1. дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың Ғылыми теориялық негіздері 5



бет10/11
Дата15.02.2022
өлшемі491,63 Kb.
#131816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар

Әдістеме мақсаты: Он сөзді жаттау әдістемесі көмегімен естің негізгі амалдарын: есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды зертетуге болады.
Бұл әдістемені А.Р. Лурия ұсынған.
Жабдықталуы: мазмұны жағынан байланысы жоқ он сөзден тұратын сөз қатары.
Сөз қатарының үлгісі:
1. Нан, бала, терезе, бал, үй, мысық, орман, су, саңырауқұлақ, орындық.
2. Түтін, ұйқы, шар, мақта, бұта, сағат, мұз, түн, еден, қалам.
3. Су, лақ, қап, ожау, қағаз, күн, қыс, гүл, терезе, өшіргіш.
Зерттеудің жүргізілу жолы: Алдымен зерттеуші сыналушылардың зертетуге қаншлықты дайын екендіктерін, көңіл-күйлерінің шамасын байқайды. Зерттеу әр баламен жеке жүргізіледі. Сыналушылардың алдағы орындайтын жұмысы келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі:
“Мен қазір, сіздерге он сөз оқимын, мұқият тыңдаңыздар! Мен оқып болған соң, естеріңізде қалған сөздерді кез-келген ретпен қайталаңыздар”.
Зерттеуші сөздерді анық, жәй оқиды. Хататмада әр сөзді айтылғаннан кейін қайта жаңғырту ретін және ділдігін санмен немесе крестикпен белгілейді. Ал, кейде айтылатын сыналушының артық сөздері де хаттамаға тіркеліп отырады.
Сыналушы М.А. 1к. сынып.
Дамытушы экспериментке дейін 3 сөзді қайта жаңғыртып есте сақтаған, ал дамытатын эксперименттен кейін қайталап жаттаған сөздерінің саны 5-ті құрайды яғни, есте сақтауы жоғарылаған [9].
Сыналушы И.К. 2к. сынып.
Дамытатын экспериментке дейін қайта жаңғырған сөздердің саны 5-ке тең, ал дамытатын эксперименттен кейін қайталаған сөздерінің саны 7-ге тең, яғни есте сақтаудың жоғарылағандығын білдіреді.
Интеллектіні зерттеуге қатысты тесттер.
Мейлидің аналитикалық интеллект тесті.
(Меіlі Analytischer Intelligence Test, AIТ)-интеллект тесті. Интеллектуалдық даму деңгейін өлшеуге арналған. Бүл тесті 1928 жылы Р.Мейли жариялады.
Бүл тестті 11 жастан үлкендерге жүргізуге болады. Мейли интеллектік аналитикалық тесті өзінің зерттеу әдісіне алты топ субтест тапсырмаларын кіргізеді және әрқайсысында жеткілікті деңгейде танымал эксперименттік психологиялық әдістер базасы болып табылады.
1 субтест-жағдайлардың бірінен соң бірі сурет арқылы қойылуы. Зерттелінушілерге түсіндіреді, көрсетіліп түрған суреттерде қандайда бір жағдай берілгендігін. Тек қана бірінші сурет ғана өз орнына сәйкес. Нөмірлер арқылы суреттерді реттеу тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл, орындау уақыты 5 минут.
2 субтест- үстанылған заңдылық бойынша нөмерлердің жалғасуы. Орындау уақыты 5 минут, әр қатардағы дұрыс жауапқа 1 балл. Кейде дұрыс жауабын біліп тұрып, қате жіберсе онда дұрыс, бірақ, зейіннің активті еместігімен 1\2 балл беріледі.
3 субтест-берілген үш сөзден сөйлем құру. Әрбір сөзге 2 минут беріледі. Зерттелуші мүмкіндігінше көбірек сөйлем құру тиіс. Сөйлемнің мазмүнына мэн берілу тиіс. Осыған сәйкес бағалаудың үш түрі бар: сөйлемнің дұрыс құрылмағандығы және мазмұны жоқ-1 балл, қарапайым сөйлем-2 балл, ерекше сөйлем-3 балл.
4 субтест-суреттерді толықтыру. Берілген бейнелердің эрқайсысың бөлімінде фрагменттер жоқ. Зерттелушінің міндеті әрбір бейнеде не жоқ саны көрсету. Орындалу уақыты-5 минут, әрбір дұрыс жауапқа-1 балл.
5 субтест-бөліктерден фигура қүрастыру. Үлгі беріледі, онда фигуралар қүрайтын бірнеше элементтері бар, содан соң осы элементтерден қүралған фигураны көрсетеді. Тапсырманы түсіндіріп болған соң фигураларды құрауға әртүрлі элементтер беріледі, одан көп фигуралар құралу тиіс (38 сур.). Тапсырмаға 5 минут уақыт беріледі. Бағалауда алғашқы үш фигураларды есепке алады. Бағалауда фигуралардың санына және ерекшеліктеріне байланысты 1-3 баллға дейін болады.
6 субтест-геометриялық аналог. Зерттелушіге геометриялық фигуралардың бірнешесі беріледі, ал ол фигуралар біріншісі, екіншісімен сияқты бір-бірімен байланысты болып келеді. Зерттелушінің тапсырмасы-осы фигуралардың өзара байланысына қарай төртінші фигураны салу тиіс.
Өңдеу процестерінде зерттелудің нэтижесінде алғашқы балдың санын есептейді. Орташа арифметикалық алғашқы балдардың көлемі таблицаға аударылып пайыздалады. Афтордың пікірінше 35-тен 65-ке дейінгі баға нормалды болып табылады, жалпы қабілеттердің орташа деңгей, ал 80-нен жоғары болса жоғары деңгейге жатады [15].
График бойынша субтестердің жеке-жеке нэтижесін және интеллектінің пішін қырын қүра аламыз. Пішін қырларының бес түрі ерекшеленеді. Олар: формальді-логикалық, дәл бейнелі, аналитикалық, шығармашылық, интеллектің дамуы. Бұлар интеллектке мінездеме береді. Осындай жай ғана интерпретациялар асиметриялық пішін қырларына отчет бергенде ғана пайдалануы мүмкін. Егер мәселе тенденция болса, онда бір ғана субтесттің интерпретациясына назар аударамыз, ал жалпы интерпретациядан көрінбейді.
Р.Мейли теориясын үсына отырып интеллекттің барлық факторларын былай көрсетеді.
- қиыншылықпен сәйкестенуі
- бірсарынды
- толық
- шапшаң (тез).
Ол осы факторлар арқылы ойлау процесінің аспектілерін көрсетеді. Осы факторлар әрбір адамдардың бойында кездеседі, бірақ белгілі орындарда көрінеді. Бұл факторлардың жинағы интеллектіні құрайды. Р.Мейлидің факторлық анализін нәтижесінен көрсетуінде осы төрт фактор қайталанады. 6 субтестің ішінен үшеуі нақты байланысы мен тәуелділік қабілетін анықтап орналастырған (1,3,4)- 2 және 6 субтесттер абстрактылы мінездемеге сәйкес, ал тэуелділігін әрқашан тікелей анықтап ала бермейміз. Бұл жерде абстрактылы ой келуі мүмкін. 5-ші субтест ерекше орын алады, көңіл ұластыруға негіздеуді талап етеді. Мейлидің ұсынуынша, мұнда қиын факторлы тапсырмаларда және бірсарынды интелекттерде 1 және 2 субтесттің алатын орны ерекше. Бұл екі қиыстыру субтесті толық және шапшаң факторларға кіреді, ал 4 және 6 субтестер қиын комплексті характерге жасалынады [19].
Интеллектуалдық қабілетті зерттеуге арналған Айзенк тестілері.
Интеллектуалдық қабілеттілікті зерттеуге арналған Айзенк тесті сегіз субтестерден тұрады. Олардың бесеуі адамның жалпы интеллектуалдық даму деңгейін бағалауға арналған: лингвистикалық, математикалық, техникалық, дизайн, көркем-бейнелі және көрнекі-логикалық ойлау көрсеткіштерін бағалау үшін, ал үшеуі-арнайы қабілеттерінің даму сатысын зерттеуге арналған. Субтестердің әрқайсысы жеке-дара орындалады, немесе барлық тапсырмаларды орындау фрагментарлық түрде жүргізіледі. Бұл кітапта вербалдық және математикалық субтестері берілген.
Лингвистикалық қабілетті анықтауға арналған Айзенктің сөздік (вербалдық) субтесті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет