7. Педагогикалық сауалнама әдісін құрастыру Сауалнама жүргізу – материал жинауда көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып, зерттелген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алады. Сауалнама әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады. Әңгімелесу мен сұхбат бетпе-бет ұйымдастырылса, сауалнама сырттай берілген сұрақтарға жазбаша жауап алатындықтан оларды матетматикалық әдіспен талдап қорытынды шығаруға болады.
Сырттай сауалнама алу тілшілермен байланыстар арқылы сырттай ұйымдастырылады. Нұсқаулары бар сауалнама поштамен жіберіледі, сонда сауалнама осы тәсілмен зерттеуші ұйымдардың мекенжайына қайтып келеді. Баспа сөз арқылы сауалнама алу – газетте орналасқан сауалнама арқылы іске асады. Редакция оқырмандар толтырылған сауалнама алған соң ғылыми немесе практикалық мақсаттарымен сәйкес алынған мәліметтермен жұмыс жасайды.
Сауалнама жүргізетін кезде міндетті ескерілетін жайттар.
- Сауалнама жүргізілетін адамның жас ерекшелігі;
- Қызметі;
- Әлеуметтік жағдайы;
- Сауалнама түсінікті тілде болуы.
Тағы ең бастысы сауалнама уақыты далада 3 мин, үйде сыйақысыз 5мин, үйде сыйақымен 15мин-тан аспауы қажет.
мысал: Энергетикалық ресурстардың сарқылуы күн санап өсіп келе жатқан проблема, сондықтан жаңартылатын энергия туралы хабардар болу қажет. Жаңа зерттеулерге сәйкес, қазба отындары Құрама Штаттардағы энергия тұтынудың шамамен 80% құрайды. Жасыл электр энергиясын пайдалану жыл сайын артып келе жатса да, белгілі бір параметрлер бар, олар тұрғындарды әлі де жасыл электр энергиясына басымдық бермейді. Неліктен екенін түсіну үшін сауалнама жүргізіп, қарапайым тұрғындардың жасыл электр энергиясы және олардың жаңартылатын энергияға көшу шешіміне әсер ететін факторлар туралы пікірлерін жинауға болады. Мұндай сауалнама институттарға немесе басқару органдарына жасыл энергияны пайдалануды ынталандыру үшін тиісті хабардарлық пен ынталандыру жүйелерін дамытуға көмектесе алады.
Мұғалімге арналған сауалнама Әлеуметтік желі» (Google Формы арқылы)
Сауалнамаға жауап беруші жөнінде қысқаша мәліметтер: Жасы
oи 30 жастан төмен
o 31 жастан 45 жасқа дейін
o 45 жастан жоғары
Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________
Қай жерде орналасқан білім беру ұйымында жұмыс істейсіз?
o Қалалық
o Ауылдық
1. Сіздің жеке пайдалануыңызда мобильді құрылғы бар ма (смартфон, планшет)?
o Иә
o Жоқ
2. Сізде компьютерден Интернетке белсенді шығуыңызға мүмкіндік бар ма?
o Иә
o Жоқ
3. Сізде мобильді құрылғыдан Интернетке шығуыңызға мүмкіндік бар ма?
o Иә
o Жоқ
4. Сіздің мобильді құрылғыңызда қандай платформа (операциялық жүйе) орнатылған?
o Android
o Windows Phone
o iOS
o Symbian