1 бөлім Оқу құралы Қостанай, 2014


Бағаның түсінігі, мәні және функциялары



бет5/6
Дата23.08.2017
өлшемі1,02 Mb.
#25732
1   2   3   4   5   6

4. Бағаның түсінігі, мәні және функциялары. Экономикалық әдебиеттерде баға түсінігі туралы тұрақты мәліметі берілмеген. Сол мәліметтің біріне сәйкес баға дегеніміз - тауардың ақшалай бағалануы және сол тауарды өндіруге кететін еңбек шығынын айтамыз. Дегенмен бұл анықтама тек қана еңбек өндірісінің әсерінен туындаған өнімге немесе тауарға тән.

Бағаның келесі анықтамасы нарықтық немесе рыноктың дәрежеде талқыланады.



Баға дегеніміз - алмастыру процестің барысында туындайтын бағалау құндылықтың сипаттамасы.

Нарықтық экономика заманында ауылшаруашылық өндірісін дамытудың ең басты қағидасы бұл баға жүйесі және бағаны тұрақтандыру болып табылады. Баға тұрақтандыру арқылы ауылшаруашылық өнімнің өндірістегі және тауар өндірушінің экономикалық мүмкіншілігін арттыруға болады. Тауар сатылуынан түскен табыс тек қана кеткен шығындарды ғана өтеуге, өндіріс орнын кеңейтуге жеткілікті болса, сол тауар өндіруші үшін ең қолайлы мүмкіндік береді.

Дегенмен, қазіргі уақытта ауылшаруашылық өнімнің көпшілігінің бағасы айтарлықтай жоғары емес, әсіресе мал шаруашылығы өнімнің бағасы өндіріске кеткен еңбек күші мен материалдық шығындарды қаптамайды.

Баға функциялары, оның экономикадағы орнымен сипатталады. Бағаның негізгі функциялары бірі - ол өлшемділігі, осыған орай тауардың бағасын белгілеуге болады.

Тауардың сапасы мен саны бойынша өлшегенде оны табиғи бірліктен ақшалайға өткізу мүмкіндігі бар. Содан соң біз есеп жүргізіп табыс және шығын мөлшерін, жалпы және тауарлық өнім санын, жалпы және таза табыс, өзіндік құнын, кіріс және т.б. экономикалық көрсеткіштерді есептеп анықтауға есептік функция мүмкіндік береді.

Баға сонымен қатар басқарушылық функцияны атқарады. Нарықтық экономикада бағаны тұрақтандырудың басты құралы ұсыныс пен сұраныс заңы болып табылады. Мұның себебі, тауарға сұраныс көп болса, баға жоғарлайды, ал ұсыныс аз болса, баға төмендейді.

Бағаның реттеушілік функциясы арқылы мемлекет түскен табысты халық шаруашылық салаларына, аудандарға, жинақтау және тұтыну қорына, халықтың әлеуметтік топтарына бөлінеді.

Бұл табыстар тауардың өзіндік құнына салық салым қосу арқылы шығарылады. Ол табыстар өз кезегінде жер, су, зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, халықты қамтамассыздандыру қорына бөлінеді.



Бағаны қанағаттандыру функциясы. Бұл функция белгілі жағдайларда тауардың сапа және сандық жағынан көтеруге, жаңа өндіріс технологияларына көшуге мүмкіндік береді.

Сонымен, баға нарықтық экономиканы және ондағы экономикалық процестерді басқаратын күрделі құрал болып табылады. Бағаны бағалау, сұраныс және ұсыныс заңдардың әсерінен туындағандықтан, оны объективті категориялар қатарына жатқызуға болады.


5. Ауылшаруашылығындағы бағалар жүйесі және оның түрлері. Халық шаруашылығында бағаның түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болып және бір жалпы жүйені құрайды. Ауылшаруашылық өнімнің бағасын белгілеуде өндірістік тауарлар (техника, тыңайтқыштар, мұнай өнімдері, ұлы химиялары және т.б.) және тасымалдау тарифы үлкен роль атқарады. Осы тауардың бағасының көтерілуі, ауылшаруашылық өнімнің бағасына да әсер етеді.

Сатылу және қызмет сферасына байланысты баға:

- көтерме;

- бөлшектеп;

- сатылымдық ;

- тарифтер болып бөлінеді.



Көтерме баға деп - сауда орталықтарында үлкен көлемде сатылатын тауарлар бағасын айтамыз. Әдетте, көтерме бағамен кәсіпорын мен өндіруші бір-біріне немесе сауда ұйымына сатады.

Бөлшек баға дегеніміз - кішігірім сауда орталықтарында тауарға қойылатын және сатылатын баға. Бұл тауарларды әдетте көбірек халық тұтынады, ал аз мөлшерде кәсіпорындар алады. Бөлшек баға көтермеге қарағанда біршама жоғары болып келеді.

Сатылымдық баға – бұл мемлекет ауылшаруашылық өнім өндірушінің тауарларын сатып алатын баға түрі.

Өндірістік және өндірістік емес қызмет түрлеріне қойылатын баға түрі тариф (бағалау) деп аталады.



Келісімдік (келісім шарттық) баға 2 жақтың келісімі бойынша белгіленеді. Өз кезегінде сатушы мен тұтынушы келісім шарт жасап, өздері бағасын анықтайды. Бұл келісім шартта баға абсолютті көлемі емес, ал ең жоғарғы немесе ең төмен көрсеткіші көрсетіледі. Инфляция немесе жаңа нормативтік актілер пайда болатын жағдайда келісім шарттағы баға өзгертілуі мүмкін.

Еркін (нарықтық) бағаны мемлекеттік ұйымның араласуына, өзгертуіне және бақылауына мүмкіндік болмайды. Бұл баға түрі сұраныс пен ұсынысқа және рынок коньюктурасына байланысты қалыптасады. Бағаның мемлекеттік тұрақтануынан еркін түрге өтуі - баға либерализациясы деп аталады.

Монополиялық баға нарықтық экономикада бәсекелері жоқ фирмалар мен ұйымдардан белгіленеді. Әдетте, монополистер сатып алатын тауар бағасын төмендетіп, ал өз өнімнің бағасын жоғарылатуға тырысады. Бұл шартқа жол бермеу мақсатында антимонопольды заңдылық ұйымы құрылған.

Бағаның әрекет ету уақытына қарай:



  1. Тұрақты (қатаң) келісім шарттың бөлім мерзімінде келісілген уақытта өзгермейді;

  2. Ағымдағы 1 келісім шарт ішінде ғана өзгеріп және нарықтағы жағдайларға әсер етеді.

  3. Маусымдық, белгілі уақыт аралығында өзгеріп тұратын болып бөлінеді.

Экономикалық талдауда көбінесе бір жылдағы бағаның 2 жылдағы бағамен салыстыру әдісі қолданылады.

Көп жағдайда бағаны қалыптастыратын рынок түріне қарай белгіленеді. Осы тұрғыдан баға биржалық, аукциондық, комиссиондық болып бөлінеді.

Бір тауар түрінің әр елде әр түрлі бағамен сатылуын әлемдік бағаны қалыптастырады. Ол әлемдік рынокта белгіленеді.

Қалыпты бағалар, баға қалыптасу механизміне мемлекеттің араласуынан туындайды. Қалыптастырудың тікелей және жанама әдістері бар. Тікелей қалыптарға: бағаны тұрақтандыру, шеткі баға, қосымшалар, өзгертілген бағаның шеткі коэффициенті, баға рентабельділігінің шеткі дәрежесі арқылы бақылап отырады.

Мақсатты бағалар ҚР басқармасымен белгіленеді. Ол өндірістік және ауылшаруашылық тауар бағасының арасындағы қатынасты реттеп отырады. Ол қатынас шығынның, салық және т.б. төлемдермен, ауылшаруашылық өндірістің жұмысшыларының табыстарын анықтаудан, өндіріс орнын кеңейтуден туындайды.

Кепілдік баға мен кепілдемелік ставкаларды анықтағанда мақсатты баға негізгі болып саналады.

Кепілдік бағалар ауылшаруашылық өнімнің бағасы орташадан төмен болған жағдайда және ауылшаруашылық өнімін мемлекетке сатқанда, тауар өндірушілер қолданады. Кепілдік баға тауар өндірушіге тұрақты және көлемді табыс негізі болып саналады. Ауылшаруашылық өнімнің түрлері, көлемі (квота), сатылу дәрежесі, кепілдік баға дәрежесін және оны қолдану тізімі ҚР басқармасы белгілейді. Кепілдік баға түрі нарық конъюктурадағы негізгі өнім (дән, жарма дақылдардың тұқымы, жүн, шикізатты қайта өңдеу өнімі) түрлерін және сатылым ресурстары мен тауар өндірушілерінің табысын тұрақтандыруда үлкен рөл атқарады.



Бақылау сұрақтары :

1.Өндіріс шығындары.

2.Өндірістің қоғамдық шығындары нені көрсетеді?

3.Жалпы, ауыспалы, тұрақты шығындарды түсіндіріңіз.

4.Өнімнің өзіндік құнына анықтама беріңіз.

5.Өзіндік құн қандай қызметтер атқарады .

6.Өзіндік құнның қандай түрлерін есептейді?

7.Өнім өндірісіндегі шығындарды жіктеу.

8. Өзіндік құнды төмендету факторлары.

9.Өзіндік құнның құрылымы дегеніміз не?

10.Өзіндік құнның құрылымына қандай факторлар әсер етеді?
8 тақырып. АӨК ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі.
Мақсаты: Өндірістің экономикалық тиімділігі мен рентабельдігі мағынасын қарастыру
Жоспары:

1.Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің мәні.

2.Ауыл шаруашылығындағы экономикалық тиімділіктің негізгі. көрсеткіштері.

3.Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін

жоғарылату жолдары.
1.Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің мәні.

Кез-келген қоғамның экономикалық прогрессінің негізінде қоғамдық тиімділігін арттыру жатады. Өндіріс тиімділігінің айырықша мазмұны, шаруашылықтың әрбір жүйесінде келесідей анықталады:

- өндірістің қоғамдық түрімен;

- өндірістің мақсатты бағыттылығымен;

- өндірістің осы жүйесіне тән факторлар мен нәтижелердің өзіне тән ерекшеліктерімен анықталады..

Тиімділіктің ең жоғарғы өлшемі болып қолда бар ресурстарды тиімді қолдана отырып, қоғамдық және жеке тұтынуды толық қанағаттандыру болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі – күрделі экономикалық категория. Бұл жерде қоғамдық өндірістің ең маңызды жақтарының бірі – нәтижелілік көрінеді. Соңғы нәтижені сипаттауда эффект және экономикалық тиімділік түсініктерін ажырата білу керек.

Тиімділік дегеніміз – бұл ауыл шаруашылығында өткізілетін қандай да іс-шаралардың нәтижесі.

Экономикалық тиімділік өнім өндірісі мен өткізудегі соңғы пайдалы эффектіні көрсетеді. Ауыл шаруашылығында бұл ең аз тірі және заттанған еңбекті жұмсай отырып, егіс алаңынан ең жоғары өнім санын алу.

Ауыл шаруашылығында жүзеге асырылатын қандай да іс шараларды бағалау сапасында, экономикалық тиімділік өлшемі саналады. Ауыл шаруашылығында тиімділік өлшемі болып,ең аз тірі және заттанған еңбек шығындарын жұмсау арқылы таза өнімді (жалпы табыс) ұлғайту. Бұл өз кезегінде, жер, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді қолдану есебінен орындалады.

Өндірістің нәтижелерін шығындармен өлшеу үшін экономикалық тиімділіктің келесі түрлері есептеледі:

- халық шаруашылығының тиімділігі;

- ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі;

- шаруашылықтардағы өндіріс тиімділігі;

- жеке салалар тиімділігі;

- ішкі шаруашылық бөлімдерінің тиімділігі;

- жеке дақылдар немесе өнімдер өндірісінің тиімділігі;

- іс- шаралардың тиімділігі.

Тиімділіктің осы барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады. Ауыл шаруашылығы бойынша толық соңғы экономикалық эффекті барлық ресурстарды тиімді қолдануға, үнемдеу мен сақтаудың жүйелі күресімен, өнімнің өзіндік құнын төмендету және еңбек өнімділігін арттыруға байланысты болады.
2.Ауыл шаруашылығындағы экономикалық тиімділіктің негізгі көрсеткіштері. Қазіргі замандағы ауыл шаруашылығын алдағы уақытта жеделдете дамытудың ең өзекті мәселерінің бірі алдағы уақытта саланың экономикалық тиімділігін арттыру болып табылады.

Ауыл наруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін сипаттауда табиғи және құндық көрсеткіштер жүйесі пайдаланады. Тиімділіктің табиғи көрсеткіштеріне ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы және мал шаруашылығының өнімділігі жатады. Табиғи көрсеткіштер жалпы және тауарлы өнімнің,жалпы және таза табыстың,өндірістің пайдалығы мен рентабельдігінің құндық көрсеткіштерін есептеу үшін негіз болып табылады.

Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері:

1) Табиғи көрсеткіштер:

- ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы;

- малдардың өнімділігі;

- 100 гектар пайдаланылатын жерге есептегендегі өндіріс өнімі.

2) Құндылық көрсеткіштері:

- жалпы табыс;

- таза табыс;

- пайда;

- рентабельділік.

Жалпы өнім дегеніміз – бұл белгілі бір кезеңдегі барлық жасалған ауыл шаруашылығы өнімдерінің ақшалай теңдеуі, ал тауарлық өнім дегеніміз – ол өткізілген өнім.

Жалпы табыс (ЖТ) - жалпы өнімнің құны (ЖӨ) мен оған жұмсалған материалдық шығындардың айырмасын білдіреді (МШ):


ЖТ=ЖӨ-МШ.
Таза табыс (ТТ) жалпы өнімнің құнынан өндіріс шығындарын немесе өзіндік құнды (СП) алып тастау жолымен есептеледі:
ТТ=ЖӨ-СП.
Таза табыстың өлшемін жалпы табыс құнынан еңбек ақы (ЕА) сомасын

алып тастап есептеп, анықтауға болады. Сонда таза табыс мынаған тең болады:


ТТ=ЖТ-От.

Экономикалық әдебиеттерде жасалған (ТТ) және өткізілген (ТТ) таза табыс түрлері болып бөлінеді. Таза табыстың өткізілген бөлігі кәсіпорын пайдасының өлшеміне жауап береді. Демек, егерде, таза табысты жалпы өнімді бөлу негізінде табатын болсақ, ал пайданы (П) өткізілген өнімнен түскен (Ттүс ) түсімнен оның толық өзіндік құнын (СП ) алып тастау арқылы есептеледі:


П= ТтүсП.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің жалпы нәтижесі – рентабельділік болып табылады. Рентабельділік деңгейі (Р) пайданың өнімнің толық өзіндік құнына пайыздық қатынасы арқылы есептеледі. Р=пайда/өзіндік құн

Бұл көрсеткіштер, ауыл шаруашылығы тиімділігін және оның жеке өнім түрлері салаларының да тиімділігін толық сипаттауда пайдаланылады.


3.Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін жоғарылату жолдары. Ауыл шаруашылығының тиімділігіне әсер ететін факторлар өте көп және олар әртүрлі болады. Олардың біреуі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының белгілі бір ұжымының іс әрекетіне байланысты болса, басқалары өндірісті ұйымдастыру мен технологиясына, өндірістік ресурстарды пайдаланумен, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін ендірумен байланысты болады.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі жолдарына мыналар жатады:

1. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығымын өсіру;

2. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру;

3. Ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігін арттыру;

4. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлығының өсуі;

5. Өнімді жиналғаннан кейінгі өңдеуде сақтаудың жаңа тәсілдерін енгізу;

6.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісінде материалдық-техникалық шығындарды төмендету;

7.Мамандануды тереңдету, ауыл шаруашылығы өндірісінің шоғырландыруды арттыру;

8. Өнімнің еңбек сыйымдылығын, материалдық сыйымдылығын және қор сыйымдылығын төмендету;

9.Өнім өндірісінде өнімділігі жоғары техниканы және прогрессивтік технологияны пайдалану;

10.Өсімдік шаруашылығында және мал шаруашылығында еңбексыйымды үрдістерде механизациялау деңгейін арттыру;

11.Жалпы өндірістік және жалпы шаруашылыққа жұмсалатын шығындарды қысқарту;

12.Еңбекті ұйымдастыруды және материалдық ынталандыруды жетілдіру;

13.Өнімді өткізудің нарықтық каналдары және баға жүйесі .

Бақылау сұрақтары:

1.Экономикалық прогресстің негізі неде?

2.Өндіріс тиімділігінің мазмұны немен анықталады?

3.Тиімділіктің жоғарғы өлшеміне не болады?

4.Соңғы нәтижені сипаттауда нені айыруымыз қажет?

5.Эффект және тиімділік дегеніміз не?

6.Экономикалық тиімділіктің қандай түрлері есептеледі?

7.Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері.

8.Жалпы және тауарлық өнімдер.

9.Таза кіріс және рентабельділік.


9 тақырып. Өсімдік шаруашылығы салалары және мал шаруашылығы салалары экономикасы.

Мақсаты:

Өсімдік шаруашылығы түрлі салаларының экономикасының ерекшеліктерін білу, мал шаруашылығы түрлі салаларының экономикасының ерекшеліктерін білу, ҚР өсімдік және мал шаруашылығының даму ерекшеліктерін және қазіргі жағдайларын білу.


Жоспары:

1. Өсімдік шаруашылығының халық шаруашылығындағы орны

2. Өсімдік шаруашылығының дамуындағы салалық құрылым және оның құрылымдық өзгерістері

3.Мал шаруашылығының халық шаруашылығындағы орны.

4.Республикадағы мал шаруашылығының жағдайы және даму ерекшеліктері
1. Өсімдік шаруашылығының халық шаруашылығындағы орны

Егін шаруашылығы жүйесі кәсіпорында өсімдік өсіруші салалардың: егін шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы және басқалардың жиынтығынан тұрады.

Өсімдік шаруашылығы жүйесі кәсіпорынның мамандандырылуына, жердің, қажетті техниканың бар болуына, қолданылатын технология мен өндірістің ұйымдастырылуына тәуелді.

Топырақ құнарлығын сақтау және арттыру тәсілдері жетілдірілді, әрі егіншілік жүйесі ауысымында көрініс тапты. Бұл ,ең алдымен, машиналар мен жарақтардың, технологияның, баптап-күтілген өсімдіктер дәрісінің жетілдірілуімен жөне ғылыми-техникалық процесс жетістіктерінің өндіріске енгізілуімен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта егіншілік жүйесі алқаптарды неғұрлым үдемелі пайдалануға бағытталған шаралардың үлкен кешенін қамтиды. Кешен құрамына мыналар кіреді:

1. Топырақ өңдеу жүйесі.

2. Ауыспалы eгic жүйесі.

3. Тыңайтқыштар жүйесі.

4. Тұқым шаруашылығы.

5. Арамшөптермен, зиянкестермен және ауыл шаруашылық дақылдары ауруларымен күрес жөніндегі шаралар жүйесі.

6. Топырақтың су және жел эррозиясымен күрес жөніндегі шаралар жүйесі.

7. Танап қорғаушы орман өсіру.



Егіншілік жүйесі белгілі бір табиғи және экономикалық жағдайларға қарай қолданылады. Казақстанның ұланғайыр аумағында біріңғай егіншілік жүйесін дамытуға болмайды, ол мүмкін емес. Әртүрлі топырақ, климат жағдайларында егіншілік жүйесінің құрамдас бөлігінің маңызы бірдей емес. Егіншілік элементтерінің әрқайсысының нақтылы мазмүны, өзінің жергілікті маңызы бар. Ауыл шаруашылық өңдірісін ұтымды ұйымдастыру міндеті осы элементтер арасында өзара дұрыс байланыстар орнату, бүкіл жүйе нәтижелерін шешуші түрде анықтайтын басты буынды табу керек.

Мысалы, құнарлылығы төмен топырақ жеткілікті ылғалдандырылған аудандарда, суармалы егіншіліктегі тәрізді, тыңайтқыштар жүйесі бірінші орынға шығарылады, ал солтүстік Қазақстанның астықты аудандарындағы басты мәселелер — эррозиямен күрес шаралары және топырақта ылғал сақтау, фосфорлықтыңайтқыштар енгізу, таза пар алқаптарын ұлғайту және басқалар.

Егіншілік жүйесіндегі ұйымдастыру шараларына: ауыл шаруашылық аумағын (территориясын) пайдалануды ұйымдастыру, оның ішінде — ауыспалы егісті қолдану жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ негізгі жұмыс үрдістерін баскаруды, жоспарлау мен бақылауды — еңбекті ұйымдастыру жатқызылады.

Ауыл шаруашылық аумағын ұйымдастыру жер алкаптарын неғұрлым мақсатқа сәйкес пайдалану жөніндегі шаралар жүйесін ауыл шаруашылық алқаптары құрамын анықтау мен орналастыруды; eгic алаңдары кұрылымын ; ауыспалы егістерді ұтымды енгізуді, көпжылдық жайылымдар жасауды және басқаларды қамтиды.

Ауыл шаруашылық аумақтарын ұйымдастыру жер алқаптарының өзгертілуі (өнімі аздау алқаптарды суландыру арқылы өнімді көбірек алқаптарға айналдыру, бұталарды алып тастап, жерді тегістеу, көпжылдық жайылымдар жасау) жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуын да, сондай-ақ қазір бар ауыл шаруашылық алқаптарын неғүрлым өнімді пайдалануды да жобалайды.

Егіс алаңдарының құрылымы деп жалпы егіс алаңындағы белгілі бір дақылдар егілген алаңдардың ара қатынасын, үлес салмағын түсінеді. Eгic аландары құрылымы аймақтың мамандандырылуына тәуелді.

Eгiс алаңдары құрылымы сондай-ақ, аймақ, облыс ішінде де ерекшеленеді. Eгic алаңдарының ұтымды құрылымының басты міндеті егістің жоғары өнімділігіне қол жеткізу, ауыл шаруашылық өнімін сату жөніндегі жоспардың орындалуын, шаруашылықтың ішкі қажеттіліктеріне жеткілікті мөлшерде өнім өндіруді және егіншіліктің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету.



Егістік өнімділігі шығымдылықпен, яғни алаң бірлігінен жиналған өніммен тығыз байланысты. Сондықтан, шаруашылықтардың табиғи-климат жағдайларына қарай егіс аландары құрылымында өнімі аздау дақылдарды неғұрлым өнімді дақылдармен ауыстыру жүріп жатады.

Егіс алаңдарының ұтымды құрылымын әзірлеу кезінде егістіктің ең жақсы аландарын ең бағалы, экономикалық жағынан тиімді дақылдарға бөлу қажет. Сол себепті егіс алаңдарының ұтымды құрылымы ұйымдастыру тұрғысынан қарағанда — ауыл шаруашылық өнімінің керекті мөлшерін өндіруді; агрономиялық тұрғыдан қарағанда — барлық дақылдарды ең жақсы алғы егістерден соң орналастыруды жөне озат агротехникалық шараларды қолдану мүмкіндігін; экономикалық түрғыдан карағанда — егістікті, негізгі өндіріс құралдарын, жұмыс күшін неғұрлым тиімді пайдалануды, еңбек пен материалдық-ақшалай қаржылардың ең аз жұмсалған кезінде бесекеге қабілетті өнімнің ең көп мөлшерін өндіруді қамтамасыз етеді.
2. Өсімдік шаруашылығының дамуындағы салалық құрылымы және оның құрылымдық өзгерістері. Eгic алаңдарының ұтымды құрылымының басты өлшемі еңбек пен қаржының ең аз жұмсалған жағдайында алаң бірлігінен ең көп өнім алу болып табылады. Eгic аландары құрылымымен тығыз байланыста әрбір өндірістік бөлімшелер бойынша ауыспалы егіс жобаланады. Шаруашылықта ауыспалы eгic жүйесін әзірлеу шаруашылықтың даму болашағын ескере отырып жүргізіледі.

Ауыспалы егіс егіншілік жүйесінің ең маңызды бөлігі болып табылады. Агрономиялық мағынада ауыспалы eric деп ауыл шаруашылық дақылдарын жоғары және тұрақты өнім алу мақсатымен уақыт пен кеңістікке ғылыми негізделген күйде алмастырып отыру, жердің құнарлығын сақтау және одан әрі арттыру ұғылады.

Ауыспалы егіс танаптық (дәнді дақылдар, картоп пен техникалық дақылдар өсіру), азықтық (шөп, жүгері және басқалар), арнаулы (көкөніс, темекі, күріш және басқалар) деп бөлінеді. Ауыспалы егісті қолдану ең алдымен шаруашылықтың мамандандырылуына және өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру жоспарына тәуелді.

Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру, олардың өсіп-өнуі және олардан жоғары өнім алынуы үшін оңтайлы жағдайлар жасауды ұйымдастыру керек.

Астық өндірісінде еңбекті ұйымдастыру технологиясы аймақтық жағдайларға, өсірілетін дақыл ерекшеліктеріне, өнімнің нендей мақсатпен өндірілуіне тәуелді. Дәнді дақылдардың өндіріс үрдісінде негізгі екі жұмыс кезеңін ерекшелейді:

1. Топырақ әзірлеу және егіс.

2. Астық жинау жөніндегі жұмыстар кешені.

Барлық еңбек шығындарының 60-70 пайызы екінші кезеңге келеді. Бұл кезендерді қарастырайық.



Топырақ әзірлеу және егіс. Топырақты әзірлеу мен дәнді дақылдар егісі толықтай дерлік механикаландырылған. Астық шығымы осы жұмыстардың сапалы және мезгілінде жүргізілуіне тәуелді. Жұмыстар кешенін жүзеге асыру үлкен энергия жұмсаумен байланысты, тек жер жыртудың өзіне егін шаруашылығына жұмсалатын шығындардың үштен бір бөлігі кетеді.

Топырақты негізгі және егіс алдындағы өңдеу аңызды қопсытуды, жер жыртуды немесе қайырмасыз өндеуді, егіс алдында тырмалау мен қайта қопсытуды қамтиды.

Астық жинау жөніндегі жұмыстар кешені. Бұл кешен астық өнімін жинауды, дән тасымалдауды, орақтан соң астық өңдеуді, сабан жинауды қамтиды.

Астық жинау астық комбайнымен тікелей ору арқылы да, бөлектеп жинау әдісімен де жүзеге асырылады. Астық жинаудың әдісін тандау аймақтық жағдайларға, жылдың климат ерекшеліктеріне және егіннің жағдайына тәуелді.

Астық өндірісінде мамандандырылған ірі шаруашылықтарда дәнді дақылдар жинау үшін астық жинау — көлік кешендерін құруды ұсынуға болады. Ондай кешендер мынандай бөлімдерден тұрады:

1. Танаптарды астық жинауға әзірлеу жөніндегі звено.

2. Комбайн — көлік звеносы.

3. Егіннің астықсыз бөлігін жинау жөніндегі звено.

4. Топырақты бастапқы өндеу жөніндегі звено.

5. Техникалық қызмет көрсету жөніндегі звено.

6. Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі звено.

Астық жинау — көлік кешені мен оның звеноларының мөлшері әрбір шаруашылықта өндірістің нақтылы жағдайларына қарай: астық жинау алаңына, дән тасымалдаудың ара қашыктығына, тракторлардың, комбайндардың, көлік құралдарының және басқа ауылшаруашылық техникасының бар болуымен байланысты анықталады.

Астық өндірісінде ең көп еңбек сіңіруді қажет ететін үрдістердің бірі орақтан соң астық өңдеу болып табылады. Мұны тиімді ұйымдастыру үшін тиімді технология мен техникалық құралдарды таңдап алу, астық өңдеуші кешендердің оңтайлы мөлшері мен аумақтық орналастырылуын айқындау, бүкіл конвейер жүйесінде олардың жұмысын ұйымдастыру секілді мәселелерді шешу талап етіледі. Жеміс, көкөніс, картоп шаруашылығында өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері. Бұл дақылдар шағын алаңдарда, негізінен жекеше кәсіпорындарда, шаруа қожалықтарында және ауыл түрғындарының мекен-жай жанындағы учаскелерінде өсіріледі.

Көкөніс шаруашылығы ауьл шаруашылығының күрделі саласы болып табылады, ол ашық, және жабулы топырақ, алаңын, көкөністі бастапқы өңдеуді, сақтауды, сондай-ақ тұқым және көшет өндірісін қамтиды.



Ашық топырақ алаңы немесе көкөністі дала жағдайларында өсіру өнімнің ең көп бөлігін береді.

Көкөніс дақылдарының ірі алаңдары және көкөніс өсірумен айналысатын шаруашылықтардың басым көпшілігі көкөніске аса қолайлы аудандарда топталған. Елімізде өнеркәсіптік көкөніс шаруашылығының төмендегідей өндірістік бейімділігі бар аймақтары қалыптасқан:

а) қала төңірегіндегі аймақтар;

б) өндеуші кәсіпорындарға шикізат беретін шағын аудандар;

в) өнеркәсіп орталықтарына өнім жеткізуге алыс аймақтар мен солтүстік аудандар;

г) жекелеген тауарлы дақылдар өсіруге ежелден мамандандырылған шаруашылықтар (аймақтар);

д) тұқым өсіруші шаруашылықтар.

Әрбір аймаққа мамандандырылуға сәйкес белгілі бір түрдегі кәсіпорындар қалыптасады. Ашық топырақ алаңында көкөніс өсіру көкөніс-сүт шаруашылықтары мен көкөніс,сүт, картоп шаруашылықтарында өте көп таралған. Көкөністің мол ассортиментін бастап өсіретін мамандандырылған кәсіпорындардың тұрпаты өзгеше.

Бұл негізінен шаруа қожалықтары және ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарына жақын орналасқан қосалқы шаруашылықтар, олар ашық топырақ алаңында да, жабулы топырақ алаңында да ең алдымен ерте көктемгі көкөністі өндіреді.

Көкөніс шаруашылығын неғұрлым ұтымды жүргізу оның мамандандырылуын одан әрі нығайтумен және арттырумен байланысты екенін айғақтайды. Бұл үрдістерді жеделдетуге шаруашылық аралық кооперациямен агроөнеркәсіп интеграциясы тұсында қол жетеді, бұлар кәсіпорындар мен ұйымдарға бірлескен күш-жігермен өнім өндіруді ұлғайту және оның сапасын жақсартуға, баптап өсіру кезіндегі шығындарды азайтуға, өнім өткізуге, көкөністі сақтау мен өңдеуге мүмкіндік береді.

Бұл үшін көкөніс өсіруші кәсіпорындар, агроөнеркөсіп бірлестіктері, шаруа қожалықтарының кооперативтері және басқалар құрылады. Шаруашылықта көкөніс пен көшет өндіру көлемін анықтау үшін негіз болып осы өнімдерге деген нарықта сұраныс қызмет етеді.

Көкөніс дақылдарын баптап өсіру әлсіз механикаландырылған, еңбекті ұйымдастыруды негіздеу кезінде мұны ескереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет