқы экономикалық бәсекелестіктің күрт күшеюі;
Мұндай жағдайларда еңбек рыногы мынаған міндетті:
1.Өте жоғары жинақылыққа жетуге ( кәсіпқойлық, біліктілік, аймақтық және халықаралық көзқарастар аясында )
2.Үлкен икемділікке барып, қазіргі заманғы жағдайларға сай өте жақсы бейімділік танытуға .
3.Еңбекақы ставкаларын дараландыру ( еңбекақыны нақтылы жұмыскердің ағымдық еңбек үлесімін ғана емес, сонымен бірге адамның жұмысқа лайықтылығын , әлеуметтік мүмкіндігін және біліктілігінің өсуін есепке ала отырып құру керек )
Жұмыссыздық
Еркімен
Мәжбүрлі
Жұмыскер өз еркімен уақытша Жұмысқа орналасқысы келмеиді
(оны жұмыс сипаты немесе оның
ақы деңгейі тартпайды)
-еңбекке қабілеті халықтың аздаған бөлігіжұмыссыздар жағ-дайында болғанды қалый (тегін көмек алып)
Фрикциондық
(кәсіпті мекен-жайды және т.б
өзгертіуге байланысты болады)
Құрлымдық
(өңірлер мен салалардың даму,
Өндірісті жаңа және ескі сала-
ларға бөлу ерекшеліктерімен
жағдайласады)
Циклдік
(Экономикалық
коньюнктураның
дамуымен аяқталады)
1 – ші сызба .
Сонымен еңбек рыногын реттеу формасы болып тек Қазақстан Республикасындағы күшінде бар жалпы еңбек заңнамасы ғана емес, қайта еңбек келісімдер институты болуға тиісті.
Қазақстанда әлеуметтік еңбек сферасы аса бір реттелінбеген, дау дамайлы істердің бірі болып табылады. Республика әлдеқашан басқа дәуірге өткен, ал әлеуметтік – еңбек қатынастары 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін Кеңес өкіметі кезіндегі еңбек ақымен реттелініп келеді.
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы ” жаңа Заңы , сондай-ақ Қазақстан Республикасының “ Халықты жұмыспен қамтылу туралы ” және басқа заңдары күшіне енді . Ол заңдар азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек еріктілігіне деген конституциялық құқықтарын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарымен, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларымен қоса халықтың жұмыспен қамтылу сферасындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазіргі кезде, әсіресе, экономиканың мемлекеттік емес секторларында еңбек қорғаудағы , шеккен зияндарды қайтарудағы, мертігу немесе кәсіптік сырқатқа ұшырағандағы көптеген жұмыскерлер құқығының бұзылулары әдетке айналып барады.
1998 жылы Халқаралық еңбек ұйымының ( ХЕҰ ) басшылығымен Қазақстанда алғашқы рет ірі масштабта жүргізілген мынаны көрсетті ,- еңбек қауіпсіздігі болуға тиісті тексерілген кәсіпорындардың 30 % -дан астамында арнайы механизмдер , техникалар, аспаптар туралы айтпағанның өзінде , тіпті әуелі олардың күзет қызметтері болмай шыққан .
ХЕҰ есеп беру мәліметтері бойынша 1998 жылда Қазақстандық өнеркәсіптегі жұмыссыздық елдегі еңбек ресурстарының 41 % -нан астамынан асқан . Ал Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайын ХЕҰ дабыл қағарлықтай деп бағалады .
Өмір деңгейіндегі және әлеуметтік сфераны дамытудағы дағдарыстық
жағдайдың асқынуы , демографиялық көрсеткіштердің нашарлауы әлеуметтік - экономикалық қатынасты өзгертудің объективті қажеттілігіне және Қазақстанның бірқалыпты әрі орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін еңбек ресурстарының өндіргіш күшінің өсуін қамтамасыз ету үшін еңбек ресурстарының өндіргіш күшінің өсуін қамтамасыз етуге институционалдық және қаржылық механизмдердің талдаулары себепші болды.
Достарыңызбен бөлісу: |