18. Зерттеу проблемасын таңдау және оны негіздеу әдістемесі
Зерттеу мәселесін таңдау және негіздеу: кез келген зерттеудің нәтижелі аяқталуы, проблеманы дұрыс таңдап, оған негіздеме жасай білуге байланысты. Көптеген зерттеу жұмыстарында зерттеу проблемасы дұрыс анықталмағандықтан, зерттеуде тек жаңа фактіні айтып көрсету орын алады да, ғылымға ешқандай жаңалық қосылмайды. Өкінішке орай, сондай жұмыстар көп кездеседі. Зерттеудегі қойылған проблеманың шешілуі, ғылымға жаңалық қосып, оны жетілдіреді.
Зерттеу жұмыстары теориялық және практикалық болып екіге бөлінеді, екеуінің де өзіндік мәні бар. Кейбір теориялардың жүзеге асуына белгілі бір уақыт, жағдай керек. Сонымен қатар, педагогикадағы кейбір теориялардың практика жүзінде толықтай іске аспайтындары да болады.
Зерттеу проблемасын таңдау және оны негіздеу өте күрделі мәселе. Дж.Бернал стратегиялық бағыттағы теорияны анықтау, оны іске асырудан күрделі дейді.
Проблеманы таңдау: оқу-тәрбие жұмысына қажеттілігіне, адам тәрбиелеудегі қоғамның перспективалық талабына, педагогика ғылымының жалпы және жеке салаларының дамуына және зерттелмеген тың мәселелерді ескеруге байланысты.
Ғылым саласында және жеке зерттеулерде де, келешек пен сабақтастық заңдылықтары сақталуы тиіс.
Проблеманы анықтау - зерттеу логикасын іске асырады. Зерттелетін проблема нәтижелі болу үшін педагогикада және онымен шектес ғылым салаларында зерттелейін деген мәселе белгілі деңгейде зерттелген болуы тиіс.Практика мен өмірдің қажеттілігін, бұрынғы зерттеушілердің зерттеулерін талдау, нақты зерттеу мақсатын қою, проблеманы анықтауға көмектеседі. Проблеманың құндылығын практика анықтайды. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық проблеманы анықтай білудің мәні орасан зор.
19.Библиографиялық картаны құрастырудың әдістемесі
20. Ғылыми мақала жазудың әдістемесі
Кез келген ғылыми жарияланымда бұған дейін ешкім байқамаған бірегей сонылық нышаны болу керек, мейлі ол кішкене ғана, кезең аралық жетістік болсын, бірақ ол міндетті түрде зерттеушінің дара өзі немесе бір топ ғалымдар тапқан жаңа сипатта көрінуі қажет.
Жиі басылатын жарияланымдар арасынан ғылыми мақаланы атауға болады. Бұл шағын ғана, көлемі 5-8 бет машинкамен басылған кезең аралық нәтиже туралы хабарлама. Мақалада міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер болуы керек, себебі ол арқылы бұған дейін не болғанын және автор қандай жаңалық енгізгенін көрсетеді.
Мақала жазудың айтарлықтай қатаң тәртібі жоқ. Әркім өз түсінігінше, мүмкіндігінше жазады. Дегенмен, мақала баянадауының қалыпты бір рет – тәртібі бар екенін есте ұстап, жадыда сақтаған жөн.
Мақаланың аты жарияланым мазмұнын анық көрсетуі керек. Он сөзден артық ұзын ат беруге болмайды. Себебі мұндай ұзақ сөйлемді оқырман қабылдамайды, тым қысқа, да ат қоюға болмайды, себебі онда мазмұн айқындалмай қалады. Мақала әдетте алынған нәтижелерді қай салада қолдануға болатынын бірден ашып хабарлайды.
Келесі кезеңде мәселенің қазіргі жағдайын ашады. Қазір мәселе шешудегі бар тәсілдері немесе құрылғылар туралы ақпарат беріледі, қайсысы теорияда бар немесе жүзеге асты соны ажырата отыру керек. Шешімдерді баяндаған соң, қойылған міндеттерді шешуде олардың жағымды қасиеттері туралы шолу беріліп, осы шешімдерді кейбір жағдайда пайдалануға жол бермейтін кемшіліктерге сынды талдау жүргізіледі.
Мақалада міндет қойылады. Қолдағы бар құралдары мен туындаған мәселені шешу қиын немесе мүмкіндігі жоқ немесе көп қаржы шығыны кезедсетіні және т.б. айқындалады.
Ұсынылып отырған жаңа шешімге түсіндірме беріледі, оның қолданбалылығы мен өміршеңділігі дәлелденеді.
Егер жаңа құрылғы ұсынылып отырса, оның негізгі бөлшнктері мен қызметтері сипатталады. Егер жаңа технология ұсынылса, оның негізгі кезеңдері қызметтері мен олардың бірізділігі беріледі. Егер қажеті бар болса, негізгі формулалар мен есептемелер клтіріледі.
Мақалада негізгі қорытындылар баяндалады.: негізгі ғылыми жетістік туралы, ұсынылған жаңа идеяның жағымды тиімділігі, оны пайдаланудың негізгі саласы, оның болашақтағы берер пайдасы және келесі зерттеулердің жүргізілетін бағыттары. Ең соңында пайдаланылған әдебиеттің тізімі басылады.
Достарыңызбен бөлісу: |