1-деңгей – теориялық Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі


Ата-аналарға, оқушыларға арналған анкета құрастыру әдістемесі



бет20/46
Дата25.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#182322
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
Байланысты:
Наук сессия жауап (1)

16. Ата-аналарға, оқушыларға арналған анкета құрастыру әдістемесі
Анкета – зерттеушінің жауапшымен (респондент) анкета арқылы контактыға негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуіндегі әлеуметтік өлшеуіштің бірден-бір кеңінен тараған тәсілі. Анкетаны жасаудың, онымен жұмыс жүргізудің өзіндік ерекше әдістемелік тәсілдері мен сипаты бар. Кез-келген анкетаның үш құрамдас бөлігі: кіріспе, мазмұндық (негізгі бөлім) және қорытынды (төлқұжат) бөлімдері болады.
Кіріспеде зерттеуді кімнің жүргізетіндігі, оның мақсаты мен міндеті, анкетаны толтыру тәсілі, оны толтырудың жасырын екендігі көрсетіледі. Анкетаны қалай толтыру керектігі жайлы нұсқау кіріспенің соңында беріледі.
Анкетаның негізгі бөлімін толтыруға айрықша назар аударылады, өйткені жүргізілетін зерттеудің табысқа жетуі осыған байланысты.
Анкетаның мазмұны (ұсынылатын сұрақтардың сипаты мен түрі, оларды орналастыру тәртібі, алынатын жауаптар) зерттеліп отырған объект жайлы неғұрлым нақтылы мағлұматтар алуға ұмтылу арқылы айқындалады. Бұл үшін анкетаның мазмұндық бөліміндегі сұрақтар жүйесін әбден саралап барып түзген жөн. Сұрақтар түзу анкета жасаудың ең күрделі кезеңі: оның алдында зерттеудің негізгі ұғымдарын эмпириялық тұрғыдан анықтау, әрқайсысына анкета сұрақтарының бір, не бірнешеуі сәйкес келетін эмпириялық индикаторларды іріктеп алу процедурасы өтеді. Заттық мазмұнына қарай сұрақтарды мынандай категорияларға бөлуге болады:
- деректер жайлы сұрақтар - әлеуметтік құбылыстар, өндірістегі хал-ахуал, қоршаған орта жайлы, сұралушының жеке басына қатысты мағлұматтар алу;
- білімі туралы сұрақтар – сұралушының белгілі бір сала бойынша білімінің деңгейін анықтау мақсатындағы емтихан типтес сұрақтар болып келеді;
- пікір жайлы сұрақтар - сұралушының деректерді қабылдауы, болашақ туралы тілектері, жоспарлары жайлы болып, өзінің жеке басының кез-келген проблемасын қозғауы мүмкін;
- себеп жайлы сұрақтар – адамның өзінің іс-әрекеттері жайлы субъективтік түсініктерін анықтайды;
- логикалық сұрақтар – негізгі сұраққа жауап арқылы зерттеліп отырған құбылыс жайлы негізгі түйін жасалады;
Анкета жасалған соң тексеріледі, сынақтан өткізіліп, кейбір өзгерістер енгізіледі. Анкетаның сапасын анықтау үшін пилотаждық зерттеу жүргізіледі. Оның барысында анкетаның мазмұны, сұрақтардың қойылуы мен кезектілігі, жауап нұсқалары т.б. тексеріледі.
Анкеталық сұрау салу социологиялық зерттеулердің алғашқы мағлұматтар жинау сатысында аса маңызды әдіс болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет