Зерттеу тақырыбы - зерттеу мәселесінің аспектілерінің анық, қысқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек.
Зерттеу объектісі – іздену аймағы. Мұндай объектілерге педагогикалық жүйе, құбылыс, процесс, (тәрбиелеу, білім беру, жаму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады.
Зерттеу пәні – объектінің ішін ізденудегі аспектісі, зерттеліп отырған құбылыстың таралу процесі, элемент, байланыс, қатынастардың жиынтығы.
Зерттеудің өзектілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру.
Зерттеудің мақсаты – зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.
Зерттеу міндеттері – зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру.
Зерттеу болжамы – педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын-ала болжау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көре алатындай болуы керек. Ғылыми жұмыстың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет. Егер дұрыс құрылмаған жағдайда дұрыс ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды.
9. Педагогикалық диагностика
Педагогикалық диагностика – педагогикалық әрекетінің әлсіз және күшті жағын, қиындығын, оған баға беруге негіз болатын педагогтің кәсіби шеберлігін зерттеу әдістері мен амалдарының жүйесі. Педагогикалық диагностика - педагогтың жеке тұлғасын зерттеу нәтижесін талдау процесі және оның әрекетінің және қарым-қатынасын оңтайландыратын нұсқаулар береді.
10. Психологиялық диагностика
Психологиялық диагностика – баланың жеке тұлғасының дара ерекшелігін зерттеугде оқыту мен даму проблемаларының пайда болу себептерін, мүмкіндіктерін анықтау.
11. Педагогикалық диагностиканың аспектілері
Педагогикалық диагностика – педагогикалық әрекетінің әлсіз және күшті жағын, қиындығын, оған баға беруге негіз болатын педагогтің кәсіби шеберлігін зерттеу әдістері мен амалдарының жүйесі.
- зерттеу;
- мәліметтер жинау;
- салыстыру;
- түсіндіру;
- талдау,
- болжау;
- балаларға диагностикалық әс-әрекет нәтижелерін хабарлау.
Достарыңызбен бөлісу: |