Сабақ тақырыбы : §70. Иінді таразылар. §71. Жай механизмдер



бет1/6
Дата26.08.2017
өлшемі0,87 Mb.
#28271
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Пәні: физика

Класы:

Сабақ тақырыбы: §70. Иінді таразылар. §71. Жай механизмдер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға иінді таразылар, жай механизмдер және олардың жұмыс істеу принциптері туралы түсінік беру .

Сабақтың міндеттері:

1. Жай механизмдердің түрлерімен таныстыру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: дәстүрлі емес, саяхат сабақ

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, есеп шығару

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, иінтірек, таразылар, блоктар, жүктер, саяхат бағыты сызылған плакат, суреттер.

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Саяхатқа даярлық (үй тапсырмасын тексеру).

  3. Жаңа сабақты түсіндіру.

А) «Иінді таразылар» елімен танысу. (жаңа тақырыпты түсіндіру)

№1 бөгет (жаңа сабақты бекіту)

Ә)«Жай механизмдер» елімен танысу. (жаңа тақырыпты түсіндіру)


  1. Сабақты бекіту тапсырмалары:

№2 бөгет

№3 бөгет


№4бөгет

  1. Үйге тапсырма беру.

  2. Бағалау.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымы мен даярлығын тексеру.
2.Мұғалімнің сөзі: Оқушылар, бүгінгі сабағымызда саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін төмендегідей тапсырмаларды орындауларыңыз керек:

1. Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады?

2. Механикалық энергияның сақталу заңын қалай тұжырымдайды?

3. Иіндік деген не?

4. Күш иіні дегеніміз не?

5. Күш моменті деген не?

6. Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады?

Автобуспен саяхатымызды жалғастырайық.



3. Енді «Иінді таразылар» елімен танысайық.

Иінді таразылар елімен таныспас бұрын мына сұрақтарға жауап берейік.




Білемін

Білгім келеді

Үйрендім





























Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.



Зертханалық теңиінді таразының жұмыс істеу принципін демонстрациялау.

Таразы тепе-теңдікте тұрғанда бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни немесе

Зертханалық теңиінді таразыда күш иіндері тұрақты шама:

d1=d2

m1g=m2g

m1=m2.

Егер кір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.

Аса ауыр денелердің массаларын анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.

Ондай таразының тепе-теңдік шарты:

mgℓ=MgL, мұндағы m-кір тастарының массасы, М-өлшенетін дененің массасы.

Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.

Оқушылар, «Иінді таразылар» елімен танысып болсақ әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.

4. Жол бойындағы бөгеттің тапсырмасын орындау:

1. Теңиінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады?

2. Теңиінді және ондық таразылардың жұмыс істеу принциптерінің өзгешелігі неде?

3. Бір ғана кір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса, оның жұмыс істеу принципі қандай?

Саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет