1 бөлім Оқу құралы Қостанай, 2014


Қазақстандағы еңбек нарығының басты мәселесінің бірі және әлеуметтік мәнге ие болатын мәселе жасырын жұмыссыздық немесе толық емес жұмысбастылық



бет3/6
Дата23.08.2017
өлшемі1,02 Mb.
#25732
1   2   3   4   5   6

Қазақстандағы еңбек нарығының басты мәселесінің бірі және әлеуметтік мәнге ие болатын мәселе жасырын жұмыссыздық немесе толық емес жұмысбастылық. Ол өндірістегі еңбек өнімділігінің төмендігіне, әр түрлі экономикалық және қаржылық жағдайлармен байланысты болып отыр. Еске түсіретін болсақ 1998 жылы Қазақстандағы жасырын жұмыссыздық деңгейі 3,2% болды. Мысалы. 1998 жылы мемлекетік жұмыспен қамту қызметіне 537,2 мың адам ғана тіркелген. Жұмысбасты азаматтар саны 105,3 мың адам (тіркелгендердің 19,6%-ғана), соның ішінде жастар (16-23 жастағы - 35,4%).

Республикадағы соңғы жылдардағы еңбек нарығындағы күрделі мәселе ресми емес жұмысбастылық, яғни заңды түрде ресімделмеген қатынастар болып отыр. Ресми емес жұмысбастылық әлеуметтік амортизатор рөлін атқарып, халықтың өмір сүру деңгейін төмен көрсетуге себеп болып отыр. Сонымен қатар ол әлеуметтік және құқықтық қорғау шеңберін кеңейтіп, қылмысты құбылыстардың орын алуына жағдай жасап отыр. Осыған байланысты қарсылық және құқықтық саясат көптеген кәсіпорындардың екі жақты бухгалтерия жүргізуіне институттық орта құрумен жағдай күрделене түсу нәтижесінде жалпы еңбек қатынастарының жүйесі еңбек туралы заңға бағынбайтындай және өзіндік жеке мөлшерлермен реттеліп, ол көп жагдайда қылымысты жағдайлармен сипатталады. Бұл жұмыстың жағдайын айтарлықтай нашарлатып отыр және еңбек нарығын қылмысты топтардың басқаруына жол ашып отыр. Бұл жағдай көптеген өндірістердің уақытша тоқтап, ондағы жұмыскерлердің мәжбүрлі түрде демалысқа шығуымен және еңбекпен қамтамасыз етілмегендіктен елден мәжбүрлі миграциясын тудырып отыр. Осылайша, жұмыс күшін біртіндеп босату, артық жұмыс орындарын сақтау, оның екінші реті, бейресми түрлерін азайту. Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу моделін сипаттайды. Ол экономика және қоғамның реакциясы ретінде және өтпелі кезеңде әлеуметтік және экономикалық тиімділік арасындағы байланысты тұрақтандыруға, экономиканың қайта құрылуы мен адам әлеуетін сақтаудың қажеттілігін қамтамасыз ететін институттардың жоқтығымен сипатталады.



Жұмыспен қамтамасыз ету адам әлеуетін сақтау мен дамытудың негізгі факторлары болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік жұмыспен қамту саласындағы саясатын өңдеу мен жүзеге асыру өте күрделі мәселе, әсіресе өтпелі кезең тұсында. Осыған орай, жалпы ұлттық көлемінде бос жұмыс орындарының және ақпараттылық жүйе; жұмыс күшін қайта даярлау; сонымен бірге жаңа жұмыс орындарын құру қызметіне салықтың төмен көрсету талап етіледі. Еңбек рыногының қажеттілігіне сай кәсіпорындық құрылымдардағы басқару және қаржыландыру жүйесін жақсарту болып табылады.

Егер жұмысты жоғалту өндірістің циклдық төмендеуінің нәтижесінде орын алған болса, онда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы тиімді деп саналар еді. Бірақ жеткілікті жұмыс орынның болмауы жүйелі трансформациямен байланысты болса, оған жаңа тиімді шаралар қолдану керек болады.



Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз - азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі - деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген.

Жұмысбастылық саясатының сұрақтарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек.

Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық - тұрғындардың қоғамдық өнімді немесе ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте - жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді.

Әлеуметтік тұрғыдан, жұмысбастылықтың мынадай түрлері бар: жалпы білім беретін және арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу , қарттар мен ауруларды бағып - күту, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу.

Қоғамның дамуы тұрғысынан алғанда қоғамдық өндірістегі жұмысбастылық негізгі болып табылады. Ол қоғамның экономикалық әлеуетімен қатар, тұтастай тұрғындардың өмір сүру сапасы мен деңгейін және жеке азаматтардың жақсы тұрмысын сипаттайды .

Еңбек нарығындағы бұл түсініктердің қандай мәні бар?

Біріншіден, олар ұлттық табысты құруға қатысатын қоғамдық еңбек әлеуетін неғұрлым дәл анықтауға мүмкіндік береді;

Екіншіден, олар еңбек әлеуетінің көлемін және оның елдің және оның аймақтардағы қолданылуын неғұрлым дәл болжауға мүмкіндік береді;

2. Еңбек өнімділігі мәні және өлшеу әдістері. Еңбек өнімділігі – бұл өндіріс нәтижесінің оған сәйкес адам еңбегінің шығынына қатынасы арқылы өрнектелетін еңбек үдерісінің тиімділігінің көрсеткіші.

Еңбек өнімділігінің келесідей түрлерін ажыратуға болады.



Дербес еңбек өнімділігі бұл жеке нақты жұмыскердің немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімінің өнімділігі; жергілікті еңбек өнімділігі – аймақтағы немесе саладағы еңбек өнімділігі; қоғамдық еңбек өнімділігі – бұл халық шаруашылығы бойынша, толығымен ел экономикасының еңбек өнімділігі. Қоғамдық өнімділіктің динамикасы мен жағдайын бақылау экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды функциясы болып табылады. Бірақ, нақты кәсіпорында, салада немесе елде, сол уақыт аралығында өнім мен қызмет көлемінің өзгеруі еңбек өнімділігінің өсуінен ғана емес, сонымен бірге қарқынды еңбекке байланысты өзгерістің нәтижесі болуы мүмкін. Еңбек қарқындылығы мен қауырттылығы - бұл уақыт бірлігінде жұмыскерлер жұмсайтын адам ағзасындағы энергияның шамасы. Еңбек өнімділігін өлшеу, көбінесе, тауарлар өндірісі нәтижесінің еңбек бірлігіне (өнімділік) қатынасы арқылы немесе кері шама - еңбек шығынының (еңбек сыйымдылығы) тауарлар өндірісі нәтижесіне қатынасымен жүзеге асырылады. Өнім, жұмыс және қызмет көлемінің өнімділігін табиғи немесе шартты-табиғи бірлікпен өлшегенде, келесідей формула қолданылады:
Ө=T/ ЕШ
мұндағы: Т-тауарлар көлемі

ЕШ-еңбек шығындары


3. Еңбекке ақы төлеудiң негiзгi ұстанымдары мен түрлерi. Агробизнес тиiмділiгi көбiнесе ауылшаруашылық кәсiпорындарында еңбекке ақы төлеудiң дұрыс ұйымдас­тырылуына тәуелдi.

Ауыл шаруашылық және агроөнеркәсiп кәсiпорындарында еңбекке ақы төлеудi ұйымдастыру кезiнде еңбекке ақы төлеудiң негізгi ұстанымдарын ескеру қажет:



  • Тауарлар мен қызметтер өндiруге ciңipгeн еңбектiң саны мен сапасы бойынша ақы төлеу. Бұл ұстаным жоғары сапа кезiнде саны (ұзақтығы, қарқындылығы мен күрделiлiгi) бойынша бiрдей еңбек үшiн қызметкердiң жынысына, жасына және қай ұлтқа жататынына қарамастан бiрдей ақы төлеу жүргiзілетiнiн бiлдiредi.

  • Еңбекке ақы төлеудiң өcyi мен еңбек өнiмдiлiгiнің өcyi арасындағы дұрыс ара қатынас. Еңбек өнiмдiлігiнiң өcyi еңбекке ақы төлеудiң өсуiнен асып түсуге тиiс, тек сондай жағдайда ғана өндiрiс тиiмділігiн арттыру қамтамасыз етiледi.

  • Еңбекке ақы төлеу кепілдiгi және кызметкерлердiң матери­алдық ынталылығы. Жұмысшылар мен қызметшiлер тиiстi дәрежедегі кызметкерлердің белгіленген тарифтiк ақылары және кызмет жалақылары бойынша, сондай-ақ кызметкердi жалдау шартына сайкес кепілдi еңбек ақы алады. Әрбiр кызметкердiң еңбек ақысы жұмыстың ақырғы нәтижелерiмен, оған жеке еңбек ciңipyiмeн анықталады және еңбек ақының ең жоғары мөлшерi шектелмейдi.

  • Ақы төлеу жүйесiнiң қарапайымдылығы мен айқын­дылығы. Еңбекке ақы төлеудiң колданылатын жүйелерi әpбip қызметкерге әбден түсiнiктi болуға тиiс, сонымен еңбекке дегeн материалдық ынталандырулар күшейтіледi.

Жоғарыда қарастырылған ұстанымдар eңбeктi нормалау, тарифтiк жүйе, еңбек ақы түрлерi мен жүйелepi арқылы ic жүзінде өзiнiң нақты көpiнiciн табады.

Жұмсалған еңбек санын есептеу мен еңбектi қоғамдық бағалау нормалаудың көмегiмен қамтамасыз етiледi.

Еңбектiң сапа жағы еңбекке ақы төлеуде тарифтiк жүйе арқылы көрiнiс бередi, ол жүйе еңбектiң қызметкерден белгiлi бip білiктілiк талап ететiн күрделiлiгiн, қоғамға маңыздылығын, еңбектiң ауырлығын және басқа белгiлерiн ескередi.

Тарифтiк-жүйе тарифтiк баға беру анықтамаларын, тарифтiк кестелердi (сеткаларды) және тарифтiк ақыларды (ставкаларды) қамтиды.

Тарифтiк - баға беру анықтамасы ауыл шаруашылығында орындалатын жұмыстар тiзiмі және олардың баға беру сипат­тамалары (жер жырту, eгic, топырақ қопсыту) бар нормативтiк құжат болып табылады.

Жұмыстың әpбip түрi оның күрделiлiгiне, көп еңбек ciңipi­луiне, қызметкердiң бiлiктілiгiне және басқа жағдайларға қарай тарифтiк кестенiң тиiстi бағалану дәрежесiне жатқызылады. Тарифтiк кесте - тарифтiк коэффициенттердiң бiрнеше дәрежелерiнен тұратын көрсеткiштер (шкала), әртүрлi бағалану дәрежесiндегi бiрiншi, екiншi, үшiншi дәрежелi инженер қызметкерлердiң тарифтiк ақыларының 1 дәреженiң ақысына қатысты ара қатысы бойынша анықталады.



Тарифтiк ақы (ставка) - өнiмдiлiк нормасын орындағаны үшiн немесе жұмыс күнi үшiн еңбекке ақы төлеу мөлшерi. Халық шаруашылығында белгіленген, еңбек ақының ең аз мөлшерi негiзiнде есептелiнген 1 дәреженiң ақысы бастапқы (мөлшерi жөнiнен ең аз) ақы болып табылады.

Мәселен, тракторшы-машинешілердiң тарифтiк ақылары үш аймақтық топ бойынша ауыл шаруашылық өндipici жағдай­ларына қарай белгіленедi.

Тарифтiк ақылардың бipiншi тобы өндiрiс жағдайлары өте жақсы шаруашылықтарда қолданылады.

Екiншi тобы - жағдайлары орташа аудандар мен облыста­рдың көпшiлiгiнде қолданылады.

Үшiншi тобы - жағдайлары онша мәз емес шаруашылық­тарда қолданылады.

Еңбектi нормалау мен тарифтiк жүйе еңбектiң сапасы мен санын және сол үшiн ақы төлеу шараларын анықтауда маңызды рөл атқарады.

Әртүрлi кәсiптер мен мамандық қызметкерлерiнiң табысын есептеп шығару mәpmiбi ақы төлеу түрiмен және жүйесiмен айқындалады.

Еңбек шығындарын есептеу тәсiлiне қарай еңбек ақы төлеу түрлерi келiсiмдi және мерзiмдi болып бөлiнедi.



Keлiciмдi ақы төлеу кезiнде табыс қызметкер өндiрген өнiмнiң санымен немесе орындалған жұмыс көлемiмен анықталады.

Мерзімдi ақы төлеу кезiнде қызметкердiң табысы өндiрілген өнiм санына немесе орындалған жұмыс көлемiне қатыссыз қызметкер жұмыс iстеген уақыт мөлшерiмен айқындалады. Ақы төлеудің бұл түрi өнiмділiк нормаларын белгiлеу мүмкiн емес немесе ретi жоқ жағдайларда қолданылады. Мысалы, басқарушы қызметкерлердiң еңбек ақысы.

Келiсiмдi және мерзiмдi ақы төлеудiң бiрнеше жүйелерi бар: қарапайым кесiмдi ақы төлеу мен қарапайым мерзiмдi ақы төлеу, кесiмдi-сыйлық ақы төлеу, мерзiмдi-сыйлық ақы төлеу, келiсiмдi (аккордтық) ақы төлеу және келiсiмдi-сыйлық ақы төлеу.



Бақылау сұрақтары :

1. Ауыл шаруашылығында еңбекті ұйымдастыру факторы деген не?

2.Аграрлы еңбектің өнімділігі: түсінігі,өнімді және еңбек шығының өлшеу

деген не?

3.Еңбек сыйымдылығы: түсінігі және түрлері. Аграрлы еңбек өнімділігінің

және еңбек сыйымдылығының өзара байланысын түсіндіріңдер.

4. Аграрлы еңбек өнімділігінің көрсеткіш жүйесі,оның ерекшеліктері дегенді

қалай түсінесіз?

5. Аграрлы еңбек өнімділігінің негізі (толық) көрсеткіштері.

6. Аграрлы еңбек өнімділігінің қосымша (толық емес) көрсеткіштері.

7. Аграрлы еңбек өндірістілігінің факторы деген не?

5 тақырып. Интенсификация және ауылшаруашылығындағы ғылыми – техникалық прогресс.
Мақсаты: Ғылыми-техникалық прогресстің ауылшаруашылығындағы маңызын білу
Жоспары:

1. Аграрлық өндірісті интенсивтендіру түсінігі, экстенсивті және интенсивті даму жолдары.

2. Ауыл шаруашылығының интенсивтендірудің экономикалық көрсеткіштері.

3. Интенсивті дамудың негізгі факторлары.


1. Аграрлық өндірісті интенсивтендіру түсінігі, экстенсивті және интенсивті даму жолдары. Ауылшаруашылығын дамыту екі түрлі формада жүзеге асырылуы мүмкін: саланы дамытудың экстенсивті түрінде өңделетін жерлердің ауданын кеңейту есебінен, сондай-ақ техникалық негізде өзгертілместен табиғи азықтық игіліктер мен жердің табиғи құнарлығын пайдалану есебінен өндірісті өсіру іске асады.

Керісінше, интенсивті даму - өңделетін әрбір гектар жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру, ғылыми-техникалық серпіліс жетістіктері негізінде оның өнімділігін көтеру, өндірісте ұйымдастырудың құралдары мен формаларын жетілдіру.

Ауылшаруашылығында ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті және интенсивті формаларын бір мезгілде дамыту, келесі жағдайларда мүмкін:


  • егер өнімнің көлемін арттыру өндірістің интенсивті формасына қарағанда жаңа жерлерді игеру арқылы қол жеткізу еңбек және қорлар шығындарын аз жұмсауды қажет етсе;

  • жаңа жердерді игеруге де интенсификациялау кезінде қол жеткізуге қажетті балама нәтиже үшін талап етілетін еңбек және қорлар шығыны жұмсалатын болса;

  • жаңа жерді игеру ескі егістік жерлерді өңдеуге қарағанда, жоғары интенсивті дәрежеде жүрсе, ал аудан бірлігінен алатын өнім шығыны ескі егістік жерлерге қарағанда жоғары болса. Бұл жағдайда алқаптардың ұлғайуымен бірге оның құнарлылығы түбірлі түрде жақсарады.

Ауылшаруашылық дамытудың негізгі және келешекті бағыты оны интенсификациялау болып табылады.

Ауылшаруашылық интенсификациялаудың объективті алғы шарттарына жататындар:



  • ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамды жерлердің шектеулігі;

  • өндіргіш күштердің тұрақты дамуы, жерді өңдейтін құралдар мен қорлардың жетілдірілуі;

  • дамушы қоғамдық еңбек бөлінісі;

  • қала тұрғындарының өсуі, сәйкесінше ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныстың артуы.

Интенсификация айналымға жаңа жерді енгізуді жоққа шығармайды, ол екі жағдайда мүмкін:

  • біріншіден, ауылшаруашылық өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысты интенсификация есебінен ғана жабу мүмкін емес;

  • екіншіден, егер егістік алқаптарды ұлғайту күрделі және ағымдағы шығындардың суммасында көбірек өнім алуға мүмкіндік берсе.

Сонымен бірге, интенсивті технологияның қоршаған ортаға мүмкіндік болатын кері әсерін де ескеру қажет. Осылайша, ауылшаруашылық интенсификациялау деп, бір мезгілде жердің экономикалық құнарлығын өсіру және қоршаған ортаны сақтай отырып, өндіріс көлемін ұлғайтып және оның тиімділігін көтеру мақсатында, өндірістің техникасы мен технологиясын жетілдіру негізінде жүзеге асатын, алқаптарға материалдық және тірі еңбек қорларын «қосымша құюды» айтады.

Кез келген «қосымша құюлар» интенсификацияға әкеле бермейді, тек олардың ішіндегі өндірістің сапалық жетілдірілуімен, жердің құнарлығын арттырумен, аудан бірлігінен өнім шығымын арттырумен қатар жүретін «қосымша қорлар» ғана интенсификацияға әкеледі. Мұндай құюлар, ереже бойынша өндірісті ұйымдастыру формаларын өзгертімен, жаңа техника мен технологияны игерумен байланысты болады.



2. Ауылшаруашылығының интенсивтендірудің экономикалық көрсеткіштері. Ауылшаруашылық интенсификацияларды қарастырғанда оның екі аспектісін ажырату керек:

  1. Қол жеткізілетін интенсивтілік деңгейі;

  2. Осы процестің экономикалық тиімділігі.

Ауылшаруашылық өндірісін интенсивтендіру деңгейі өндіріс және еңбек қорларының бір ғана өнердің ауданына шоғырлану (концентрациялану) дәрежесін білдіреді. Оны анықтау үшін – жалпы және жеке, құндық және натуралдық көрсеткіштер жүйесін қолданады.

Интенсивтендіру деңгейінің негізгі көрсеткіштеріне келесілер жатады:

1.Ауылшаруашылық жиынтық шығындары (ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік қорларының және амортизациясыз өндіріс шығындарының сомасы). 1 га жер ауданы есебінде:

 ;

Мұндағы:

И1–интенсивтендіру деңгейі, тенге 1 га-ға;

Фос–ауылшаруашылықтың негізгі өндіріс қорлары, теңге;

ПЗ–өндірістік шығындар, теңге;

ПЛ–ауылшаруашылық жерлерінің ауданы, га;

А–негізгі қорларды амортизациясы.
2. 1 га ауылшаруашылық жерлеріне жұмсалатын өндірістік қорларының құны (негізгі және айнымалы).

;

Фоб–айнымалы өндірістік қорлар, теңге.


3. 1 га жер ауданы есебіндегі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік қорларының құны (қоржабдықталуы):

;

4. 1 га ауылшаруашылық жерінің есебінде ауылшаруашылығы ағымдағы өндірістік шығындар суммасы:



.
3.Интенсивті дамудың негізгі факторлары. Ауылшаруашылық экономика тиімділігі интенсификация факторларынан едәуір дәрежеде тәуелді.

Интенсификацияларының барлық факторларын үш топқа бөлуге болады.



Бірінші топқа, ауылшаруашылық дақылдарының және мал шаруашылық өнімділігі олардың биологиялық әлеуетін толық пайдалану есебінен жүреді. Жер өңдеуде бұл топқа жататындар: тыңайтқыштарды қолдану, агротехника тәсілдерін жетілдіру, жоғарғы өнімді өсімдіктердің жаңа сорттарын қолдану, тұқым себу, суаруды жетілдіру, және т.б; Мал шаруашылығында – азықтық базаны жақсарту, тұқымдастық және ветеринарлық жұмыстар малдың күтім жағдайын жақсарту.

Екінші топ факторлары ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге және малды күтуге еңбек шығындарын азайтуды қамтамасыз етеді, оларға ауылшаруашылық өндірісін кешенді механизациялау және электрификациялау, ұйымдастыру және еңбек ақыны жетілдіру жатады.

Үшінші топқа өндірістік ресурстарды (жер, материалдық және еңбек) тиімді пайдалану үшін жағымды жағдай, сондай-ақ ғылыми техникалық серпіліс жетістіктерін игеруді тездету үшін жағдайлар жасау. Бұлардың ішіндегі маңыздылары – мамандандыру, шоғырландырылу (концентрация) және ауылшаруашылық өндірісін кооперациялау, АӨК-дегі меншік және шаруашылық формаларын, экономикалық механизмді жетілдіру, еңбек жағдайын және жұмысшылар демалысын жақсарту.

Осыған байланысты интенсификацияларының маңызды бағытына интенсивті, ресурссақтаушы технологияларды қолдану б.т. Ресурссақтаушы технологиялар тікелей шығындардың, өнімнің және өндірістік процесстердің материал сыйымдылығының төмендеуіне, максималды өнім мөлшері мен пайда алуда экологиялық нормаларды қатаң қадағалауға бағытталған. Бұларды сөзсіз қолдану шарты жоғарғы жер өңдеу ісі, тұқым себу айналымдарын қадағалау, машиналар мен білікті мамандар жүйесінің болуы.

Ауылшаруашылық өндірісін интенсификациялау басқа бір бағыты – кешенді механизациялау.

Әзірге ауыл шаруашылығы – халық шаруашылығының ең бір еңбек сыйымдылығы жоғары саласының бірі, мұнда қол еңбегінің үлесі жоғары.

Механизацияға, дегенмен, тек тракторлар паркінің және ауылшаруашылық машиналарының көбеюін жатқызуға болмайды. Ауыл шаруашылығына әр түрлі машина қажет. Олар ірі және шағын тауар өндірушілердің (фермерлік шаруашылық және кішігірім кооперативтер) талаптарына сай келулері керек.

Өндірістік процесті механизациялау деңгейінің артуы еңбек өнімділігінің өсуіне, барлық материалдық ресурстардың пайдалануы жақсартуға ықпал етеді.

Химизация ауылшаруашылығының интенсификациялаудың негізгі шарттарының бірі болып қала береді. Ол ауылшаруашылық дақылдарының және малдың өнімділігінің өсуіне, өнім сапасының жақсаруына әкеледі, еңбекті үнемдеуге және оның өнімділігінің артуына ықпал етеді. Мұнда бірден екі бағытты атап өтуге болады:

1.Минералдың тыңайтқыштарды қолдану. Ғылыми - зерттеу институттарының мәліметі бойынша 1ц баланстанған минералды тыңайтқышты себу, қосымша 1,2-1,5 ц. астық, 8-12 ц. қант қызылшасының тамырларын, 7-10 ц. картоп, 10-12 ц. көкөніс алуға мүмкіндік береді екен.

2.Алқаптағы өсімдік зиянкестерін жою үшін гербицидтер қолдану. Химиялық өңдеуден кейін 80-90 % зиянкес жойылып, астық өнімділігі орташа есеппен 10%-ға, қант қызылшасы – 15%, көкөніс – 20%-ға артатынын тәжірибелер көрсетіп отыр.

3.Өсімдіктер мен малдарды аурулар мен зиянкестерден қорғау үшін химиялық құралдарды пайдалану ауылшаруашылық өндірісіне үлкен зардабын әкелуде. Мамандардың есебі бойынша осы себеппен ауылшаруашылық дақылдарының 20%-ы ысырап болып жатады.

Ауылшаруашылық – интенсификациялауға, сондай-ақ жерді мелиорациялау – суару, құрғату, әктеу, гипстеу ықпал етеді. Мұндай іс-шаралар ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін 1,4-1,8 есе көтеруге және өндіріс тиімділігін арттыруға айтарлықтай ықпал етеді.

Мал шаруашылығының тиімділігін арттырудың міндетті шарты – тұқымдастыру (племенная) жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру.

Жоғарғы сортты мал отарларын қалыптастырып, оларды толыққанды азықтандырып, жақсы күткен жағдайда бірлік шығынға өнім шығымын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Экономикалық дағдарыс жағдайында АӨК-дегі экономикалық механизмді жетілдіру, өндірісті ұйымдастырудың прогрестін формасына өту, еңбектің жоғарғы өнімділігін ынталандырудың үлкен мәні бар. Ауылшаруашылық интенсификациялау мамандандырылған кәсіпорындарда сәтті жүзеге асады, себебі оларда ғылыми - техникалық серпілістің жетістіктерін өңдеуге жағымды жағдай жасалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет