Excel электрондық кестесінің негізгі абзалдығы онда күшті формула және функциялар аппартының барлығы. Excel - де барлық мәліметтерды өңдеу сол аппарат көмегі арқылы жүзеге асырылады. Сіздер сандарды қосуыңыз, азайтуыңыз, бөлуіңіз, көбейтуіңіз, синусты, косинусты, лагорифмді, экспонентаны есептеулеріңіз мүмкін. Excel электрондық кестесі арифметикалық амалдарды, функциялармен біріктірілген сандар тізбегін немесе ұяшықтар адрестерінен тұратын арифметикалық өрнектерды формула ретінде қабылдайды. Формула – бұл Excel бағдарламасы орындайтын жазылған есептеулер. Сіз ұяшыққа өрнекті енгізген кезде бағдарлама оны есте сақтап қалады, бірақ ұяшықтың өзінде есептеу нәтижесі ғана көрініс табады. Формулаларды міндетті түрде “=” теңдік немесе “+” қосу белгісінен бастап жазу керек. 43. chatgpt
ChatGPT чат яғни жазба мәтін арқылы жұмыс істейді. Бағдарламаның негізі үлкен тіл моделдері (LLM) негізінде қызмет етеді. Бағдарламаның бірнеше нұсқасы белгілі. Бірақ халық арасында ең танымал нұсқасы 2022 жылғы қарашада GPT-3.5 ретінде таныстырылды. Алдағы уақытта ChatGPT 4.0 нұсқасы негізінде Microsoft 365 бадарламаларына кіріктірілген CoPilot жүйесі сынақтан өтуде.
Chat GPT – түрлі сұрақтарға жауап, кеңес беретін және күрделі тапсырмаларды орындай алатын чат-бот. ChatGPT жыл басынан бері ең көп талқыланған жобаға айналды. Адамдар онымен сөйлесіп, түрлі тапсырма беріп, тіпті диплом жұмысын жаздырып көрген. Бұл қандай чат-бот? Қандай мүмкіндіктері бар? Информбюро порталы түсіндіреді. ChatGPT деген не? ChatGPT – американдық коммерциялық емес OpenAl компаниясының 2022 жылдың қараша айында таныстырған нейрондық желісі. Ол арқылы жасанды интеллектпен хат жазысып, кез келген сұрақ қоюға немесе тапсырма беруге болады. "Бірінші GPT" 2019 жылы әзірленген еді. Ол жалған жаңалықтар жасауды білген. Бірақ көпшілік қолданысына шықпады, себебі, компанияның айтуынша, ол "тым кемшіліксіз болған". Дегенмен, сол жылы GPT-2 шықты. Үшінші GPT чат-боты 2020 жылы іске қосылды. 2022 жылы жарияланған ChatGPT чат-боты GPT-3.5 жүйесінде жұмыс істейді. Ал, толыққанды GPT-4 2023 жылы шығарылады деп жоспарланған. Бұл чат-бот көлемді деректермен (570 гигабайт мәтін) жұмыс істеп үйретілген және автотолтыру сияқты келесі сөздің қандай болатынын болжай алады, бірақ масштабы одан да үлкен. Чат-бот қолданушының нұсқауларын дәлірек орындауы және жауаптарды генерациялау үшін оған "Адамның кері байланысымен оқытуды күшейту" (RLHF) деңгейі қолданылған. Соның арқасында Chat GPT жауаптарының стилі тірі адамның жауаптарына өте ұқсас.